kazakhsha russian

1 Желтоқсан – Тұңғыш президент күні

Мақсаты:

Жас ұрпаққа президентіміздің сан қырлы талант иесі, құдіретті тұлға екенің таныту. Елін сүйген, елі сүйген Елбасынан үлгі алуға тәрбиелеу.

Көрнектіліктер:

Елбасы суреті.

Тәрбиеші: Балалар, қараңдаршы, біздің сабағымызға қонақтар келіп отыр.

Кәне балалар, қонақтармен амандасайық.

Балалар:

Саламатсыздар ма!

Тәрбиеші:

Жарайсыңдар, балалар! Кәне енді бәріміз шеңберге тұрайық.

Шаттық шеңбері:

Әнұран орындалады.

Тәрбиеші:

Жарайсыңдар балалар!

Балалар бүгін біз сабағымызда Еліміздің тұңғыш президенті жайында айтамыз. Тақтаға қараңдаршы, мына суретте кім бейнеленген?

Балалар:

Нұрсұлтан Назарбаев!

Тәрбиеші:

Дұрыс, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Ал, балалар ол кім екенін білесіңдер ме?

Балалар:

Ол біздің президентіміз!

Тұңғыш президент күні, Елбасы күні ашық сабақ, тәрбие сағаты президент күні

Тәрбиеші:

Дұрыс, балалар! Ол Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті.

Балалар, сендердің  мамаларың, папаларың жұмыс істегендей, Нұрсұлтан Назарбаевтың жұмысы президент болу. Біздің президентің жұмыс орны қайда, кім біледі?

Балалар:

Астанада!

Тәрбиеші:

Дұрыс! Астанада Ақордада. Балалар Астанада тағыда не бар?

Балалар:

Астанада Бәйтерек бар!

Тәрбиеші:

Дұрыс! Бәйтерек бар, ол біздің елдің символы. Ал, балалар, сендер біздің елдің рәміздерін білесіңдер ме?

Балалар:

Иә, білеміз. Олар: ту, әнұран және елтаңба.

Тәрбиеші:

Жарайсыңдар, балалар! Балалар «Туды құрастыр» ойынын ойнайық.

Мен сендерге геометриялық пішіндерді беремін, сендер бұл пішіндерден туды

 құрастыруларың керек. Кім бірінші болып құрастырады екен?

Жарайсыңдар, балалар! Балалар, біздің туымызға қараңдаршы, не белгіленген?

Балалар:

Күн, бүркіт, ою.

Тәрбиеші:

Дұрыс! Ал бұл суреттер не білдіреді, білесіңдер ме? Балалар біздің туымыздың түсі қандай?

Балалар:

Көк!

Тәрбиеші:

Дұрыс! Ол аспанымыз ашық болсын дегенді білдіреді. Күннің бейнесін

 қараңдаршы – күннің сәулелері біздің еліміздегі ұлттар саны. Біздің елімізде жүз отыз ұлт бар екен. Осы күн – 100 ді білдіреді, ал сәулелері отыз екен.

Қыранның бейнесі – еліміз әрқашан биікте самғасын, биіктен көрінсін  деген. Және туымыздың жанында оюлар бар. Бұл оюлар тудың қазақ елінің туы екенін білдіреді.

Енді балалар Елтаңбамызға қараңдар. Елтаңбаның ортасында не тұр?

Балалар:

Шаңырақ!

Тәрбиеші:

Дұрыс! Балалар шаңырақ біздің елтаңбамыздың жүрегі. Шаңырақ-үйдің,

 отбасының бейнесін білдіреді. Тағы да не бар?

Балалар:

Ат бар!

Тәрбиеші:

Дұрыс, қанатты ат бар. Атты біздің ата-әжелеріміз ер-азаматтың қанаты деген. Төбесінде жұлдыз бар. Ол – біздің еліміз әрқашанда биіктен көрінсін деген ойды білдіреді. Ал астындағы «Қазақстан» деген жазу Елтаңбаның біздің елдікі екенін білдіреді.

Шаршадыңдар ма балалар?

Балалар:

Иә, шаршадық!

Тәрбиеші:

Кәне келіңдер сергіту сәтіне.

 

Біз бақытты баламыз,

Шырқап әнге саламыз.

Туыспыз біз бәріміз,

Бір Отанды сүйеміз

 

Қорытынды:

Балалар біз бүгін сабақта кім туралы айттық?

Балалар:

Нұрсұлтан Назарбаев туралы.

Тәрбиеші:

Ол кім?

Балалар:

Ол біздің елдің тұңғыш президенті.

Тәрбиеші:

Дұрыс! Біздің еліміз қалай аталады?

Балалар:

Қазақстан!

Тәрбиеші:

Дұрыс! Маған біздің елдің рәміздерін атап беріңдерші. Олар нені

білдіреді?

Жарайсыңдар, балалар! Осымен сабағымыз аяқталды. Орнымыздан

 тұрып, келген қонақтарды шығарып салайық.

Коронавирус белгілері қандай болады >>> 

Пікірлер13
  1. Мадина

    Саламатсыздар ма! Мен балабакшада жумыс жасаймын. Сиздердин саиттарыныздагы корнекиликтерди корип куанып кеттим, оиткени олар оте адеми, магынасымен нагыз балаларга корсететин корнекиликтер екен.

  2. Нұржамал

    керемет сайт екен маған қатты ұнады. бізге үлкен көмек болды рахмет

  3. Гулзира

    Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ұлы тұлға . Еліміздің көркейіп , дамуына көп еңбек етіп , ел тарихында өшпес із қалдырары анық.

  4. Тогжан

    Оте керемет маган унады жумыстарыныз табысты болсын.

  5. Тогжан

    Рахмет оте керемет маган унады осындай енбектеримиз кобейе берсин

  6. Саябаева гулжанар Мендебаевна

    Өте керемет сайт!!! тәрбиешілерге көп жұмыстар салаңыздар.

  7. Дариға

    Өте керемет жазылған. Осылай жиі жариялап тұрсаңыз екен. Рақмет.

  8. Шырын

    Жақсы сайт.Керегіңді табуға болады.Маған ұнады.Жұмыстарыңыз жемісті болсын!

  9. айжан

    керемет маған ұнады

  10. Айдана

    Өте керемет

  11. Айзада

    оте керемеет сайт)) жогары денгейде

  12. aisulu1963

    Керемет жасалған жұмыстар!!! Өте қуаныштымын!!!

  13. Ainur

    Тамаша, сайттарыңыз керемет екен. Маған ұнады. Тағыда осындай тәрбиешілерге керек жұмыстар көп сала берсеңіздер екен деймін.

Добавить комментарий

ErKeTai.KZ