Бастауыш сыныпқа арналған логикалық тапсырмалар

Математика
Пәні бойынша бастауыш сынып оқушылары үшін логикалық ойлауға арналған тапсырмалар (2, 3, 4 сыныптар) 2-сынып

№ 1 тапсырма
1. Мұзайдында 6 бала сырғанап жүрді. Олардың екеуі түскі тамақ ішуге кетті, ал түстен кейін олар мұзайдынға қайтып оралды. Мұзайдында қанша бала сырғанап жүр?
2. Отбасында төрт бала бар: қыздар қанша болса, ұлдар да сонша.Отбасында қыздар қанша, ұлдар қанша?
3. Әсет Сәбитпен шахмат ойнап 2 рет жеңді, ал Сәбит Әсетті 3 рет жеңді. Тағы бір ойында олар тепе-тең түсті. Балалар неше рет шахмат ойнаған?4. Арман тақта шоколадты екіге бөлді, содан соң оның бөлінген бір бөлігін тағы да екіге бөлді. Сонда Әсет шоколадты неше бөлікке бөлген?
5. Әрбір екі қорапшада 10 конфеттен салынған. Мәдина бірінші қораптан бірнеше конфет алып жеді. Мұны көрген Дариға екінші қораптан бірінші қорапта қанша қалса,сонша конфетті жеп қойды. Енді екі қораптағы барлық қалған конфеттердің саны қанша болмақ?
6. Мына сандар қандай тәртіппен орналасқан?
1 2 3 4 5 6 7 8 9 9 8 7 6 5 4 3 2 1
7. 4 литрлік және 6 литрлік ыдыстармен 2 литр суды краннан қалай ағызып алуға болады?
8. Екінші сынып оқушылары екі-екіден жұптасып тұрды. Сәкен мен Дәурен жетінші жұп болды. Олар алдынан санағанда жетінші болды, ал артынан санағанда төртінші болды. Сыныпта қанша оқушы бар?

9. Велосипед дөңгелегінде 8 шабақ бар. Барлық шабақтардың арасында неше аралық болады?
10. Отбасында 2 бала бар. Мәрлен Ардақтың ағасы, ал Ардақ Мәрленге аға емес. Сонда Сұңғат кім?
logikalik-tapsirmalar
№ 2 тапсырма
Өрнектің мәнін тап.
1. Бір таңбалы сандар нешеу? Екі таңбалылар ше?
2. 10, 11, 238, 5051, 7002 сандарының қосындысын тап.
3. Қосындысы 9-ға тең болатын барлық есептерді жаз.
4. Алғашқы он натурал санды жаз және олардың ішінен барлық жұп сандарды ата.
5. Ең кіші бір таңбалы сан мен ең үлкен бір таңбалы санды ата.
6. Ең кіші төрт таңбалы саннан бірлікті алғанда үш таңбалы сан шығуы керек. Ол қандай сан?
7. Қандай екі таңбалы санға бірлікті қосқанда үш таңбалы сан шығады?
8. Алдында сан болмайтын натурал санды жаз.
9. Мына өрнектерді жаз және айырмашылықтарын салыстыр: 88–36, 88–31, 88–35.
10. Орындарын ауыстырса да өзгермейтін бірнеше сандар жаз.

№ 3 тапсырма
Өрнекті жаз және есептеп шығар.

1. 30 бен 13-тің айырмасынан 8-ді азайт.
2. 7 мен 6-ның қосындысына 9-ды қос.
3. 8 бен 4-тің қосындысы 11 мен 6-ның айырмасынан қаншаға көп?
4. 33-ке 16 мен 9-дың айырмасын қос.
5. 16 мен 8-дің айырмасын 7-ге арттыр.
6. 21 мен 29-дың қосындысын 22 мен 12-нің айырмасынан кеміт.

3-сынып

№ 1 тапсырма
1. Әнуар Сабырдан 5 жас үлкен және Даниярдан 2 жас үлкен. Сабыр үлкен бе, Данияр үлкен бе? Және неше жасқа үлкен?
2. Әкесі, шешесі, ұлы үшеуінің жастарын қосқанда 70 жас. Ал төрт жылдан кейін үшеуінің жастары нешеге жетеді?
3. Сыныптағы 25 оқушының 17-сі ағылшын тілін, кейбіреуі француз тілін де үйреніп жүр, ал 15 оқушы француз тілін үйреніп жүр. Екі тілді де үйренушілер саны қанша?
4. Ағашта 3 ұзақ пен 2 қарға отырды. Екі құс ұшып кетті. Неше және қандай құстар ағашта қалуы мүмкін?
5. Жол бойына үйеңкі мен жөке ағаштары отырғызылды. Әрбір екі үйеңкінің ортасына екі жөке ағаштары отырғызылған. Егер үйеңкі 20 болса, жөке ағашы нешеу?
6. Екі залда 50 орындық бар. Бір залдан 10 орындықты алып кеткенде, екі залдағы орындықтар саны бірдей болды. Әуелде әр залда неше орындықтан болғанын тап.
7. 18 вафлиді тарелкелерге былай салған: біріншісіне – 4, екіншісіне – 5, үшіншісіне – 2, ал төртіншісіне – 7. Осы тарелкелерді екі үстелге қойғанда, бір үстелде екінші үстелден екі есе көп вафли болу керек. Сонда тарелкелерді қалай қоямыз?
8. Әжем, анам және мен – үшеуміз фотосуретке түстік. Әжем анамның сол жағында, анам менің сол жағымда тұр. Біздің фотосуретте қалай тұрғанымызды тап.
9. Назым, Майра және Нұргүл – үшеуі роза, жауқазын, түймедақ гүлдерін сатып алды. Назым мен Майра роза гүлін алған жоқ, ал Майра мен Нұргүл түймедақ гүлін алған жоқ. Кім қандай гүл сатып алғанын тап.
10. Жібек матаның 1 метрі сәтеннен 2 есе қымбат. Енді 8 метр сәтенге көп ақша кете ме, әлде 4 метр жібекке көп ақша кете ме?
11. Қорапшада барлығы 15 шар жатыр: қара, қызыл, және ақ. Ақ шарлар қарасынан 7 есе артық. Неше қызыл шар барын табыңдар.

№ 2 тапсырма
Өрнектің мәнін тап.
1. Қандай сан 5-тен 8 есе көп болады?
2. 45 санын 9 есе кеміт.
3. 36 мен 4-тің бөліндісін тап.
4. 8 бен 3-тің көбейтіндісін тап.
5. Бөлінгіші – 32, бөліндісі – 4. Бөлгішті тап.
6. Бірінші көбейткіш – 6, көбейтінді – 30. Екінші көбейткішті тап.
7. Қандай санды 7-ге бөлгенде 8 шығады?
8. 50 саны ойланған сан мен 5-тің айырмасына тең. Ойланған сан неше?
9. 32 шығуы үшін қандай санды 4-ке арттыру қажет?
10. Азайғышы – 61, айырмасы – 18 болғанда өрнектің азайтқышы нешеге тең болады?

№ 3 тапсырма
Өрнекті жаз және есептеп шығар.
1. 46 мен 31 сандарының айырмасын 5 есе кеміт.
2. 60 пен 40-тың қосындысын 5 есе арттыр.
3. 28 санын 12 мен 9 сандарының айырмасына көбейт.
4. 9 бен 5-тің көбейтіндісін 36-ға кеміт.
5. 24 санын 16 мен 8-дің айырмасына бөл.
6. 54 пен 6-ның бөліндісін 37-ге арттыр.

4-сынып

№ 1 тапсырма
1. Бөртегүл ағашының бұтағында 4 және 5 күлтеден тұратын 35 гүл бар. Барлық күлтелердің саны 153. Сонда 5 күлтелі гүлдер нешеу екенін тап.
2. Менің ақшама осы ақшамның жартысын қосса, 150 теңге болар еді. Менде қанша ақша болған?
3. Шешесі балаларына 10 шоколадты бөліп, қыздарына үш-үштен, ұлдарына екі-екіден берді. Қыздар нешеу, ұлдар нешеу екенін тап.
4. Отбасында 3 ер бала бар. Олардың әрқайсысы алдындағысынан 4 жас кіші. Бәрінің жасын қосқанда 24 болса, үш баланың әрқайсысы неше жаста?
5. Бал салынған қалбырдың салмағы 500 грамм. Жермай құйылған дәл сондай қалбырдың салмағы 350 грамм. Жермай балдан екі есе жеңіл, сонда қалбырдың салмағы қанша?
6. Үш сөмкеде екі ондық дәптер бар. Бірақ біреуіндегі дәптерлер басқа сөмкелердегіден екі есе аз. Әр сөмкеде қанша дәптер бар екенін тап.
7. Егер әмияндағы бар ақшаға сол ақшаның үшінші бөлігіндей тағы ақша қосса, 680 теңге болар еді. Әмиянда қанша ақша болған?
8. Бір санды 6-ға көбейтудің орнына 6-ға бөліп қойды. Сонда 15 шықты. Дұрыс жауап қалай болу керек еді?
9. Қағазға 12 санын бір таңбалармен жауабы 7 шығатындай етіп бөл.
10. Туристер жолдың төрттен бір бөлігін және 8 км жолды жүріп өткенде, әлі жолдың екі бөлігі мен 2 км жол жүру керек еді. Барлық жолдың ұзындығы қанша?

№ 2 тапсырма
Өрнектің мәнін тап.
1. 8 бірл.ІІІ кл, 204 бірл. ІІ кл, 7 бірл. І кл тұратын санды жаз.
2. 7 бірл. 6-шы разрядта, 3 бірл. 5-ші разрядта, 2 бірл. 3-ші разрядта және 9 бірл. 1-ші разрядта тұратын санды жаз.
3. Қосындысы 1000-ға тең үшінші қосылғышты тап. Мұнда бірінші қосылғыш – 450, екіншісі – 380.
4. 480 саны ойлаған саннан 30 есе артық. Ойдағы санды тап.
5. 5-тің кубын тап.6. Сегізден бір бөлігі 15-ке тең болатын толық санды тап.
7. Бөлінді 11-ге тең. Егер бөлгіш те 11-ге тең болса, бөлінгіш нешеге тең болмақ?
8. Қандай санды бөліндіде 12 шығу үшін 40-қа бөлу керек?
9. 87323 санында неше жүздік бар?
10. Мыңдықтар класында 346 бірлігі бар санды жаз.
№ 3 тапсырма
Өрнекті жаз және есептеп шығар.
1) 16 мен 14 сандарының қосындысын 13-ке кеміт.
2) 42 мен 20 сандарының айырмасын 4 есе арттыр.
3) 6 мен 6 сандарының көбейтіндісін 7 мен 8 сандарының көбейтіндісіне арттыр.
4) 350 мен 7 сандарының бөліндісін 21 мен 29 сандарының қосындысына кеміт.
5) 6 санын 40 пен 30 сандарының қосындысына көбейт.
6) 920 мен 870 сандарының айырмасын және 360 пен 190 сандарының қосындысын қос.

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Пікірлер136
  1. Арай

    Өте керемет.Мен өзім логикалық тапсырмаларды көп қолданамын. іздеп отырам сайттардан

  2. Жанар

    Олимпиада, «Бастау» дегендерге осындай жеңіл тапсырмалар бермей ме құрсын. Әйтпесе не бала , не мұғалім шығара алмайтын есептер беріледі.

  3. Ира

    Рахмет әріптестер.Өте пайдалы дүниелер екен.Маған ұнады.

  4. Ира

    сайт өте керемет.маған ұнады.

  5. Акмолдир

    Сәлеметсіздер ме?! Мұғалімдерге өте қажет дидактикалық материалдар екен. Тапсырмалар өте қызықты.

  6. Нагима

    Материал жақсы жазылған, балаларды қызықтыра алады, ойлау қабілеттерін дамытуға үлкен көмек бере алады деп ойлаймын

  7. Мөлдір

    Барлық дайын материалдар. Керемет!

  8. Арайлым

    керемет сайт іздегенімнің бәрін табудамын

  9. Лаура

    Логикалық есептер жинағы мұғалімдер үшін өте қажет. Оқушының ой- өрісін дамытуға пайдасы көп.

  10. Лиза

    Сабақ барысында лирикалық тапсырмалар балаларға қатты ұнайды. Рахмет. Тек жауабы мен болса тіпті жақсы болар еді

  11. Смагулова Марал

    Оқушылардың логикалық ойын дамыту мақсатында пайдалануға өте тиімді екен! Көп рахмет

  12. Рамила

    Сайттағы логикалық жаттығуларды орындау баланың ақыл-ойын, қиялын, ой ұшқырлығын дамытады.Бұл оқушылардың түрлі мазмұнды есептерді шығаруда, есептің шартын құра білуге қалыптастырылады.Сайттағы логикалық тапсырмаларға көп рақмет! Ұстаздарға көмегі пайдасы зор.

  13. Аманкелді Жайлыханұлы

    логикалық тапсырмалар жинағын жаңарту қажет.қай сайтты қарасаңда осы тапсырмалар.құлаққа алтын сырға.

  14. Бахтыгуль

    Оқушыларыммен логикалық тапсырмаларды орындағанда ой өрістері кеңейіп балалар көбіне осындай тапсырмаларды орындағанды жақсы көреді. Тапсырмалары керемет.

  15. Гулзира

    Логикалық тапсырмалар түрлі деңгейлі балаларға қолдануға болады екент. Логиканы дамытады, тереі ойлануға , жан-жақты ойлауға итермелейді.

  16. Асель

    Мынандай тапсырмаларды жазып бізге дайындап берген ұстаздарға мың алғыс. Балаларыма, оқушыларыма міндетті түрде пайдаланамын.

  17. Салтанат

    Салеметсиздер ме, мақала өте жақсы. Мұғалімдерге үлкен көмек. Мектептерде мектепішілік олимпиадаларда қолдануға өте ыңғайлы екен.

  18. Жайна Кабакова

    Сәлеметсіздер ме?! Мұғалімдерге өте қажет дидактикалық материалдар екен. Тапсырмалар өте қызықты.

  19. Сәуле

    Туристер жолдың төрттен бір бөлігін және 8 км жолды жүріп өткенде, әлі жолдың екі бөлігі мен 2 км жол жүру керек еді. Барлық жолдың ұзындығы қанша?

  20. Светлана

    Тапсырып жасадым. Егер ертең төлесем ақшасын акция болама

  21. Балнур

    Жақсы тапсырмалар екен. Маған ұнады. Дүйсенбі күні балаларға есептетемін. сосын портфолиоға заказ берейін деп едім қалай жасаймын

    1. Erketai (автор)

      Саламатсыз, тапсырыс жасау сайты арқылы.

  22. Гүлмира

    Ені 2 метр ор қазылған. Ұзындығы 2 м екі тақтайды пайдаланып, одан қалай өтуге болады?
    Шығарып беріңіздерші?

  23. Серик

    1 деген цифрды 7 рет . 3 деген цифрды 6 рет пайдаланып 1000 санын шыгару керек . комектесиниздерши отиниш . матиматиктерге кулагына алтын сырга единицасын салып берем дурыс жауап берген адамга. коп рахмет.

  24. Жәнібек

    Өте жақсы сайт. Маған ұнады рахмет

  25. Жұпар

    Бұл менің орысшадан аударған кітабымның бір үзіндісі ғана ғой, осы мақаланы Еркетайдан көрнекілік алу үшін мен салғанмын. /2,3,4 сыныптарға арналған./

  26. айжан

    өте ұнады

  27. айжан

    Өте ұнады сабаққа пайдасы жақсы екен

  28. гуля Калдыбаева

    рахмет сабағыма пайдасы тиеді деп ойлаймын

  29. Комила Сабурова

    керемет

  30. Айгул

    тапсырмаларыңыз өте жақсы екен

  31. зарина

    норм

  32. Ернар

    Very good

  33. сағадат

    сайт маған ұнады көп қажетті мағлұматтар бар екен.

  34. Айша

    бұл сұрақтардын жауабы бар ма?

    1. Erketai (автор)

      Автор осы күйінде жіберген.

  35. Базаргуль

    рахмет тапсырмалар керемет!

  36. Базаргуль

    Сізге рахмет, балаларыма жақсы және қызықты тапсырмалар алдым деп ойлаймын. оларға ұнайды деген ойдамын

  37. Асылжан

    өте жақсы

  38. Асылжан

    унады

  39. Ақжарқын

    2cыныпқа байланысты презентатцияларды алғым келеді

  40. Эльмира

    Cәлеметсіздер , мен сіздердің логикалық тапсыраларыңызды оқушыларыма орындатсам деп отырмын

  41. beksultan

    Жауап керек 4 сыныптын 1 тасырма киын

  42. Есенбаева Венера

    сайтқа қалай жазылам

  43. Бахыт

    жаңағана көрнекілікке тапсырыс бердім неге келмей жатыр ?

    1. Erketai (автор)

      Неге өтірік жазасыз «1000»деген санды жіберсеңіз болды сізге көрнекіліктер жіберіледі деп ойлайсыз ба? Алдымен қалай тапсырыс жасауға болатынын анықтап оқып шығыңыз. Тапсырыс жасау үшін ҰЯЛЫ ТЕЛЕФОНҒА ЖҮКТЕЙТІН 1000 АКТИВ КАРТАСЫНДАҒЫ КОДТТЫ ЖІБЕРУІҢІЗ КЕРЕК!!!

  44. Қызғалдақ Оралғазы

    маган оте унады тапсырмалар окушылардын ойлау кабилетин арттыруга комеги зор

  45. Қызғалдақ Оралғазы

    оте жаксыыы

  46. Арай

    Менің жасымды табындаршы ен үлкен бір таңбалы санды үшке бөліп беске көбейтіп алтыны азайтсан оган одан үш азайтсан оған бір коссан менің жасым шығады менің жасы нешеде

  47. Роза

    кеңестер көп екен

  48. Роза

    өте керемет

  49. Роза

    Маған ұнады

  50. Аружан

    керемет

  51. Аружан

    Маған қатты ұнады.Бұл жерден көптеген сабаққа керекті мәлімет алдым. Рахмет.

  52. Задагул

    Рахмет пайдалы екен тек жүктей алмай отырмын

  53. Задагул

    Рахмет. Өте пайдалы.

  54. Алмас

    логикалык сурак бир байдың 500койы бар,ал кедейдин 3 койы бар.байдын 500 койы кедейдин қорасына сыйады,ал кедейдин 3 койы байдын корасына сыймайды.неге

  55. Дана

    Есен 6 дәптер сатып алғысы келіп еді бірақ 40 теңгесі жетпей қалды сондықтан ол 5 дәптер сатып алды оның өзінде 50 теңгесі қалды? Бір дәптердің бағасы қанша?

  56. Түйтенова Айдан Еркінқызы

    Сайтқа қалай кіремін

    1. Erketai (автор)

      Салем! Сайтқа тіркелу формасы сайттың оң жақ төменгі бөлігінде орналасқан. Сол жерде көрсетілген «Тіркелу» сілтемесін басыңыз.

  57. Мамурбаева Дина Мубараковна

    Логикалық есептер оқушыларға пайдасы өте көп.Мидың қызметін арттырады. Балалардың қызығушылығын жаксартады. Маған ұнады. Рахмет.

  58. Эльмира

    Қыздарға арналған портфолио өте ұнады.

  59. абылайхан

    өте керемет

  60. dauren

    rahmet

  61. Айсулу

    рахмет

  62. Ainur

    көп коп рахмет))

  63. НУРИСЛАМ

    ТАМАША МАҒАН ҚАТТЫ ҰННАДДДДДДДДДДДДДДДДДДДДДДДДДДДДДДДД

  64. НУРИСЛАМ

    ОЙЫН ЖАҚСЫЫЫЫЫЫЫЫЫЫЫЫЫЫЫЫЫ

  65. майра

    логикалық есептер оқушының миын ширатады

  66. Dina

    Тапсырмаларыңыз ұнады, жауаппен болса жақсы болар еді.

  67. Анара

    Тапсырмалар ұнады, жауаптарымен болса оданда күшті болар еді

  68. Толя

    Сұрақтары бәрі ұнады, тек жүктеу жағынан қиындық туып тұрғаны….

    1. Erketai (автор)

      Қандай қиындық?

  69. Эльмира

    логикалық тапсырмалар тамаша, бастауыш сынып үшін тиімді

  70. Таңшолпан

    Кіру қиынғо таза…

  71. Динара

    Еркетай

  72. моля

    света 4 жылда 1 рет тойлады

  73. моля

    керемет

  74. Сауле

    Сайт өте жақсы екен. Рахмет!

  75. шолпан

    жаксы акпарат екен

  76. Самал

    өте жақсы екен.

  77. ERKEBULAN

    Өте қызықты кішкентай балаларға!

  78. АЙДАНА

    ӨТЕ ҚЫЗЫҚТЫ ЕКЕН

  79. гульнур

    бұрыннан білмеппін, кызықты екен

  80. Ділназ

    өте жақсы

  81. Ділназ

    өте балаға пайдалы есеп

  82. Құралай

    Ой кеширинеиздер мен дурыскпрамаппын
    Бул оте керемет сайт коп рахмет улкеналгысымызды билдиремин

  83. Құралай

    Туй ана жерде 2,3,4 сынып деп турды гой, бирак неге тек 2 сыныптыкы ғана

  84. Света

    ата-аналарға қажет сайт
    — Жасы жүзге келген қария өзінің туған күнін қалдырмай атап отырған. Сонда ол 25 рет қана атап өткен. Ол қай күні туған?

  85. Света

    Өте керемет сайт!
    Сізден өскен балалар,
    Батырлар мен даналар,
    Құттықтаймыз мейраммен
    Құрметті біздің аналар
    * * *
    Баланың да тірегі,
    Дананың да тірегі.
    Шаншымасын ешқашан
    Аналардың жүрегі
    * * *
    Айналайын, анашым,
    Жұмысына барасың.
    Қайтып мені көргенше
    Шын сағынып қаласың
    * * *
    Аналарды сүйеміз,
    Сөзін ойға түйеміз.
    Әжені де ардақтап,
    Әдеппен бас иеміз

    * * *
    Біз доспыз гүлдермен,
    Текке оны жұлмаймыз.
    Той күні бір — бірден
    Анаға сыйлаймыз.
    * * *
    Бойға қуат береді
    Әй, жарайсың дегені.
    Мен анамнан әр кезде
    Соны естігім келеді.
    * * *

  86. Самал

    өте жаксы

  87. Иса

    Қосындысы 19 болу үшін 2-минут ішінде 4 тақ санды ойлап тап ( сандар қайталану мүмкін).

  88. Иса

    Көбейтіндісі 1 000 000-ға тең екі санды тап. Бірде-бір санда 0 цифры болмауы тиіс

  89. Иса

    Сенде 5 литрлік және 3 литірлік ыдыс бар. Егер басқа ыдысың болмаса, су ағатын шүмектен 4 литр суды қалай дәл өлшеп аласың?

  90. Жако

    ӨӨӨӨӨӨттттеее тамаша кльово!очень — очень хорошо! Тапсырмалар екен НО!6 сыныпка нету!если че бар боса пожалуйста маган скажите?! мхм

  91. кобылан

    77+77+77+77=308

  92. кобылан

    оте жаксы екен

  93. Айнур

    Бастауыш сыныптарға өте керек тапсырмалар.

  94. zhan

    тамаша, өте пайдалы және қызықты.

  95. дйлйя

    500тенге

  96. дйлйя

    Жастары 8де 12де 16да 20да 24те

  97. дйлйя

    2 улы 2кызы бар

  98. Еркебұлан

    сайт өте жақсы екен

  99. Каусар

    Tamawa

  100. жансая

    ӨТЕ ТАМАША

  101. ана

    жолаушынын 1 ешкі, 1 орамжапырағы және 1 қасқыры бар,ол өзеннің бер жағынан ар жағына 2 орынды қайықпен өтуі керек, қасқырды ешкімен қалдыруға не ешкіні орамжапырақпен қалдыруға болмайды жеп қояды , не істееу керек?

  102. Самал

    екі сағат ойнайды

  103. Хамит

    Төрт бала даминоны екі сағат ойнаса екі бала не сағат ойнады

  104. Мидина

    Сіздерге көп рахмет! Шынында да пайдалы сайт екен!

  105. Rimma{sh}ok

    Спасибо.Хороший сайт,Мне понравилось.

  106. Акмарал

    өте пайдалы сайт екен рахмет

  107. Камшат

    өте жақсы

  108. Бекарыс

    сосын мен 4 класпым маган логиканын жауаптарын издеп отырганмын

  109. Бекарыс

    осы сурактардын бари 1 класка арналган

  110. ару

    маған қайырымдылық туралы мақал мәтелдер керек еді

  111. Жадыра

    Рахмет сіздерге көп. Өте пайдалы және қызықты .

  112. маржан

    коп-коп рахмет

  113. Гульзира

    Pахмет сіздерге көп,көп!

  114. ерке

    арман балық аулауға шықты ыдысында 4 маса бар ед онн 2 ен 2 балы аулады
    қалған маса мен қанша балық аулайды?

  115. Айнур

    Кызыкты математика логикалык есептер бастауыш сыныпка арналган сайыс сабактар издеп отырмын комектесиниздерши

  116. Актолкын

    Логикалық есептеулерге цифрограммалар, әр түрлі басқатырғылар т.б жатады.
    «Цифрограмма» «65»
    Логикалық есептердің бір түрінде беріледі. мысалы:
    тор көздерді толтырыңыз. сонда көлбеуінен де, тігінен де, көлденең де қосындылары тек 65 болу керек.

  117. нурай

    казак тилинен тест керек

  118. Жансая

    TAAMAWA)))))))

  119. керемет сайт екен. маган ұнады.

  120. Кенжебек

    айтындар балалар!

  121. Аружан

    Алдыңғы күні 13 жаста едім,келесі жылы 16-ға толамын.-деді Маржан.
    Маржан дұрыс айта ма?

    1. Жако

      Маржаннын айтканыы дурыс емес себеби ол 14-ке келеди

  122. Аружан

    Мен математика пәнінен олимпиадаға дайындалу үшін қажетті материалдар іздеп отырмын. Маған осы тапсырмалар ұнады.

  123. madina

    сіздерге көптен көп рахмет бізге керекті мағлұматтар енгізіпсіздер

  124. данияр

    7 7 7 7=1
    7 7 7 7=2
    7 7 7 7=3
    7 7 7 7=5

    1. abylai

      7:7+7-7=1

    2. abylai

      7:7+7:7=2

    3. гульнур

      7+7/7+7

  125. данияр

    7 7 7 7=4
    матаматикалық таңбалар қою арқылы шығар

  126. айдана

    менде 500 тг бар.100 мал сатып алуым керек. кой 1 тг , сиыр 10 тг. Жылкы 100 тг . Кой . Сиыр жылкы канша шт сатып алуым керек шешип бериниздерши

    1. Қобланды

      қойдан 60 -60 теңге
      сйырдан 39 — 390 теңге
      жылқы 1- 50 теңге
      60+39+1=100 бас
      60+3900+50=500 теңге
      барлығы 100 бас 500 теңге

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ