Кірпі тіршілігімен таныстыру

Тақырыбы: Кірпі тіршілігімен таныстыру.
Білім беру саласы: «Қатынас». «Таным».
Ұйымдастырылған іс-әрекеті: Тіл дамыту. Қол еңбегі

Мақсаты: жабайы аңдар, олардың табиғаттағы рөлі мен маңызы туралы балаларға түсінік беру.
Білімділігі: кірпінің тіршілігімен таныстыру, сурет бойынша әңгіме құрастыруға үйрету.
Дамытушылығы: табиғи материалмен жұмыс істеу іскерлігін дамыту.
Тәрбиелілігі: қоршаған ортанысүюге, мейірімділікке баулу.
Пәнаралық байланыс: көркем әдебиет, құрастыру, мүсіндеу, математика.

Әдіс-тәсілдер: Түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ-жауап, ойындар.
Көрнекілігі: кірпі ойыншығы, суреттері, ермексаз, табиғи материал шемешкі, тақтайша.
Іс-әрекеттер кезеңдері
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Баланың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушы
Психологиялық дайындық
Балаларға, түсіндіру, әңгімелеу, ойындар,бастауыш сынып, тәрбие сағаты-Балалар, бүгін ерекше күн. Біздің іс әрекетімізге қатысу үшін қонақтар келіп отыр. Олай болса қонақтамен амандасайық.
Жылулық шеңбері «Ғажайып баулар»
-Мына ғажайып баулар арқылы қонақтарға жүрек жылуын берейік
-Сәлеметсіз бе?
-мейірімді, батыл
Ашық болсын күніміз
Биік болсын туымыз.
Тату болып халықтар
Аман болсын балалар
-Біздің жүрегіміз қандай?

Олай болса, жүрегімізден шыққан жылуды қонақтарға сыйлайық.
(алақандарын үрлеу)
-Қазір жылдың қай мезгілі?
-Күз айларын атаңдаршы
— Күз мезгілінің ерекшелігін айт
Суретпен жұмыс
-Жабайы аңдарды атаңдар.
-Оларды неге жабайы аңдар деп атайды?
-Жабайы аңдар қалай тіршілік етеді?

-Олардың үй жануарларынан қандай айырмашылығы бар?
Осы жабайы жануар «Қоян» туралы әдемі ән білетін едіңдер ғо, айтып берейікші
Балалар жауабы Ән «Сұр қоян»
Жұмбақ
Үсті толы ине
Бірақта, іс тігіп, қадамайды түйме
Ол не деп ойлайсыңдар?
-кірпі

Кірпі- талғаусыз қоректенетін жануар
Ол әр түрлі жәндіктерді аулап, жеміс- жидектерді жасқсы көреді. Жақсы естиді және иісші болады. Ол қорыққан кезде домалана қалады.
Ғажайып сәт
Есік қағылып, қонаққа кірпі келеді.
-сәлеметсіз бе, кірпі!
-қош келдіңіз
-Амансыздар ма, балалар!
-Сендердің мен туралы айтып жатқандарыңды естіп қалып, кіре кеткенді жөн көрдім.
-Балалар, осы кірпі туралы кім тақпақ біледі?

Ақгүл
Тұмсығында түймесі
Деп тұрғандай тимеші
Азулыдан сақтайтын,
Кірпінің көп инесі.
Азамат
Өзін қорғай алады,
Домалана қалады.
Содан кейін тиіп көр,
Тура «уколын» салды
Аянат
Кірпі, кірпі
Жоның түрпі
Кірпі, кірпі
Әне түлкі

Кірпіні балалармен отырғызамын
-Балалар, кірпінің қолында сендерге арнап әкелген хаты бар екен. Кәне мен ашып қарайын.
Хаттың ішінде қима суреттер бар екен, сол суреттерді құрастыруымыз керек.
Дид.ойын «Жабайы аңдарды тап»
-Ненің суреттерін құрастырдыңдар?
-Бұл қандай жануарлар?

Кірпіні балалармен отырғызамын
-Балалар, кірпінің қолында сендерге арнап әкелген хаты бар екен. Кәне мен ашып қарайын.
Хаттың ішінде қима суреттер бар екен, сол суреттерді құрастыруымыз керек.
Дид.ойын «Жабайы аңдарды тап»
-Ненің суреттерін құрастырдыңдар?
-Бұл қандай жануарлар?
-Пілдің, кірпі,арыстан, қоян, түлкі,жолбарыс.

Сергіту сәті

Тоңып қалған кірпі доп-домалақ болып, бүктеліп жатады. Күн сәулесі кірпіге түсіп, ол керіле бастады. –не дейді?
-Қайырлы таң, мен ояндым-дейді
-Енді балалар жабайы жануарлар ішінен кірпіні жасаймыз. Алдымен кірпінің денесін ермексаздан жасаймыз. Сосын шемешкені үстіне инесі есебінде қолданамыз.

Балаларды жасаған жұмысын көріп шығып, бағалап, мадақтаймын.
Іс-әрекетті қорытындылау.
-Балалар, бізге қонаққа не келді?
-Ол қайда тіршілік етеді?
-Не жасадық? Сендерге ұнады ма?
Келген қонағымыз кірпіге рахмет айтып, шығарып салайық.
Бар лық қонақтарға не дейміз? Сау болыңыздар!
Күтілетін нәтиже
Біледі: Кірпі тіршілігімен танысты.
Меңгерді: Жабайы жануарлар орманда тіршілік етеді.
Қолданады: табиғи материалдарды пайдаланып, кірпіні жасады.

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Пікірлер4
  1. Асел

    Кірпі туралы ақпарат аз. Нақты, жүйелі құрылған сабақ жоспары. Осындай жоспар үшін рахмет.

  2. Мулдир

    Шышармашылыктарыныз шындала берсин,кірпі жайлы акпаратка каныгатын болды балалар коширип алдым

  3. Жансая

    сүйкімді кірпі екен

  4. Гулдерай

    Кирпинин баласына неше сагатта инеси шыгады

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ