Он саусақ жаттығулары

Тақырыбы: «Он саусақ»
Мақсаты: Балалардың ұсақ саусақ маторикасын дамыту, сөйлесуге талпынысын, қызығушылық қабілетін арттыру. Түстерді, пішіндерді ажыратуды, заттың күйін ажыратуды одан әрі дамыту.
Әдіс- тәсілдер: әңгімелесу, ойнау, сұрақ- жауап.
Көрнекілігі: Шарлар, ақ қағаз, сиқырлы қолғап, үйдің макеті.
Балалар бәріміз ортаға шығып, шаттық шеңберін құрайық. Алақанымызды ысқылаймыз, бір-біріміздің қолымыздан ұстап алақан жылуын береміз.

Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де.
Қуанамыз бәріміз,
Арайлап атқан таңға!
саусақ жаттығулары балабақшадаБүгінгі оқу іс-қызметімізді саусақ қимылдарын жасауға арнаймыз. Ол үшін мынадай шарлармен танысамыз. Әр түрлі шарларға тары, бидай, күріш, ауа, құм, шекер, манная каша, ұн салынған. Балалар ұстап олардың қандай екендерін ажыратады. Ұл немесе қыз екенін, көңіл-күйдің қай түрі екенін, қатты –жұмсақтығын, пішінін анықтайды.
Шарлардың түстері қандай? Пішіндері қандай?
Кімнің суреті салынған? Сұрақтарына жауап алынады.
Шарларды қолымызбен уқалау арқылы әртүрлі пішіндер жасаймыз.

Сергіту сәті.

Саусақ гимнастикасы: балалар жұдырықтарын түйеді.

Бір үйде біз нешеуміз?
Кел, ойнайық екеуміз;
Бас бармағым- әкем,
Балаң үйрек – анам,
Ортан терек- ағам,
Шылдыр шүмек- мен,
Титтей бөбек- сен.
Бір үйде біз нешеуміз?
Бір үйде біз бесеуміз!

Балалар саусақтарға арналған «Жанұя» жаттығуын жасайық.
Не көріп отырмыз? Балалар сұраққа жауап береді.
Сиқырлы қолғап. Қолғапта отбасы мүшелері бейнеленген: атасы, әжесі, әкесі, анасы, баласы.
Бір балала ортаға шығып қолына киеді.

Мен отбасы мүшелерінің кейбіреулерін атаймын, ал сен көрсетесің.
Енді балалар сол отбасы мүшелері қонаққа барады. Үйдің макеті жасалған сол макеттің терезесінен отбасы мүшелері көярсетіледі, балалар ол кімдер екенін айтады. Міне, балалар қонақтардың кімдер екенін де анықтадық.

Ал, балалар оқу-қызметінен естелік болсын, ақ қағазға қолымыздың суретін бастырып салайық.
Бүгінгі оқу-қызмет і ұнады ма?
Не үйрендік? Сұрақтарына жауап алынды.
Балаларды мадақтау.
Күтілетін нәтижелер:
Біледі: Отбасы мүшелеріне кімдер жататынын. Түстерді, пішіндерді, эмоцияны.
Игереді: Ойын арқылы есте сақт ау қабілетін, қарым-қатынас дағдыларын дамыту.
Меңгереді. Отбасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Пікірлер4
  1. Бибигул

    Саусақ арқылы баланың миын дамытуға болады.

  2. Молдир

    саусақтарға арналған қандай керемет жаттығулар. Көп рахмет

  3. Бахтыгуль

    Саусақтарға арналған жаттығулар ұнады.

  4. Булбул

    саусаққа арналған жаттығулар балаларды тек шынықтырып қана қоймай оның сөйлеуінің дамуына да септігін тигізеді.Саусаққа арналған жаттығулар саитта көп жарияланса екен деймін.осындай мақалалардың көптігі педагогтардың жұмысын көп жеңілдетеді.

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ