Көктем келді гүл алып

Мақсаты:
Көктем мезгілімен таныстыру.
Көктем гүлдерімен таныстыру, бақбақ гүлі туралы түсінік беру. Әсемдікті,әдемілікті көре білуге,табиғатты қорғап-аялауға үйрету.Ұқыптылыққа,аңғарымдылыққа,адамгершілікке тәрбиелеп,ұжым болып жұмыс жасауға үйретуді жалғастыру.

Шаттық шеңбер:
Қайырлы таң, Көк Аспан!
Қайырлы таң Жер Ана!
Қайырлы таң достарым ,
Қайырлы таң қонақтар!

-Балалар қазір қай мезгілі?
-Сендер қандай көктем гүлдерін білесіңдер?
-Гүлдердің түсі қандай?
-Бүгін сіздермен,біз көктем гүлі-бақбақ туралы айтамыз.
Күтпеген сәт: Айсұлудың келуі.
-Сәлеметсіздер ме, балалар? Менің атым Айсұлу.
-Сәлеметсіз бе,Айсұлу? Біз бүгін көктем гүлдерімен танысып жатырмыз.
-Балалар,білесіздер ме,менің үйімде бақбақ, қоңырау гүл, бәйшешек гүлдері бар.Сіздер оларды тамашалағыларың келе ме?

Көктем сабақ жоспары Олардың мен жоқта,не істеп жатқанын бақылап, әңгімесін тыңдап көрейік.
-Ия

Балалардың пойызбен Айсұлудың үйіне баруы.
Гүлдердің таласы:
Бәйшешек: -Араларындағы ең әдемі гүл-менмін! Қысқы қар астынан шығып, көктем келгенін хабарлап, адамды қуантатын менмін!
Бақбақ:- Жоқ! Адамдар мені жақсы көреді. Өйткені менің екі бірдей көйлегім бар. Алдымен, күнге ұқсас, сары түсті күлтелерімді киемін. Сосын жел үрлесе,ұшып кетер үлпілдек ақ көйлегім бар.
Қоңырау гүл:-Сендердікі бос сөз! Мен-қоңырауға ұқсас көгілдір әдемі гүлмін. Аспан түстес. Жаңбыр жауғанда менің қоңырауыма тамшылар жиналып қалады да, адамдар одан шыққан әдемі сыңғырды естиді. Сендер менімен тіпті, салыстыруға да жарамайсыңдар!
Айсұлу: -Таласпаңдар! Сендерің әрқайсысың өздігінше әдемісіңдер! Иістерің де бар. Бірақ бәріңді бір құтыға салып қойғанда, тіпті, әдеміленіп, хош иістерің адамдарға қуаныш сыйлайды.
Қәне,балалар сендер жолда шаршаған шығарсыңдар,енді бойымызды сергітіп алайық.
Үлбіреген бақбақ,
Үлпілдейсің аппақ.
Уф десем бақбақ,
Ұшасың ғой қаптап.
Ойын: «Гүл құрастыр»

Біздің балалардың жұмысын тамашалауға,Айсұлу мен оның гүлдерін де,тобымызға қонаққа шақырайық.
Ұжымдық жұмыс. Бақбақ гүлін жапсыру.
Дайын болған гүлді Айсұлуға сыйлау.

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Пікірлер1
  1. Бальнур

    көктем мерекесі келіп қалған кезде таптырмас материал болды. Тақырыбы да керемет

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ