Логопедиялық ойындар

1-4 сынып оқушылары үшін

Бақылау әрпі. Ойынды жүргізуші бір әріпті, мысалы, а әрпін атайды. Ойынға қатысушы балалардың бәрі осы әріптен басталатын сөздерді атауға тиіс (арба, аспан, алма, алақан, ата, алаша т. с. с). Бір баланың айтқан сөзін екінші бала қайталамауға тиіс.

Ойынды біраздан кейін күрделілендіре түсуге болады. Мысалы, белгілі бір әріптен басталатын сөздерді тақырыптық етіп, яғни аңдар, киім-кешек, жеміс-жидек деген сияқты етіп алуға да болады.

Белгілі бір тақырыпқа сөз табу баланың аңғарымпаздығын, ізденімпаздығын арттырады. Бала тақырыпқа байланысты сөзді таба алмай қиналса, оған ата-ананың немесе ойынға қатысып отырған адамның көмектесіп жіберуіне болады.

Сөзді аяқтау. Ойынға қатысушылардың бірі бір сөздің жартысын айтады, ал екінші бала сол сөзді толықтырып, бүтін сөз жасайды, сонан соң өзі келесі сөздің бірінші жартысын айтады. Мысалы: бірінші бала «теле…» десе, екінші бала «дидар», «…фоно»…грамма» деп толықтырады. Мұндай ойын сөздік қорды байытады, тапқырлыққа үйретеді.

Сөздің қызық қасиеті. Ойын жүргізуші бір қысқа сөз айтады. Тек оның бірінші әрпін өзгертсе болды, одан екінші бір жаңа сөз пайда болуға тиіс. Мысалы: қар, тар, жар, бар.

Әріп қосу. Ойын жүргізуші бір сөз айтады. Жаңа сөз құрау үшін сол сөздің алдына бір әріп қосуы керек. Сонда жаңа сөз пайда болады. Мысалы: тар-отар, жар — ажар, ақта — мақта, ота — бота т. с. с. Бұл сөздерге тек бір әріпті ғана емес, бірнеше буынды қосып та өзгертуге болады. Мысалы: тар-оттар, ақта — бармақта, үй — бүйі т. с. с.

5-7 сынып оқушылары үшін

Сөз тізбегі. Ойынға қатысушылардың біреуі бір сөзді айтады, келесі бала сол сөздің соңындағы әріптен басталатын сөз табуы керек. Ойын осылай жалғаса береді. Мысалы: ақ — қол — лақ- қалта — арба — ал- ша — аспан — несібе — ебелек — көктем — мақта т. с. с. Ойынды күрделілендіре түсуге де болады. Мұнда да белгілі бір тақырыпқа орай жаңа сөздерді табу керек. Мысалы, тарих, география сабақтарына байланысты сөздерді іздестіруге болады.

Кім байқампаз? Стол үстіне 20-30 ұсақ зат қойып, газетпен бүркейді. Сонан соң газетті бір минутқа көтеріп, балаларға заттарды көрсетеді. Бұдан кейін газетті қайта жауып, балалардан әлгі көрген заттарының аттарын атауды талап ету керек. Әркім өзінің есінде қалған заттарды атауға тиіс. Заттарды кім көбірек атаса, сол жеңген болып есептеледі.

«Әуесқойлық». Жүргізуші «әуесқой» бір әріпті атайды да көршісіне: Кім? Қашан? Қайда? Неге?- деген сияқты сұрақтар қояды. Бұл сұрақтарға сөзбен жауап беру керек, ал сөздер ылғи бір әріптен ғана басталып отыруға тиіс. Мысалы: жүргізуші а әрпін атап: «Кім?»- деп сұрақ қояды. Келесі бала: «Асқар»,-дейді, қайда барады?- «апасынікіне»,- неге?-«алма жеуге»,- қашан?-«азанда» т. с. с. Байқап отырсаңыз бұл сөздердің бәрі де а әрпінен басталады. Бұл ойын басқа ойындарға қарағанда біршама күрделірек. Мұнда тапқырлық, байқампаздық өте қажет. Ойынның бұл түрі сонымен бірге қызық та.

8-10 сынып оқушылары үшін

Сөзді кім көбірек табар екен? Ойынға қатысушылардың бірі белгілі бір сөздің бір буынын ғана айтады. Балалар сол буынға қатысты жаңа сөздерді неғұрлым көбірек құрастыруы керек. Мысалы: хана деген буынды алайық. Бұған кітапхана, наубайхана, аурухана, баспахана, емхана деген біраз буындарды қосып айтуға болады. Көп сөз тапқан бала жеңімпаз атанады,

Тек бір дауысты дыбыс. Ойынға қатысушылар бір ғана дауысты дыбысы бар сөздер құрастыруы керек. Мысалы: а әрпіне байланысты: арба, алаша, аламан, алақан, алпамса т. с. с. Байқап отырсақ бұл сөздерде а дыбысынан басқа дауысты дыбыс жоқ.Сіздер де осындай сөздер жасап көріңіздер.

Он сұрақ. Ойынға қатысушылар өздеріне бір әріпті таңдап алады. Осыдан кейін оларға (әр балаға) түрлі сұрақтар қойылады. Жауаптың бәрі сол таңдап алынған әріптен басталуға тиіс.

  1. Мемлекеттің аты.
  2. Қаланың аты.
  3. Қөлдер мен өзендердің аты.
  4. Аралдар аты.
  5. Аңдар аты.
  6. Құстар аты.
  7. Балықтар аты.
  8. Пьесалар мен опералар аты.
  9. Жазушылардың аттары.
  10. Композиторлардың аттары.

Мысалы, алғашқы сұраққа мынадай жауап берілуі мүмкін. «Мемлекеттің аты: «Ангола, Англия, Австралия, Австрия» т. с. с. Мұндай сұрақтарға жауап беру үшін немесе заттардың, жануарлардың аттарын атау үшін әдетте көп білу, эрудиция талап етіледі. Әр бала ойынға қатысу үстінде жаңа деректерді, есімдерді біліп, білімін толықтырып, ой-өрісін кеңейтеді.

Тұтық баламен бірге cөзбен жұмыс істеу ережелері.

Тұтығатын баламен бірге сөз тіркестерімен жұмыс істеу.

Бала тілінің дамуының кешігуін алдын алуға арналған логопед кеңесі.

Жанұя мен мектептің логопедиялық шаралар кезінде атқаратын ролі.

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Пікірлер14
  1. Аяжан

    баланың тіл дамуына арналған ойындары жақсы екен

  2. Анара

    Бала-бақша ұжымдарына қажетті ақпарат екен. Қазіргі таңда тәрбиешілер сауатсыз болып бара жатқандай. Екі сөздің басын қоса алмай жүргендері қаншама. Өздерін дамытып, балаларға жақсы дүниелер үйретсе екен деп ойлаймын.

  3. Лаура

    өте пайдалы мәліметтер берілген.әріптестеріме қуана ұсынар едім

  4. Риза

    Жаттығулар өте керемет

  5. ербол

    өте керемет сайт, көп жағымды керек дүниелер бар екен

  6. Гулжан

    Рахмет практикада пайдаланып көремін. Кәзіргі кезде оқушылардың анық түсінікті сөйлей алмауы жиі кездеседі

  7. Құндызай

    Өте ерекше қызықты тапсырмалар мен ойындар екен.Бәріңізге осыларды қолдануға кеңес беремін.Мәліметтер өте керемет

  8. Увалиева Жанна

    Сөзді дұрыс айта алмайтын балаларда қазiргi кезде көп кездесетін жағдай болып тұр.

  9. Гулмира

    Қазіргі оқушылардың көбісі еркеліктен тілдері анық емес болып алдымызға келіп отыр ,осындай оқушыларға мына дүниелеріңіз таптырмас құрал екен.Әрбір балаға осы жаттығуларды орындату арқылы олардың өз өздеріне сенімділіктерін арттыруға болады.

  10. Майра

    8-10 сынып оқушыларына арналған ойынды кезінде ойнағанбыз. Адамның ойлау қабілетін дамытатын ойындар қатарынан.автор рахмет

  11. Айгүл

    Көрнекілік сабақтар өте қызық және баланың есіңде қалады рахмет біліміме білім қостыңыз

  12. САМАЛ

    жаттығулар ұнады .

  13. Жанылсын

    Балабақша балаларының жастарына сәйкес келетін жаттығулар болса, жақсы болар еді.Өте қызықты жаттығулар,ұнады

  14. Айдана

    Қызым 5ке келеді. 1 сыныпқа арналған жаттығу жасатсам болатыншығар?

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ