Тоғызқұмалақ
Қазақ тілінен күнтізбелік- сабақ жоспары.
Пән: қазақ тілі Сынып: 5 Б,В,Г Өтілетін күні:
Сабақтың тақырыбы: «Тоғызқұмалақ ойыны».
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: тоғызқұмалақ ойыны туралы мағлұмат бере отырып мәтіннің мазмұның ашу.
2. Дамытушылық: оқушының шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ету, ойлау шеберлігін, сөйлеу мәдениетін жетілдіру, ой-өрісін, дүниетанымын кеңейту, тіл байлығын арттыру сөздік қорын молайту.
3. Тәрбиелік: тоғызқұмалақ ойыны арқылы оқушылардың ұлттық ойындарға деген қызығушылығын арттыру және өз елін сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, баяндау, талдау, мәнерлеп оқу, сұхбат.
Сабақтың көрнекілігі: презентация, «Тоғызқұмалақ» ойыны туралы фильм, тоғызқұмалақ тақта.
Пәнаралық байланыс: тарих, әдебиет
Оқыту технологиясы; деңгейлеп-саралап оқыту, компьютерлік.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Амандасу. Кезекшімен сөйлесу.
Оқушыларды түгелдеу.
— Бүгін кім кезекші?
— Ауа-райы қандай?
— Сыныпта кім жоқ? т.б.
2. Тіл дамыту: («Қар лақтыру» ойыны арқылы)
— Қазір қай жыл мезгілі?
— Қыс айлары қандай?
— Қыста ауа –райы қандай болады? т.б.
3. Фонетикалық жаттығу:
— Қазақ тілінде неше тән дыбыс бар?
1) — Оларды атаңдар: қ,ө,ұ,ү,ғ,ң,і,ә,һ (дұрыс айтуды жаттықтыру);
2) Осы дыбыстармен ашық, тұйық, бітеу буындарға бөліп киіз үйдің ішіне жазыңдар:
Ашық буын Тұйық буын Бітеу буын
Ға, қа, бө, кө, қу, қы
Ұн, үн, ұр, ән, үй, әл
әр Көк, күн, сән, мән,
қақ, дәл
3) а)Мақалды оқып, керекті әріптерді қою;
ә) дұрыс оқуды жаттықтыру;
б) дәптерлеріне еске жазу, бір-бірін тексеру;
• Көп оқыған озар,
Көп ойнаған тозар.
4) Оқыған – фонетикалық талдау.
О-қы-ған – з буын, 1 б.-ашық, 2 б. – ашық б., ған – бітеу
буын, 3 дауысты, 3 дауыссыз
О [о] – дауысты, жуан дыбыс;
Қ [қ] – дауыссыз, қатаң дыбыс;
Ы[ы] – дауысты, жуан дыбыс;
Ғ [ғ]- дауыссыз, ұяң дыбыс;
А [а] – дауысты, жуан дыбыс;
Н [н] – дауыссыз үнді дыбыс
5 әріп, 5 дыбыс
ІІ. Үй жұмысын тексеру: 1.- Мақал не туралы? (ойын туралы).
Қазақ халқы ұлттық ойындарға бай халық. Жалпы ұлттық ойынның 100 астам түрі бар. Ұлттық ойын немен байланысты екенің сендер айтып бересіңдер.
2. «Ұлттық ойындар» — сұхбаттасу.
3. «Ұлттық ойындар» мәтінін мазмұндау.
ІІІ. Өткенді қайталау:
1) Ұлттық ойындар неше түрге бөлінеді? Атаңдар.
1. Аңдармен байланысты;
2. Заттармен байланысты;
3. Малдармен байланысты;
4. Ерлікті, икемділікті талап ететін ойындар;
5. Ойды талап ететін ойындар.
2 «Ой» қозғау стратегиясы:
— Ұлттық ойындар дегенде көз алдарында не елестетесіңдер?
— Қандай ұлттық ойындарды білесіңдер? (кластер толтыру);
қыз қуу,теңге алу,аударыспақ ,бәйге, көкпар ,тоғызқұмалақ
Балалар, бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы «Тоғызқұмалақ» ойыны туралы. Сабақта біз:
Білуіміз керек: тоғызқұмалақ ойыны туралы, мәтіннің мазмұның,
антоним,синоним, омоним сөздерді, дыбыстарды, зат есімді.
Игеруіміз керек: сұрақтарға толық жауаппен жауап беру, мәтәнде
мазмұндау, дыбыстарды, буындарды ажырату, зат есімге
морфологиялық талдау жасау,сөзтіркесер, сөйлем құрастыру.
ІІІ. Жаңа тақырып: 1.Оқушылардың қызығушылықтарын ояту үшін
«Тоғызқұмалақ» ойыны туралы видео көрсету. Оқушылардың
алдына мақсат қою: видеоны анықтап қараңдар және алдарындағы
кестені толтырыңдар.
Ойынның
аты Неше адам ойнайды? Ойынға керек заттар
2. Проблемалық сұрақ: Қазақтың ұлттық ойындары бізді неге тәрбиелейді? 3.Аудиозписьтен мәтінді тындайды.
— Мәтін не туралы? (оқушылар түсінгендерін орысша айтады).
3. Жаңа сөздермен жұмыс:
а) таныс емес сөздерді сөзідк дәптерлеріне көшіріп жазу;
ә) дұрыс оқуды жаттықтыру;
б) сөздерге синоним, антоним, омоним сөздерін табу:
4.Синонимдер: шұңқыр-апан, арнаулы- арнайы, мүмкін-бәлкім, дерек- мәлімет;
Антонимдер: мүмкін-мүмкін емес;
Омонимдер: мәдениет – культурный, цивилизованный.
в) сөзтіркестер, сөйлем құрастыру;
5. Мәтінмен жұмыс:
Тоғызқұмалақ – тамаша ойын.
Тоғызқұмалақ – еліміздің дәстүрлі ұлттық ойындарының бірі. Соңғы деректерге қарағанда, оның шығу тарихы 4 мың жылдық кезеңді қамтиды. Ал кейбір мамандардың айтуынша, оның пайда болған кезі бұдан да көп уақыт болуы әбден мүмкін. Тоғызқұмалақ өткен ғасырларда қазақ даласындағы ең кең тараған ойын болатын.
Тоғызқұмалақ – шахмат, дойбы секілді арнаулы тақтада ойналады. Бұл ойын терең ойды талап ететін Оның тақтасы ерекше. Бұрынғы кезде тақтасыз, жерден шұңқыр қазып ойнайтын болған. Тақтаның шұңқыры, қазаны бар.
Тоғызқұмалақ математикалық ойын. Ғасырдан ғасырға, ұрпақтан ұрпаққа мұра болып қалған мәдениет үлгілерінің бірі – тоғызқұмалақ ойыны.
Тоғызқұмалақ ойыны, негізінен, Орталық Азиада кеңінен тараған (топтық жұмыс) әр топ өз абзацтағы мәтінді оқып аударады және атайды.
Жоспар.
1. Тоғызқұмалақ ойының тарихы.
2. Ойынның ережесі.
3. Тоғызқұмалақ математикалық ойын.
IV. Жаңа тақырыпты бекіту: Сұрақтарға жауап беру:
— Тоғызқұмалақ қандай ойын?
— Қай жылдық кезеңді қамтиды?
— Өткен ғасырларда тоғызқұмалақ қай жерлерде кең тараған ойын болатын?
— Тоғызқұмалақ қайда ойналады?
— Бұрынғы кезде қалай ойнаған?
— Тоғызқұмалақ нені талап етеді? т.б.
Қорытындылау: Тоғызқұмалақ ол қазақ халқының ең бір қызықты ойындарының
бірі. Бұл ойынды қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаев қырдың
тоғызқұмалақ, дойбы сияқты ойындарына көп уақыт бөлетін, қызықтап
қазіргі уақытқа дейін мұражайда сақтаулы тұр.
V. Грамматиканы қайталау: Мәтін бойынша деңгейлік тапсырмалар орындау:
1 деңгей.
Тоғызқұмалақ деген сөзді сөз құрамына қарай талдау.
Тоғыз-түбір, құмалақ — түбір (тіркескен сөз).
2 деңгей.
Тоғызқұмалақ – фонетикалық талдау.
Не?- зат есім- дара-негізгі-жалпы- жансыз.
3 деңгей.
Мәтіннен алған сөздерге жұрнақтарды жалғап, сын есім жасаңдар. Бір сөзбен сөйлем құрастырыңдар.
Ұлт-тық, арнау-лы, математика-лық, мәдениет-ті, жыл-дық.
Мысалы: Қазақтың ұлттық ойндары көп. Тоғызқұмалақ – математикалық ойын.
V. Қорытындылау: Семантикалық картаны толтыру:
дұрыс бұрыс
1. Тоғызқұмалақ еліміздің дәстүрлі ойыны. +
2. Ойынның тарихы 5 мың жылдық кезеңді қамтиды. +
3. Тоғызқұмалақты арнаулы тақтада ойнайды. +
4. Тоғызқұмалақ шапшандықты талап етеді. +
5. Тоғызқұмалақ ойыны Орталық Азияда кеңінен тараған. +
— Қандай ойын түрімен таныстық?
— Тоғызқұмалақ ойыны бізді неге тәрбиелейді?
— Тоғызқұмалақ ойыны сендерге ұнай ма?
VІ. Бағалау.
VІІ. Үй жұмысы: 1. Жаңа сөздерді жаттау.
2. Мәтінді мазмұндау.
3. 113 б. «Тоғызқұмалақ» мәтінін аудару. (1 қатар-1,2абз., 2 қ.-3 абз, 3 қ.-4,5 абз).
Сабағыңыз ұнады. Жұмысыңызға шығармашылық табыс тілеймін.
Тоғызқұмалақ ұлттық ойын.Тоғызқұмалақ ойнау адамның ой-өрісін дамытады,миды жаттықтырады.Бір жазбалардан оқыдым,Бекет атада тоғызқұмалақты ойнаған.
Тоғызқұмалақ ойынын жақсы көремін. Тоғызқұмалақ ойнвй білген бала Математикаға жақсы болады
Тоғызқұмалақ ойынын кеңінен түсіндіре білдіңіз. Сабақта көптеген әдістерді қолдана білдіңіз, сол арқылы оқушылардың ой-өрісін кеңейте білдіңіз, аудару қабілеттерін дамыта білдіңіз, сондай-ақ басқа пәндермен байланыстыра білдіңіз. Рақмет!
Сіздің сабағыңыз маған қатты ұнады, сабағынызды үнемі сайтқа салып тұрасызба жаңартылғанын
Сіздің сабағыңыз маған қатты ұнады, сізден көшіріп алуға бола ма?
Сізге жауап жазылды.
Сіздің сабағыңыз маған қатты ұнады, сабағынызды көшіріп алуға болады ма?
Сайтқа тіркелу арқылы.