Сабақ жоспары «Ұлттық тағамдар»

Ұлттық тағамдар
Қазақ тілінен күнтізбелік- сабақ жоспары.
Мектептің әдістемелік тақырыбы: «Қазіргі сабақ – басты құзырлықтың қалыптасуы мен дамуына себеп болатын орта».
Әдістемелік бірлестіктің тақырыбы: «Мектеп моделінің тақырыбына сай шығармашылығы дамыған және білім деңгейі жоғары жеке тұлғаны қалыптастыру».
Жеке әдістемелік тақырыбым: «Қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында инновациялық технологияларды қолдану арқылы оқушылардың ауызекі сөйлеу тілін дамыту».
Пән: қазақ тілі Сынып: 6
Тақырыбы: «Ұлттық тағамдар».

uzdLAZ
Мақсаты:
Білімділік мақсаты: ұлттық тағамдар туралы түсінік беру. Ұлттық тағамдар түрлерімен таныстыру.
Грамматика бойынша етістік, зат есім, есімдіктерді ажырата білуге дағдыландыру..
Дамытушылық мақсаты: оқушылардың логикалық ойлау қабілетін, тілін, шығармашылығын дамыту.
Тәрбиелік мақсаты: қазақ халқының салт-дәстүрлерін білуге, құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктері: слайд, мақалдар, видео.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
Сабақтың типі: білімді жинақтау, жүйелеу сабағы.
Сабақтың әдістері: өзіндік ізденіс, топтық жұмыс, мәнерлеп оқу, сұрақ-жауап, деңгейлік тапсырмалар, шығармашылық жұмыс, жекелей, жұптық.әңгімелеу.
Пәнаралық байланыс: әдебиет
Қолданған технологиялар: интерактивті, саралап-деңгейлеп оқыту.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Амандасу. Оқушыларды түгелдеу.
2. Кезекшімен сөйлесу:
-Қай жыл мезгілі?
— Ауа райы қандай?
— Бүгін нешесі?
— Аптаның қай күні? т.б.

3. Фонетикалық жаттығу:
Тән дыбыстарды қайталау: қ,ә,і,ң,ғ,ү,ұ,ө,һ
1.Ащық, тұйық,бітеу буын жаса (қо,ға,ғу,ға; ақ,оң,ағ; қақ,сақ…);
2.Буындардан сөздер құрастыру: қа….қалам,қағаз,қара,қалың; ға …
ғалым, ғарыш…;
3. Жаңылтпашыт дұрыс, тез айттыруға жаттықтыру:
а)Тары ақта,
Қапқа қақта.
ә)Шеше неше кесе сыңды кеше?
ІІ. Үй жұмысын тексеру: 1. — Биыл біздің Тәуелсіздігімізге 20 жыл. Біз осы 20 жылдың ішінде көптеген
жетістіктерге жеттік. Қазір біз бақытты өмір сүреміз. Олар соғыс кезіңде елді қорғап алған батыр, ержүрек Отандастарымыз, Қазақстандық батырларымыз.
Әрине солардың ішінде батыр қыздарымыз әлия Молдағулова мен Мәншук
Маметова. Олар кім? Қандай ерліктер жасады? (оқушылар өздері дайындап
әкелген презентациялар арқылы әңгімелейді).
2. Әлия мен Маншұкке арнап қазақтың ақын-жазушылары көптеген өлеңдер
де шығарған. (өлеңді жатқа айтады).
ІІІ. Жаңа тақырыпқа түсу кезеңі: 1.Сабақтың тақырыбымен таныстыру. 2. Мақсаттарымен таныстырып кету: Бүгін сабақта, балалар біз не білуіміз керек: ұлттық тағамдар туралы, еттің адамдарға тигізетін пайдасын, мәтіннің мазмұның,сөз таптарын, етістіктің райларын.
Игеруіміз керек: берілген сұрақтарға толық жауаппен жауап беру,қазақ тілінен орыс тіліне аудару, өз ойларынды еркін жеткізу, сөз таптарын ажырату. 3. «Тамақтану» туралы сұхбат. (оқушылар оқулықтағы диалогты толықтырып өзара сөйлеседі).
Оқушыларға проблемалық сұрақ қойылады: -Деніміз сау болу үшін
қалай тамақтануымыз керек? Осы сұраққа сабақта жұмыс істей отырып ,соңында жауап береді.
ІІІ. Өткенді қайталау: — Әр халықтың өзіне тән ұлттық тағамдары бар. Қазақ халқы өздерінің ұлттық тағамдарымен бай, танымал халық.
-Ұлттық тағамдарының қандай түрлерін білесіңдер? (кластер толтыру).

еттен сүттен ұннан
Еттен (қызыл тағамдар): қазы, қарта, шұжық, қуырдақ …;
Сүттен (ақ тағамдар): қымыз, шұбат,көже,ірімшік,құрт, айран,сүзбе…;
Ұннан ( дән тағамдары): бауырсақ, шелпек, тоқаш… .
ІV. Жаңа тақырыпқа дайындық кезеңі: Жаңа сөздермен жұмыс:
1.мұғалім жаңа сөздердің дұрыс айтылуын үлгі ретінде оқидыі;
2.әр сөзді хормен оқиды.оқушылар жаңа сөздерді дұрыс оқиды;
3.оқушылар жеке оқиды;
4. сөздік дәптерлеріне көшіреді.
5. Сөздік картасымен жұмыс: жаңа сөз+синоним+антоним+сөз тіркес+сөйлем
Мысалы: кәрі қарт жас кәрі мал
V. Жаңа тақырып: 1. Мәтінді үнтаспадан тындайды.Мұғалім оқушылардың алдына мақсат қояды: мәтінді аңықтап тындап, не туралы айтылғаның айтып беріңдер.
— Мәтін не туралы?
2. Мәтінді мәнерлеп тізбектеп оқиды.
V. Бекіту кезеңі: І-деңгей: Сұрақтарға жауап беру: -Қазақтың басты ұлттық тағамы не? — Жылқының етінен не дайындайды?
-Жылқы етінің қандай ерекшелігі бар?
ІІ-деңгей: 1.Мәтіннің мазмұнн айтып беру. 2.а)Мәтіннен етістіктерді, зат есімді, сын есімді үш бағанға бөліп теріп жазу.
1етістікке, зат есімге,сын есімге морфологиялық талдау жасаңдар. (үш
оқушы тағтада орындайды.)
Ет-не? зат есім, негізгі, дара, жалпы, жансыз.
Қуырады – не істейді? етістік,негізгі, дара, болымды, салт етістік.
Сіңімді- қандай? Сын есім, дара, негізгі, сапалық.
ә)Мәтіннен шартты райда тұрған етістіктерді теріп жазып, жасалу жолын
түсіндеріңдер.
ІІІ-деңгей: Мәтінді жалғастырындар.
Жаңа тақырып бойынша білімдерін кеңейту: 1. «Қазақша ет даярлау» видео қарау.
Видеоны қарамас бұрын оқушылардың алдына белгілі бір мақсат қою.
1 топ: қазақша ет даярлау үшін қандай азықтар керек?(ет,тұз,ұн, шұжық,пияз,бұрыш…) 2 топ: қазақша еттің даярлау жолы.(керек етістіктерді мұғалім береді: жуу,салу,пісіру,даярлау,қосу,жаю,кесу,пісіру,дайындау,турау,құю).

2. Балалар, тамаққа баланысты көптеген тыйым сөздер бар. Біз оларды естерімізде сақтап, әрқашанда орындауға тырысуымыз керек.
Тыйым сөздер:
1.Тамақты күттіруге болмайды.
2. Нанды тастауға,шашуға болмайды.
3.Жерде жатқан нан болса, көтеру керек.
4. Таңертен нан ауызтимей үйден шықпау керек.
5. Дастарханды аттауға болмайды.

3. Мақалдың жалғасын тап: 1.Ас жүрген жер — … .
2. Ат – адамның …,
Ас- адамның … .
3.Дені саудың — рухы … .
4.Ас адамның — … .
Сабақты қорытындылау: Семантикалық карта толтыру:

Келісемін Келіспеймін
1.Қазақта ұлттық тағамдарының түрі аз.
2.Еттен түрлі тағамдар жасайды
3.Жылқының етінен бауырсақ, құрт жасайды.
4.Суық жерде жылқының сорпасы қатады.
5.Жылқының еті өте сіңімді болады

Проблемалық сұраққа жауап беру: -Деніміз сау болу үшін қалай тамақтануымыз керек?
Бағалау.
Үй жұмысы: 1. Сөздерді жаттау.
2. Ұлттық тағамдар туралы әңгімелеу.

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Пікірлер2
  1. Ырысжан

    Әр халық өзінің ұлттық тағамдарымен ерекшеленеді.Біздің қазақ залқының тағамдары да өзгеше.Әсіресе біздің ұлттық тағамымыз ет тамағы.Қонақ келгенде де сол тамақты асып береміз.

  2. Алмагуль

    Ұлттық тағамдардың мән-мағынасын көрсете білдіңіз! Тамаша, рақмет сізге!

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ