Ғажайып түс (ертегі)

Бірде Арман түс көреді. Түсінде оның дене мүшелері дауласады. Бас бірінші болып былай дейді:

-Мен бәрін басқарамын, менде көз, ауыз, құлақ, мұрын бар. Мен болмасам, адам ештеңені көрмейді, естімейді, иісті де сезбейді, сөйлей де алмайды, тіпті аштан өлер еді.

-Егер мен болмасам, сені ары-бері, жан-жаққа кім бұрар еді?-деді Мойын.

Осы кезде қызу таласқа Қол араласты:tus

-Егер мен болмасам, жүк тасу, тамақ дайындау, кір жуу, үтіктеу, жазу, сурет салу, әртүрлі аспапта ойнау да қиынға соғар еді.

Бір кезде Кеуденің де шыдамы таусылып:

-Мен ше?! Егер мен болмасам, адам болар ма едің? Мойын, сен қайда қалар едің? Қол-аяқ, сендер ше?-деді.

-Ал сендер біздің арқамызда мектепке, дүкенге, киноға барасыңдар. Күні бойы жүгіреміз, сонда да рақмет айтпайсыңдар, -деді Аяқ.

Бұл айтыстың қалай аяқталатыны Арманды қатты қызықтырды, бірақ ең шиеленіскен жерінде ол оянып кетті.

Ал сендер қалай ойлайсыңдар? Адамға ең керегі қай мүшесі?

Қарағанды облысы. Жезқазған қаласы

№ 11 орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі
Төрехан Нұргүл Төреханқызы II-санат.

Пікірлер9
  1. Рауан

    ЖОҚ

    ӨТРЫК АЙТАМ БАР

  2. Жалғас

    Менін ойымша ен манызды мүше ол жүрекпен мый

  3. Айназ

    Жалғасы бар ма өте қызық екен

  4. Әділет

    маған қаты ұнады жалғасы барма

  5. Данагүл

    Жалғасы бар ма

  6. Акерке

    Маган оте кызык болды. Жалгасы бар ма?

  7. Илхам

    Қалғаны маған өте қызық болып тұр

  8. Айзада

    жақсы екен тек шынымен де жалғасы қайда?

  9. заманбек

    жалгасы кайда

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ