Бастауыш пен балабақша және ата-аналар сайты.
  • Ұстаздарға
    • Ұстаздар еңбегі
    • Көрнекіліктер
    • Түйіндеме жасау
    • Сертификат
    • Слайд презентация
    • Балалар ойындары
    • Бастауыш сыныпқа
    • Тәрбиешілерге
    • Мақала жариялау
    • Минусовка
    • Мерекелер
    • Конкурстар
  • Жоспарлар
    • Ағылшын тілі
    • Әр түрлі
    • Бастауыш сынып
    • Балабақша
    • Биология
    • География
    • Информатика
    • Қазақ тілі
    • Логопед дефектолог
    • Математика
    • Өзін-өзі тану
    • Тарих
    • Технология
    • Физика
    • Химия
  • Балаларға
    • Мақал мәтелдер
    • Жұмбақтар жауабымен
    • Ертегілер
    • Мультфильмдер
    • Тақпақтар
    • Шығармашылық
    • Сіз білесіз бе?
  • Аналарға
    • Ана және бала
    • Бала денсаулығы
    • Сұлулық
    • Жүктілік күнтізбесі
    • Баланың жынысын анықтау
    • Сәби жынысын жоспарлау
    • Овуляция күнтізбесі
    • Қалай жүкті болуға болады

Негізгі бет > Ертегілер > Мультфильмдер

 

Жеті лақ пен қасқыр ертегісі


жеті лақ ертегісі

Ерте, ерте, ертеде бір ешкінің жеті лағы болыпты. Бір күні ешкі орманға баруға жиналып, лақтарын шақырып алып, ақылын айтады:
– Шырақтарым, ешкімге есік ашпаңдар. Орманда қасқыр жүр. Мен келгенде
-«Шырақтарым – лақтарым, аналарың келді, сүт әкелді», – деп әндетемін дейді.

Осы кезде терезе сыртында тұрған қасқыр,  ешкінің лақтарына айтқан сөздерінің барлығын естіп алады. Ешкі кетісімен қасқыр есікті қағып, өзінің жуан әрі жағымсыз дауысымен оның әнін айтады. Бірақ лақтар қасқырдың дауысы екенін біліп, есікті ашпайды. Қасқыр саудагерге барып бор сатып алды.

Бордың бір кесегін жегенде даусы аздап жіңішкерді. Осы дауыспен ән айтып еді, лақтар тағы алданбады.

Қасқыр ұстаға барып, даусын жіңішке ету үшін өзіне тамақ жасатып алады – даусы ешкінікі сияқты жіңішке болып шығады, бірақ жаңа дауыстың да көмегі болмайды – лақтар қасқырдың аяғын көріп қойып, есікті ашпайды. Қасқыр жылдам наубайшыға барып, аяғына себетін ұн сатып алады.

Қасқыр есік алдына қайтіп келіп, ақ аяғын лақтарға көрсетіп тұрып әнге басады:-

Шырақтарым –лақтарым, аналарың келді, сүт әкелді. Қорықпаңдар, есікті ашыңдар! – дейді

Лақтар қасқырға сеніп есікті ашады!

Қасқыр үйге кіріп келгенде лақтар жан-жаққа қашып, тығылып қалады. Қасқыр олардың бәрін де тауып, жеп қойады. Тек біреуін ғана таба алмай қалады ол сағаттың артына тығылған еді.

Қарны тойған қасқыр ағаш көлеңкесіне жата кетіп ұйқыға кіріседі.

Ұзамай ешкі үйіне оралады. Есікті итерсе, есік ашық тұр екен.

Ешкі үйге кіріп, лақтарын шақырады. Аман қалған лақ қарсы алдынан шығып, болған жайды айтып береді. Ешкі мен лағы үйдің артына шығып қараса, қасқыр көгалда шалқасынан түсіп қорылдап жатыр екен. Ешкі мүйізімен қасқырдың қарнын жарып жіберіп алты лағын құтқарып алады. Бәріде аман-есен екен.

Ешкі мен лақтары қатты қуанады.

Қасқыр оянбай тұрғанда ешкі оның қарынын таспен толтырып, қайтадан тігіп қояды. Шөлдеген қасқыр су ішпек болып құдыққа барады .Сол кезде оның ішіндегі ауыр тастар оны төменге тартып, қасқыр құдыққа құлап, батып кетті.

Осымен ертегіміз аяқталды назар салып тыңдағандарыңызға көп рақмет! Егер мультфильм сіздерге ұнаса пікір жазып, лайк басып, каналымызға жазылыңыздар.

Мына ұқсас жазбалар топтамасын ұсынамыз:

  • Халуа жауған күн
  • Патша мен бағбан ертегісі
  • Ат пен марал ертегісі
  • Аңқау арлан қасқыр туралы ертегі
  • Апамның әңгімелері

Пікірлер 28 Пікір қосу

  • Бейсен Ұлдана 18.12.2021 күні 10:11 уақытында

    Қызық ертегі

    Жауап беру
  • Нағима 03.11.2021 күні 16:07 уақытында

    Балаларға осындай ертегілер керек, қазіргі ертегі мультфильмдер бір түрлі

    Жауап беру
  • Айгерим 06.09.2021 күні 19:58 уақытында

    Ертегі бала санасын ой-өрісін кеңейтеді, дамытады.Окыдым. Жатарда айтып беремін қызыма.

    Жауап беру
  • Оралова Айшагүл Болатбекқызы 05.04.2021 күні 14:34 уақытында

    Балаларға керек дүниенің бәрі бар бұл сайтта. Мың алғыс.

    Жауап беру
  • Баян 04.04.2021 күні 17:02 уақытында

    сапасы жаксы балаларга унайды деп ойлаймын

    Жауап беру
  • Турганым 25.03.2021 күні 20:16 уақытында

    Осы ертегіні менің сіңілілерім қатты жақсы көреді.Жеті лақтың жетеуіне қойып алған аттарыда бар…..

    Жауап беру
  • Оразамбаева Айжан 12.03.2021 күні 14:54 уақытында

    Керемет ертегі. Өзіміз де бала кезден осындай ертегілер тыңдап өстік. Қазір балаларымызға айтып жүрміз. Ертегілеріңіз үшін рахмет!

    Жауап беру
  • ясина 12.03.2021 күні 14:50 уақытында

    Балабакша балаларына сахналык коринис ретинде коюга арналган оте женил ертеги екен.Осы сайтта барин табуға болады

    Жауап беру
  • каракат 24.02.2021 күні 12:26 уақытында

    керемет ертегі өзіме ұнайды оқығанмын

    Жауап беру
  • Гулмира 13.02.2021 күні 09:09 уақытында

    Балабакша балаларына сахналык коринис ретинде коюга арналган оте женил ертеги екен. Тили женил

    Жауап беру
  • САМАЛ 15.01.2021 күні 15:52 уақытында

    балаларға ұнайтын ертегілердің бірі осы ертегі

    Жауап беру
  • Жансая 21.12.2020 күні 19:16 уақытында

    өте керемет. балалрға қажетті заттардың барлығы бар

    Жауап беру
  • Бибігүл 18.12.2020 күні 22:44 уақытында

    Орта топқа сахналық көрініс әдісімен қоюға болатын жеңіл ертегі

    Жауап беру
  • Жумамуратова Жулдыз 02.12.2020 күні 16:07 уақытында

    Жеті лақ ертегісі өзімнің сүйіп тыңдайтын бала кезімнен құлағымызға құйып құрышын қандырып естіген ертегіміз.Мен өскенде өзімнен кіші іні сіңілдеріме айтып беретінмін.Балалы болғанда балаларыма айтып бердім Енді міне тәрбиеленуші бүлдіршіндеріме айтып жүрмін.Өте мағыналы тілге жеңіл жаттауға да қолайлы ертегі.

    Жауап беру
  • Рахметова Айтолқын 03.11.2020 күні 00:25 уақытында

    Ересектер тобына сақналық көрініс қылып қоюға болатын жеңіл ертегі.Үлкендер ақылын тыңдауға тәрбиелейді.

    Жауап беру
  • Айгүл 29.10.2020 күні 08:43 уақытында

    суреттердің сапасы өте жақсы.балалрға түсінуге жеңіл

    Жауап беру
  • Акерке 21.10.2020 күні 17:18 уақытында

    Есте қаларлықтай ертегінің бірі. Бәріміз сценарий құрып ойнағанымыз есіме түсіп кетті ғой?

    Жауап беру
  • Мөлдір 20.10.2020 күні 19:18 уақытында

    Біздің балалардың ертегісі. жалықпайды

    Жауап беру
    • Бейсен Ұлдана 18.12.2021 күні 10:10 уақытында

      Қызық ертегі.Балаларға керек

      Жауап беру
  • Сауле 18.10.2020 күні 15:37 уақытында

    Жеті лақ ертегісін балаларға ұнайды. Өте қызығып қарайды.Бұл ертегі ертегі жанрының ішіндегі хайуанаттар бағыты бойынша жазылған. Мен кішкентай кезімде осы ертегіні оқыған болатынмын.

    Жауап беру
  • Меруерт 14.10.2020 күні 13:28 уақытында

    Ертегі балаларды тәрбиелеуде маңызды роль ойнайтын ауыз әдебиетіміздің бір бөлігі,балаларды жақсылық пен жамандықты айырып бауырмалдыққа тәрбиелейтін,ой өрісін өсіріп.қиялын шарықтататын білім көзі

    Жауап беру
  • Диана 22.09.2020 күні 12:51 уақытында

    Классикалық жанрдағы ертегі әрқашанда ұнамды?

    Жауап беру
  • Бекзат 19.04.2020 күні 22:43 уақытында

    Бұл ертегі ертегі жанрының ішіндегі хайуанаттар бағыты бойынша жазылған. Мен кішкентай кезімде осы ертегіні оқыған болатынмын. Маған ертегі өте қызық.

    Жауап беру
  • Гулим 16.03.2020 күні 14:03 уақытында

    Балалардың сүйіп тыңдайтын ертегілерінің бірі!

    Жауап беру
  • Шынар 20.01.2020 күні 00:05 уақытында

    барлық керекті қазақша ертегілер бар екен. рақмет

    Жауап беру
  • Таңшолпан 07.01.2020 күні 07:19 уақытында

    Қызық ертегі. Балаларға ұнайды аптасына бір рет міндетті түрде оқып беремін

    Жауап беру
  • Бисенбаева Мирамкүл 10.12.2019 күні 15:38 уақытында

    «Жеті лақі» ертегісі хайуанаттар жайлы ертегіге жатады. Өте қызық, тартымды. Мұнда жеті лақі алданып қасқырдың қарнынан табылады. Сол кезде аман қалған лағымен бірігіп, береке – бірлік танытып, қасқырдан аман қалады. Бұл ертегі балаларды бір – біріне көмектесуге, береке бірлікке, бауырмалдыққа үйретеді.Ертегілеріңіз үшін сіздерге мың алғыс.

    Жауап беру
  • Эльмира 12.09.2019 күні 17:12 уақытында

    балаларға ұнайтын дүние. керемет кішкентай кезімізден тыңдап өскен ертегі ғой

    Жауап беру

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!
Жауапты кері қайтару

  • Күнделікті жұмыстар баланың дамуына қалай көмектеседі?

    25 Нау 2025 / Толық оқу

  • Оқуды бала үшін қызықты саяхатқа айналдыру

    19 Нау 2025 / Толық оқу

  • Как помочь ребенку понять Present Simple и Present Continuous: Практические примеры

    27 Қар 2024 / Толық оқу

  • қазақша жұмбақтар Жұмбақтар жауабымен

    1 Қыр 2019 / Толық оқу

  • тегін сертификат Тегін немесе Ақылы Сертификат Алу

    16 Ақп 2014 / Толық оқу

  • Оқушы портфолиосының үлгісі

    30 Там 2013 / Толық оқу

Жаңа жазбалар

  • Күнделікті жұмыстар баланың дамуына қалай көмектеседі?
  • Оқуды бала үшін қызықты саяхатқа айналдыру
  • Как помочь ребенку понять Present Simple и Present Continuous: Практические примеры
  • Бастауыш сынып тәрбиешісінің рөлі мен міндеттері
  • Ұстаздар күніне құтты болсын!

Сайтта жарияланған мақалаларды сайт әкімшілігінің рұқсатынсыз басқа сайттарға жариялауға тиым салынады.Мақаланы басқа сайтқа жариялауға байланысты сұрақтарыңызды hat@erketai.kz электронды почтасына жазыңыздар.Сайттың барлық құқықтары қорғалған © ERKETAI.KZ 2012 жылдан бастап жұмыс жасайды.