KAZ RUS

Балаларға арналған әңгімелер

Мақтаншақ бақа 

Мақтаншақ бақа 2-сыныпта оқиды. Достарының барлығы оның ерекше мақтаншақ екенін бұрыннан білетін. Бірақ бүгінгі қылығы есте қаларлық болды. Әдебиеттік оқу сабағынан кейін мұғалім оқу қарқынын тексеретінін айтты. Жапалақ мұғалім екінші жарты жылдықта 55-60 сөз оқи алуымыз керек екенін айтты. Барлық оқушылар кітаптарын ақтарып дайындала бастады. Тек қана мақтаншақ бақа осы кезге дейін, көптеген кітаптар оқығанын, ол үшін 60 сөз оқу қиынға соқпайтынын айтты. Мақтаншақ бақаның ойынша,білімді болу үшін, теледидар қарасаң да жеткілікті, кітап оқып уақыт өткізгеннен не пайда.
Жапалақ мұғалім барлық оқушылардың оқу қарқынын тексеріп, жақсы жетістік көрсеткендерін атап өтті. Минутына 144 сөз оқыған аққу, 110 сөз оқитын қарлығаш және 89 сөз оқитын құмырсқа алғашқы орындарды иеленді. Барлық оқушылар оларға қызыға қарады. Мақтаншақ бақа «Мен неткен ақылдымын, бәрібір соңынан санағанда бірінші орын менікі»-деп мақтанды. Досым сен ше? Минутына неше сөз оқисың?

балаларға арналған, әңгімелер, қызықты, топтамалары, жиынтығы

Сүйкімді Ботагөз 

Ботагөз әрқашан сабаққа ерекше дайындықпен келеді.Өзі үнемі терең ой құшаында жүреді. Ұстазының әр сөзін байыппен, ерекше ынтамен тыңдап,іштей қайталап отырады. Бүгін мұғалім ерекше тапсырма берді. Оқушыларға «Алтын балық» ертегісін оқып беріп: « Егер сендер алтын балықты ұстап алсаңдар қандай тілек тілер едіңдер,ойларыңдағы армандарыңды қағазға жазыңдар»-деді. Бүлдіршіндер өз арман,тілектерін қуана күбірлесіп жаза бастады. Аздаған үзілістен соң оқушылар жазба жұмыстарын оқып берді. Ержасын маған машина керек десе, Жансулу әдемі қуыршақ сұраймын деді. Жансая үлкен үй сыйласын, мен әкеммен және анаммен сол үйде бақытты өмір сүргім келеді деді. Барлық оқушылар өз ойларын жарысаоқып беріп жатты. Тек қана Ботагоз үндемей отырды. Мұны байқаған мұғалім: «Ботагоз, сен алтын балықтан қандай тілек тіледің?»-деп сұрады. Азырақ үнсіздіктен кейін Ботагоз өз жазғанын оқып берді. «Егер де мен, алтын балықты ұстап алсам,ең бірінші анама денсаулық сұрар едім. Анам ауырып қалса, мен қатты уайымдаймын. Содан кейін әкеме,сүйікті тәтеме де, егер де ата-анам қасымда аман-сау болса, қалғанының бәрі болады»-деді.   Мұғалім  сүйкімді Ботагозге үлкен сүйіспеншілікпен таңырқай қарады, сыныптастары да үлкен ойға батып кетті.

Ерекше жаңа жыл

 2-сынып  оқушысы Әкежан анасы мен әкесінің жалғыз баласы болғандықтан, өте ерке  болып өсті.  Ата-анасы да ерекше мәпелеп айтқанын екі етпейді. Міне көптен күткен жаңа  жыл да  келді.  Әкежан үшін  басқа мерекелерден  гөрі  жаңа жыл сыйлығы  мол, тәттіге тоятын ерекеше күн.  Ата-анасы былтырғы  жылы бағасы  қымбат тұратын ұялы  телефон  сыйлаған болатын.  Аяз ата беріп жіберді деп ата-анасы  алдаса да,  Әкежан сыйлықтың қайдан келгенін жақсы біледі. Биыл да ата-анасына  Аяз атадан  қандай сыйлық күтетінін алдын-ала ескертіп қойған еді.  Бірақ, жаңа жыл күні түні ақ халатты дәрігерлер келіп, анасын алып кетті. Аң-таң  болған Әкежан  әкесіне: «Әке, менің сыйлығым қайда? Аяз ата мені биыл ұмытып кетті ме? Анам қайда кетті?  Қалай жаңа жылды қарсы аламыз?»-деді жылам- сырап.  Сәлден соң телефон шырылдады.  Қуана жымиған әкесі: «Сен биыл ерекше сыйлыққа ие болдың , Аяз ата саған іні сыйлады»-деді. Бауырлары бар өзге балаларға  ерекше  қызғаныш- пен қарайтын,  Әкежанның  қуанышында шек жоқ.  Қатты қуанғаны сондай, қолын шапалақтап секіріп жіберді.  Әкежан үшін бұл жаңа жыл ерекше болды. Ол тіпті армандаған сыйлығын ала алмағанына да өкінген жоқ.

Мақала авторы: Жақсы ауданы.Жақсы №1 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі: Бақтыбаева Мөлдір Балғабайқызы.

Пікірлер33
  1. Опи

    КуУккуУу

  2. Айгерім

    Кызык оте.автор жарайсыз.әр балаңызды бакылап,осындай керемет әңгіме юащганыңыз маган ұнап калды.тагы да кызыкты әңгімелер күтемін

  3. Айгерім

    Освндай кызыктыәңнімелердің болганы біз үшін де бала үшін де маңызды.маган ұнады әңгімелер.тагы да коптеген мән магынасы бар әңгімелерді күтемін.рахмет

    1. Маржан

      Бізгеде ұнады, тәрбиесі бар, балаларға ой салатын, өте жақсы, тағы күтеміз?

  4. Бактыбаева Молдир Балгабаевна

    Мейірімді қарлығаш

    Жазғы демалыста ауылдағы нағашы әжем мен атамның үйіне қыдырып бардым. Ауылдағы демалысым қызықты өтіп жатты. Күнде түс ауа өзенге суға шомылуға барамыз. Атаммен бірге қой бағуға барамын, атқа мінуді де үйреніп алдым. Әжем ауылда өтетін барлық той-томалаққа мені өзімен бірге алып барады. Қызықтың бәрін осы тойлардан көресің. Ауыл балаларымен бірге асыр салып ойнап-күліп жазғы демалысым өте қызықты өтіп жатты.
    Бірде төрде шалқалап жатып үйдің төбесіне салынған екі ұяны көріп қалдым. Қаланың баласы болғандықтан үйдің ішінде салынған ұялар менің қызығушылығымды оятты. Әжеме айтып едім, ол кісі «Жарықтық, Қарлығаштың ұясы ғой, балам тиіспе, үркітіп аласың»- деді. Мен енді екі ана қарлығаштың ұясына кіруін, балаларына қорек тасуын бақылай бастадым. Бір күні екінші ұяға келуі тиіс қарлығаш келмей қалды. Ана қарлығаш екінші күні де келмеген соң, бір жағдайдың болғанын сезіп, болашақ балапандары үшін жүрегім ауырды. Міне қызық! Бірінші ұяға келіп жүрген ана қарлығаш қоректі екі ұяға кезек-кезек таси бастады. Арада айлар салып екі ұядан да балапанның шиқылы естіліп, мен қатты қуандым. Сол күннен бастап мен, қарлығаш ананың жүрегі де бар өмірін маған және менің бауырларыма арнаған, біздер үшін көптеген қиыншылықтарды көріп жеңе білген, балапанын қорғаған қарлығаштай таң ата ұядан ұшып кетіп, кешке Алланың берген ризығымен бізді тамақтандырған, қызғыштай қорып, мәпелеп өсірген менің анамның жүрегіндей мейірімділікке толы екен ғой деген ойға қалдым.

    Авторы: Бақтыбаева Мөлдір Балғабайқызы
    Жақсы №1 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі

    1. Гаухар

      Оте кушти, жаксы екен, Аллах берекесин берсин сизге!

  5. Назым

    Өте жақсы. Маған ұнады. Мәдениеттілік туралы әңгімелер керек еді.

  6. исламия

    әңгіме мен ертегіні шатастырмау керк.
    Мөлдір жазған өтірік өлең тәрбиеге пайдалы, Бәрекелде Мөлдір

  7. исламия

    әңгіме мен ертегіні шатастырмау керк.

  8. Бағила

    Тəрбиешілерге керекті əңгімелер. Рахмет

  9. Молдир Жанатова

    маган унады оте кызыкты жане оитутарлык

  10. Наргиза

    жаман емес типти кушти менин Аяулым деген Адилжан деген инимге синилиме унады

  11. Аяулым

    мынау жаман емес маган оте узагы керек

  12. Асел

    жаксы екен бирак узагы керек

  13. Аружан Тоқтарханова

    өте жақсы әңгімелер екен.Маған ұнады.

  14. Құндыз

    Мектепке дейінгі балаларға арналған әңгімелер жокпа бәрі сынып деп басталады екен

  15. Мөлдір

    Өтірік өлең

    Тышқанменен сауысқан байқаусызда
    Көк теңіздің астында кездесіпті.
    Жылынуға таласып сондағы отқа
    Түкті кілем үстінде белдесіпті.

    Қоян сұлу алмаға құмар болыпты,
    Жан құрбысы момын сұр жылан бопты.
    Шәй ішпек боп досына кетіп еді,
    Інінен сұр жыланның жылап шықты.

    Қой келді қос қасқырды жегіп алып,
    80 жыл жүргеніне егін салып.
    Ұзақ жыл жасағанын халқы біліп,
    Бергенді хрустальдан алқа тағып.

    Маусымда мұздан түлкі үй салыпты,
    Үйіне шақырыпыт үш балықты.
    Қақпанға тышқан түсіп қалған екен,
    Ескі дос мысық келіп құтқарыпты.

    Айнадан естіп әлем жаңалығын,
    Кірпіштен ән естілді жаңа білдім.
    Көрді де маймыл күлді өзіне-өзі,
    Алғаш рет айтады саналымын.

    Досым бар марғау аю оқымысты,
    Айтпаймын өлтірсең де өтірікті.
    Әр сөзіме сенсе де шыншыл Айса
    Дейді Пушкин мені әйдік өтірікші.

    Бақтыбаева Мөлдір Балғабайқызы
    Жақсы ауданы
    Жақсы №1 орта мектебінің мұғалімі

  16. Мөлдір

    Осы әңгімелердің авторы менмін. Ботагоз.Ержасын,Әкежан,Жансулу,Жансая менің сыныбымның оқушылары. Бастауыш сынып мұғалімі болғандықтан әр оқушымды бақылап жүремін. Осы әңгімелерді оқушыларымның кейбір қылықтарына сүйсініп жүріп жазған едім. Сіздеремн бөлісетін әңгімелерім өте көп. Айтайын дегенім. Аты-жөнімді жазсаңыздар екен. Жақсы ауданы.Жақсы №1 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі: Бақтыбаева Мөлдір Балғабайқызы.

    1. Erketai (автор)

      Салеметсіз! Аты-жөніңіз мақала авторы ретінде жазылып қойылды.

    2. исламия

      Өтірік өлең қазақ ауыз әдебиетінде бұрыннан бар. Бірақ мектеп, балабақша оқу мазмұнында жоқ.Оларды студенттерге сабақ беру барысында мүмкіндігінше қолданып жүрмін.Өтірік өлең балалардың қиялдануын(фантазия) дамытуда тиімді. Мен оны жаңа технологиялар мазмұнына ендіріп пайдаланып жүрмін. Өтірік өлең әдебиет, психология, педагогика тұрғысынан әлі зерттеуге алынбай келеді.Осыны болашақта қолға алсам деп жүрмін.

  17. Самал

    Біз бұл сайттан алаңсыз шықпайтын болдық. Рахмет балаларыма сайттарыңыз қатты ұнайды.

  18. милана

    《Я мультикты коре берсен коз ауырады я??》 дедi сiнлiм. Ойландыратын жаксы ертегi екен

  19. жібек

    маған менің сүйікті устазым туралы керек

  20. Дилназ

    ұнаған жоқ

  21. Дилназ

    білім туралы керек болып тур

  22. МЕРУЕРТ

    ОТЕ ЖАКСЫ ЕРТЕГИЛЕР ЕКЕН

  23. Айсулу

    оте жаксы менин кызым мактаншак баканын исине карап узак ойланып турды ал содан сон кызым теледидарды коп кормей,сабак окитын болды

  24. Айгерим

    Оте жаксы екен! Асиресе мактаншактык болмау керектигн уйретеди.жаксы талим тарбие

  25. Хамит

    Мұндай қазақша сайт болған өтте жақсы, үлкен рахмет сізге

  26. Erkezhan

    маған ұнады жақсы екен

  27. қарақат

    өте күшті екен іш пысқан да оқитын

  28. Аяулым

    жақсы екен шынымен менің 4 жасар сіңліме қатты ұнады

  29. Асель

    жақсы әңгімелер екен

Добавить комментарий

ErKeTai.KZ