Бастауыш пен балабақша және ата-аналар сайты.
  • Ұстаздарға
    • Ұстаздар еңбегі
    • Көрнекіліктер
    • Түйіндеме жасау
    • Сертификат
    • Слайд презентация
    • Балалар ойындары
    • Бастауыш сыныпқа
    • Тәрбиешілерге
    • Мақала жариялау
    • Минусовка
    • Мерекелер
    • Конкурстар
  • Жоспарлар
    • Ағылшын тілі
    • Әр түрлі
    • Бастауыш сынып
    • Балабақша
    • Биология
    • География
    • Информатика
    • Қазақ тілі
    • Логопед дефектолог
    • Математика
    • Өзін-өзі тану
    • Тарих
    • Технология
    • Физика
    • Химия
  • Балаларға
    • Мақал мәтелдер
    • Жұмбақтар жауабымен
    • Ертегілер
    • Мультфильмдер
    • Тақпақтар
    • Шығармашылық
    • Сіз білесіз бе?
  • Аналарға
    • Ана және бала
    • Бала денсаулығы
    • Сұлулық
    • Жүктілік күнтізбесі
    • Баланың жынысын анықтау
    • Сәби жынысын жоспарлау
    • Овуляция күнтізбесі
    • Қалай жүкті болуға болады

Негізгі бет > Әр түрлі

 

Егер де мен мектеп директоры болсам…


Тәуелсіздік алғалы бері елімізде әлемнің небір дамыған мемлекеттерімен қатарлас деңгейде болу үшін, көптеген игілікті істер жүзеге асырылып келеді. Еліміз өркениетті елдердің қатарынан орын алу үшін, білім саласының алатын орны ерекше. Білімді жастарды тәрбиелеу үшін, елімізде білім беру жүйесін заманауи технологиялармен қамтамасыз етіп, ұлттық яғни қазақ мектептерінің санын, сапасын аттыру қажет.

Қазақ мектебінің болашағы туралы Мағжан Жұмабаев «Әрбір елдің келешегі мектебіне байланысты» деп айтып кеткендей, мектеп- білім алдындағы үлкен кеме сияқты. Ал, директор кеменің ішіндегі басқарушы капитан- менеджер сияқты. Оқушылардың қаншалықты білімді болып шығатынына директордың ықпалы зор. Директор оқушылар мен оқытушылардың мектеп ішіндегі білімдерін жоғарылатуға жағдай жасайды.

Мектептің іші- сыртына, директор мен оқытушыларына қарап, оқушылардың қаншалықты білімді болатынын білуге болады деп есептеймін. Біраз жылдар өткен соң, қазақстанның мектептері электронды оқыту жүйесіне көшетініне кәміл сенімдімін. Электронды оқыту жүйесімен толық қамтылған, ең алғашқы мектеп менің мектебім болады. Сол мектептің дамуына байланысты алға қойған жоспарларым көп. Егерде мен мектеп директоры болсам, онда мен 2028 жылы 1 қыркүйектен бастап, Астана қаласындағы «№7 қазақ тіліндегі электрондық гимназиясы » мектебінің директоры болар едім.

директоры болсам шығармасы.Менің мектебімнің ерекшелігі:

1. Мектебімнің ғимараты киіз үй формасында арнайы шебер қазақ архитекторының дизайнымен салынған, 5 қабатты, 3000 оқушыға арналады. Мектеп бойынша 3 күзетші, екі қабатты 3 автобусы болады.

2.Оқушылар болашақтағы мамандығы бойынша мектепте тәжірбие өтеді. Яғни, мұғалім болғысы келсе, мұғалімді бақылайды, журналист мектеп жаңалығын жазады, офицер мектеп тәртібін қадағалайды тағыда басқа мамандықтар бойынша тәжірбие жинақтайды.

3. Менің мектебімде жоғары білімді мұғалімдер, оқушыларға өте қатты ұрыспайтын және де жан-жақты, көркем құралдарды көп қолдана білетін мұғалімдер жұмыс істейді.

4. Әр сыныптарда интрактивті тақта және әр оқушының партасында ноутбук беріледі. Баға қойылатын журнал электронді түрде болмақ және оқушылардың алған бағасын ата-аналарының электрондық поштасына жібереміз.

5. Мектепке 1 сынып оқушылары 6 жастан қабылданады. 12- жылдық білім беріледі. Бастауыш сынып 5- жылдық болады. 9-12 сынып оқушылары әр сабақты 60 минуттан, ал бастауыш пен 6-8 сынып 45 минуттан оқиды.

6. Әр оқушыларда сыныптары бойынша өздерінің жеке шкафтары болады. Барлық оқушыға бірдей формалар, әрине бастауыш сыныпқа жеке, 6-9 сынып аралығындағы оқушыларға басқа, 10-12 сыныптарға жеке форма, мұғалімдерде де біріңғай қазақы оюлармен безендірілген формалар болады.

7. Менің кабинетімнің жанында арыздар мен өтініштер жазатын қорап бар. Оны тек мен ғана аша аламын. Себебі, оның кілті тек менде болады.

8. Мұғалімдерге арналған жеке жедел саты болады. Жедел сатының жанына күзетші қойылады, себебі оқушыларға жедел сатымен жүруге болмайды.

9. Мектепте тыңдамайтын, тентек, сабақ мүлдем оқымайтын балаларға арналған бөлме ашамын. Сол бөлмеге тентек оқушыны және оның қасына сол оқушының қорқатын мұғалімін отырғызамын. Егер мұғалім ол баланың мінезін жақсы жаққа ынталандырса, үкімет оның жалақысына ақша қосады.

10. Мектеп ішінде үлкен спортзал, сыртында үлкен спорт қалашығы , бассейн және тренажор зал орналасады. Спорт қалашығында әр қаладан келген оқушылар менің мектебімнің оқушыларымен сайысады. Оқушылар хоккей, футбол, гольф, волейбол, баскетбол ойындары ойналады, сонымен қатар қазақ дәстүрін қалыптастырып ұлықтау үшін, міндетті түрде ұлттық ойындарынан сайыстар өткізіледі. Оқушылардың спортпен шұғылдануына баса көңіл аударамын. Дене шынықтыру сабағынан кейін 45 минут үзіліс беріледі.Ол үзіліс уақытында жуынатын бөлмеде жуынуға болады.

11.Оқушылардың сабақ үлгерімдерін рейтинг бойынша білуге болады, яғни ол дегеніміз қоғамдық іс-шараға, олимпиадалық сайыстарға, сабақ үлгерімін балдар бойынша қосып, сынып бойынша нешінші орында тұрғанын анықтайды. Сосын әр сыныптың рейтингі бойынша бірінші, екінші, үшінші орында тұрған оқушыларды суреттерімен бірге мектеп қабырғасына іліп коямын.

12. Үлкен кітапханада оқушылылар ұйықтауға , жатып оқуға болады. Кітап қоятын сөрелер бір-бірінен алшақ емес орналасады және оқитын, жазатын зал жеке болмақ.

13. Енді оқушылардың тамақтануына келетін болсақ, асханада әр оқушы өздеріне ұнаған тағамдарын өз еріктерімен тандай алады. Тек мектеп ішінде де, сыртында да асханадан басқа жерде тамақ жеуге болмайды. Зиянды тамақтар мысалға: фасфуттар, адам ағзасына ауыр тиетін , майлы, қуырылған тағамдарды мектеп ішінде жеуге тыйым салынады.

14. Конференция залында мұғалімдер жиналысы ұйымдастырылады және өте жақсы оқитын немесе басқа мемлекеттерге сайысқа барып, жүлделі оралған оқушылармен директор яғни, мен өзім дөңгелек үстелде кездесу ұйымдастырамын.

15. Екінші аяқкиім барлық оқушыларда бірдей ақ-қара түсті болады. Қыздарда кішкене ғана өкшелі ақ түсті, ал ұлдарда қара түсті кішкене оюлармен өрнектелген кеды болады. Екінші аяқкиімді мектебімнің ішіндегі кіреберістегі кішкентай шкафтарға қояды. Есігін жауып, кілттері өздерінде болады.

16. Мектеп ішінде әр түрлі үйірмелер және оған арналған арнайы жеке залдар болмақ. Би залында заманға сай және қазақы билерге бишілер дайындық жүргізеді.Сонымен қатар дизайн, қолөнер залы, дыбыс жазатын студия тағы да басқа үйірме залдары жеке болады.

Мектебімнің өз тәртіптері, өз талаптары болады. Мен ең танымал, білімді мектеп директоры боламын. Осы жоспарларымның орындалуына қазақ елі жұмылған жұдырықтай бір ауыздан келісіп, көмек қолын созады деген үміттемін. Егерде осы жоспарларым орындалса , онда менің мектебім Қазақстан мемлекетіндегі ең бірінші жан-жақты қамтылған мектептердің бірі болады.

Сондай-ақ мектебімнің түлектері болашақта, осы Қазақстанның дамуына ат салысып, үлкен үлес қосатынына сенімдімін. Белгілі педагог Ян Коменскийдің насихаттауында, «мектеп- балаға сүйіспеншілік, адамгершілік қасиеттерін тәрбиелейтін «адамгершілік шеберханасы» болуға тиіс» деген көзқарасты насихаттады. Сол сияқты менің мектебімде адамгершілік шеберханасы болуы үшін, бар жігерімді салып, қолымнан келгенін аянбаймын.

Мына ұқсас жазбалар топтамасын ұсынамыз:

  • Жаңа форматтағы педагог
  • Бәсекеге қабілетті оқушы тәрбиелеу
  • ҰБТ- оқушы мен мұғалімнің еңбегін бағалайтын көрсеткіш
  • Спортшы мұғалім
  • Мен ұстазбын

Пікірлер 11 Пікір қосу

  • Туктыбаева Ляззат 05.12.2024 күні 15:56 уақытында

    ұл жазбада автордың еліміздің білім беру жүйесінің болашағы мен оның дамуына қатысты ойлары айқын көрінеді. Тәуелсіздік алғаннан бері елімізде білім саласын дамытуға арналған көптеген шаралар қолға алынғаны және болашақта еліміз әлемнің дамыған мемлекеттерімен қатарлас болуы үшін бұл бағыттағы жұмыстардың маңызды екені атап көрсетілген. Автор қазақ мектептерінің санын арттыру және сапасын жоғарылату қажеттігін, сондай-ақ қазақ тіліндегі білім берудің маңыздылығын дәлелдеп отыр.

    Мағжан Жұмабаевтың «Әрбір елдің келешегі мектебіне байланысты» деген сөзін келтіре отырып, мектептің рөлі мен маңызын түсіндіреді. Мектеп директорларының да осы процесте үлкен ықпалы бар екені айтылады, себебі директорлар мектептің дұрыс жұмыс істеуі үшін барлық жағдайларды жасауға міндетті. Автор өз мектебінде электронды оқыту жүйесін енгізу жоспарын қойған және болашақта осы жүйеге толық көшкен алғашқы мектептердің бірі болуды мақсат еткен. Бұл жаңашылдықтар білім сапасын арттырып, оқушылардың дамуына жағдай жасайды деп сенеді.

    Жауап беру
  • Гульмира 30.05.2023 күні 09:20 уақытында

    Арманы орындалсын.Мектеп директоры болу – оңай шаруа емес.

    Жауап беру
  • Жами 24.11.2021 күні 16:24 уақытында

    бала кезде мама директор болса екен деп армандайтынмын осе келе оны умыттык кой

    Жауап беру
  • Айгерим 17.10.2021 күні 18:11 уақытында

    Менің ойымша, қазір мектептерде арыз ьен шағым қорабы бар. Ал басқаларымен сізбен толықтай келісемін!!!!

    Жауап беру
  • Фариза Маратова 26.08.2021 күні 21:27 уақытында

    Өте жақсы!!! Баламыздың ойлау қабілеті жақсы істеп тұр!!!

    Жауап беру
  • Алма 18.08.2021 күні 08:51 уақытында

    Арманың орындала берсін! Үздік мектептер мен білімді ұрпақтарымыз көп болсын. Тамаша!

    Жауап беру
  • Гулмира 08.07.2021 күні 10:12 уақытында

    Дәл осындай мектептер біздің елімізде көп болса екен,ол кезде барлық бала өз жолын жаңылмай табар еді,яғни мектептен болашақта кім болатынын айқындап шығар еді?

    Жауап беру
  • Маруза 25.01.2021 күні 00:33 уақытында

    Керемет!
    Армандаған мектебің сияқты мектептер көп болсын!
    Ең бастысы адамгершілік. Соны ұмытпапсың
    Жарайсың!

    Жауап беру
  • Ербол 15.05.2020 күні 23:25 уақытында

    Мен мектеп директоры болсам жақсы мамандары жұмысқа алып .. Білім сапасын көтеретін едім

    Жауап беру
  • Асемгул 19.11.2019 күні 09:39 уақытында

    Армандарыңыз орындалсын.Мектебіңізді оқып тасныстым.Керемет

    Жауап беру
  • Aknur 23.04.2019 күні 13:20 уақытында

    бұл баланың арманы керемет екен. барлық мектеп директорлары шынымен осылай армандайтын болса мемлекетіміз дамыған елдің қатарында ең бірінші тұрар еді деп ойлаймын. арманың орындалсын

    Жауап беру

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!
Жауапты кері қайтару

  • Күнделікті жұмыстар баланың дамуына қалай көмектеседі?

    25 Нау 2025 / Толық оқу

  • Оқуды бала үшін қызықты саяхатқа айналдыру

    19 Нау 2025 / Толық оқу

  • Как помочь ребенку понять Present Simple и Present Continuous: Практические примеры

    27 Қар 2024 / Толық оқу

  • қазақша жұмбақтар Жұмбақтар жауабымен

    1 Қыр 2019 / Толық оқу

  • тегін сертификат Тегін немесе Ақылы Сертификат Алу

    16 Ақп 2014 / Толық оқу

  • Оқушы портфолиосының үлгісі

    30 Там 2013 / Толық оқу

Жаңа жазбалар

  • Күнделікті жұмыстар баланың дамуына қалай көмектеседі?
  • Оқуды бала үшін қызықты саяхатқа айналдыру
  • Как помочь ребенку понять Present Simple и Present Continuous: Практические примеры
  • Бастауыш сынып тәрбиешісінің рөлі мен міндеттері
  • Ұстаздар күніне құтты болсын!

Сайтта жарияланған мақалаларды сайт әкімшілігінің рұқсатынсыз басқа сайттарға жариялауға тиым салынады.Мақаланы басқа сайтқа жариялауға байланысты сұрақтарыңызды hat@erketai.kz электронды почтасына жазыңыздар.Сайттың барлық құқықтары қорғалған © ERKETAI.KZ 2012 жылдан бастап жұмыс жасайды.