Таза, терең, өткір, күшті , кең тілім!

Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру мақсатында № 250 мектепте-лицейінде 16-26 қыркүйек аралығында «Таза, терең, өткір, күшті , кең тілім!» атты онкүндік өткізілді. Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын басшылыққа ала отырып іс-шаралар өткізу жоспары құрылып, бекітілді.

Тіл — халықтың рухы, оның ішінде қазақ тілі халқымыздың болашағы, рухани өміріміздің бір бөлігі, сондықтан ұрпақ тәрбиесінде тілдің құдіреттілігін таныту ерекше орын алады. Тілдерді дамыту мен қолдану және мемлекеттік тілді кең ауқымды қолдану үшін мектебімізде «Тіл-ұлттық қазына» тақырыбында 7 сыныптар арасында сайыс өткізілді.Сайыс «Бәйге», «Мақал-сөздің мәйегі», «Кім жылдам?» сұрақ –жауап турларынан болды. «Билер сөзі-нақылдың көзі» атты 7 «Д» сыныбында Салқынбаева Әлия және Саршаева Айнұр 8 «Г» сыныбында «Сұраулы сөйлем» тақырыбында ашық сабақтар өткізді.

Мектебімізде 20-дан астам өзге ұлт өкілдері білім алады.Өзге ұлт өкілдерінің мәдениетін, тарихын, салт-дәстүрін насихаттау мақсатында «Тілге құрмет-елге құрмет» атты өзге ұлт өкілдерінің қатысуымен кездесу кеш өткізілді. Кездесуге орыс, шешен, кәріс, татар және қазақ өкілдері келді. Қатысушылар ата-аналар мен оқушылар болды. Бұл кеште қонақтар өз ұлтының ұлттық киімін киіп, өздерінің салт-дәстүрлері туралы айтып, ұлттық тағамдарын әзірлеп келді. Оқушыларды қызықтырған әр алуан сұрақтарына жауап беріп отырды. Ұйымдастырушылар қазақ тілі мұғалімі Г.Аяпова және тәлімгер Ж.Жанаева.

Сөз қадірін ұғыну, сөз мағынасының тереңдігін түсіну мақсатында 6-сыныптар арасында «Сөз мерген» сайысы өтті.. Сайысқа қатысушы оқушылар мақал-мәтел, жұмбақ, жаңылтпаштар айтып жарысты. Көнерген сөздердің мағынасын түсіндіріп, мысалдар келтіріп жатты.

Ұйымдастырушылар қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімдері А.Сұрауова мен Г.Болатқызы.

Әр сынып «Тіл жанашырлары», «Бір жер, бір ел, бір тағдыр», «Қазақтың салт-дәстүрлері», Тіл-ұлт қазынасы» тақырыбында газет, суреттер байқауы өтті. Бастауыш сынып оқушылары суреттер байқауына қатысып, сыйлықтармен марапатталды. 22 қыркүйек Тіл мерекесіне орай «Мемлекеттік тіл-менің тілім» атты мерекелік шара өтті. Мерекенің өтуіне мектептің өнерлі балалары мен өзге ұлт өкілдері қатыстысып, өз өнерлерін көрсетті.

Қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімі Өтепова Раушан «Қыз өркем-қылығымен көркем» атты байқау 5-6 сыныптарарасында өткізді. Байқаудың мақсаты- жас жеткеншетерге, соның ішінде қыз балаларға ұлттық тәрбие беру, ұлт мәдениетін бойларына ұялату. Орта буын оқушылары арасында, яғни 8-10 сынып оқушылары, «Пай-пай шіркін! Қазақтың ұл-қыздары-ай!» атты тіл сайысы өткізілді. Бұл сайыста оқушылар Қазақстан халқы, оның жері, тарихы, мәдениеті туралы білгендерін айттып, сайысқа түсті .Сайыс соңында жеңімпаздар анықталып, марапатталды.

Оқушылар он күн ішінде өткізілген іс-шараларға белсене қатысып, елге, тілге деген сүйіспеншілік сезімдерін қалыптастырды.

Баймаханова Гүлнұр

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Пікірлер2
  1. Айгерим

    Тіл туралы жазу, ол туралы айтудан қашпау да, жалықпау да керек. Себебі тіл бүкіл бір халықтың жүрегі. Оның бойында ұлттық болмыс, ұлттық рух, дәстүр мен салт жатыр. Сондықтан әр халық өз тілінде мақтанып қана қоймай, оны дамытып, жұмыс жасауы керек.

  2. Асем

    Өзге тілдің бәрін біл өз тіліңді құрметте

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ