Өз өмірің — өз қолыңда

SZSHМектебімізде тәртіпсіздік пен құқық бұзушылықтарға «мүлдем төзбеушілік» жоспарға сай ұйымдастырылып, қоғамда болып жатқан тәртіпсіздікті болдырмауда профилактикалық іс — шара бойынша «Заң және біз» тақырыбында кездесу болды. «Мүлдем төзбеушілік» атмосферасын қалыптастыру жөнінде Боранқұл полиция бөлімшесі Қалды Қалелұлы мен мектеп инспекторы Дәурен Қуатов шақырылды.

10 — 11 сынып бойынша 50 оқушы қатысты.
Шараның негізгі мақсаты азаматтардың құқықтық танымын арттыруы мен құқықтық тәртіпті нығайтуға байланысты баптар туралы түсінік берілді.

Яғни ұсақ бұзақылық, оның ішінде пайдалану орындырын ластау, тыныштықты бұзу туралы айтып өтті.

Оқушылар сұрақтар қойып, жауап алуға өз пікірлерін білдірді. Оқушыларды тәртіпті болуға шақырды.

«Мен жастарға сенемін» атты ойталқы өткізілді. Кәмелетке толмаған жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, жол қозғалыс ережелерін өрескел бұзуды болдырмау мақсатында арқау етті. 9 сыныптан 48 оқушы қатысты.
Екі топқа бөліне отырып «мүлдем төзбеушілік» тақырыбында ой өрбіді. «Мен жастарға сенемін» ойталқыны құқық пәні мұғалімі А.Ибраева өткізді.

Мектебімізде барлығы 548 оқушы бар, 5 — 11 сынып аралығында барлық сыныптарда сынып сағаттары өткізілді. Сынып сағаттарында құқықтық мәдениетті көтеруді, қоғамдық тәртіпті сақтауды арқау етіп ұйымдастырды.

Тәртіпсіздік пен құқық бұзушылықтарға «мүлдем төзбеушілікті» қалыптастыру бойынша оқушылар арасында түсіндіру жұмысын жүргізе отырып мектепшілік семинар өтті. Семинарға 8 — 11 сынып оқушылары 170 бала атсалысты, бастауыш сынып бойынша 3 — 4 сынып бойынша 103 бала қатысты.
«Тәртіпті бала — арлы бала» тақырыбында сынып сағаттары өтті. 3 — 4 сынып бойынша қамтылды.
«Мүлдем төзбеушілік» — тәрбиенің бастауы» — деп аталатын ашық тәрбие сағатын тарих пәні мұғалімі 8а сыныпқа А.Артықбаева ұйымдастырды. 8а сыныбында 21 оқушы бар. Шараның басты мақсаты тәртіп бұзғандарға «мүлдем төзбеушілікті» қалыптастыру бойынша түсіндіре отырып сондай — ақ қоғамдық орындарда оқушылардың жүріп тұру ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілік туралы айтылды. Қоғамдық тәртіп пен ұдайы адамгершілікке қол сұғатын құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша ситуациялық сұрақтар қойылды, оқушылар бойынша айтып түсіндіруге тырысты.Өмірмен байланысқан құқықтық тәрбие беру негізінде өзекті ой қозғалды. Шараға Боранқұл полиция бастығы, подполковник Қ.Қалелұлы қатысты. Өз ойын ортаға салды. «Өз өмірің — өз қолыңда» атты тренинг өткізілді. 11а,ә сынып оқушылары үлкен белсенділікпен қатысты. Барлығы 27 оқушының қатысуымен өрбіді. Өмірдің қиыншылығы мен қызықты жақтарын бейнелеуге тырысып бақты. ІІ топ болып дәлелдеуге, растауға тырысты. Екі топта жақсы жетістікке жетті.
Жоғары 5 — 11 сыныптарда сынып жетекшілердің ұйымдастырумен «Мүлдем төзбеушілік» қағидасын қалыптастыру ұсақ құқық бұзушылық түрлері» атты сынып сағаттары өткізілді.

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Пікірлер3
  1. Сабина

    ен алдымен тарбие отбасыдан басталдаы, ар адамнын омири тек озине байласнысты, осындай макала кобейе берсин, ен озекти макала!

  2. Рахымғалиева Толқын

    Қазіргі замандағы басты мәселе жасөсспірімдер мен жеткіншектердің тәртіпсіздігі, өз өздеріне деген жауапкершілігі жоқтығынан жапа шегуде.

  3. Беспаева Айнаш

    Әрине, адам баласына ең бірінші-тәлім-тәрбие кенек. Бұл мақалада балаларды бұзақылыққа бармауға, тәрбие көзіне көп көңіл бөлінген.

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ