Жемқорлық індет – жою міндет

Еліміздe жемқoрлықпен және ұйымдaсқан қылмыспен күресті күшейту шараларына орай «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Мемлекеттік қызмет туралы» арнайы заңдары басшылыққа алынып мазмұнды жұмыстар көптеп жүргізіліп келеді.

Осы бағытта Атырау облысы, Исатай ауданы, Исатaй селосындағы «Балбөбек» балабақшасында іс-шаралар жоспары жасақталып жыл бойы жұмыстар жүргізілуде.Қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыру бағытында семинар-кеңестер, ата-аналармен дөңгелек үстелдер өткізіліп келеді.

1000ksaЖуырда осы жұмыстардың бірі қоғамды жегідей жеп жатқан қауіпті індетпен көп болып күресейік деген мақсатта «Жемқорлық індет – жою міндет» тақырыбында тәрбиеші Г.Махмутованың ұйымдастыруымен дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге бір топ ата-аналар,балабақша қызметкерлері және ауыл әкімі Ұлболсын Хабибуллақызы, аудандық маслихат депутаты Салауат Сахибеденұлы қатысты.

Алғашында «Сыбайлас жемқорлық-әлеуметтік бәлe» атты баяндама оқылды.Баяндама қызу талқыланды.

Келесі кезекте «Жемқoрлыққа жол жоқ, Жемқорлықпен күрес қоғам борышы» тақырыбында бейнеролик тамашалады.Әрі қарай «Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ» атты пікірталасқа ұласып әр адам өз пікірлерін ортаға салып, талқыланды. Балабақша меңгерушісі Кайрова Сауле Сатыбалдықызы сөз алғанда педагог қызметкерлерді өз деңгейінде марапаттау, талапқа сай өз деңгейінде аттестаттаудан өткізу, әкімшілік атынан алғыс жариялау сияқты мәртебесін көтеріп, шығармашылыққа жетелеудегі жұмыстар жолға қойылғандығы сөзге тиек етілді.Сонымен қатар қызметкерлердің жұмыстарына талап қоя отырып, еңбекақысын уақытылы төлеу, денсаулық жағдайына байланысты еңбекке жарамсыздық бетшелеріне ақша бөлу, кезекті еңбек демалысын он күннен қалдырмай төлеп, қолдан келген бар мумкіндікті қолданып отырамыз.

Одан соң «Пікір айтсам деп едім» бөлімінде сұрақтарға жауаптар алынды.Алдағы уақытта балаларымызға әрқашанда адамдық жақсы қасиеттерді сіңіре отырып, мақсатты нәтижелерге жету үшін, өз мүмкіншіліктеріне жетуге тырысу керектігін түсіндіру міндетіміз.

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Пікірлер1
  1. Ляззат

    осындай дөңгелек үстел, қойылымдар, баяндамалар ауқымды түрде өткізіліп тұруы керек. ӘСіресе оқушыларға, олар біздің болашағымыз болғандықтан, дұрыс тәрбие беріп, келешекте қателіктерге жол берілмейтіндей тәрбиеленсе деймін.

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ