Жаңарған мектеп, жаңашыл ұстаз жолында

Қазіргі таңдағы әлемдік ғылым мен білім беру саласындағы жетістіктерге негізделген жаңа жүйе еліміздің білім беру саласына енгізіліп отырғаны баршамызға мәлім.Білім беру саласындағы бүгінгі таңдағы өзгерістер өзіндік ой — пікірмен ерекшеленетін тұлға қалыптастыруда.Қазіргі білім берудегі «Сындарлы оқыту» жүйесі оқушылардың әртүрлілігін айқындап отыр.

Міне бүгінде педагогикалық шығармашылық орталығында заман талабына сай бірінші ілгері деңгей, екінші орта деңгей ,үшінші базалық деңгей бойынша курстан өткізіп жаңа бағдарлама негізінде біліктілік санатын көтеріп жаңашыл мұғалімдер даярлануда.

Қазақстандық әлемнің білім кеңістігіне толығымен кіруін халықаралық деңгейге көтеруді талап еткендіктен мұғалімдердің жаңашылдығына қолдау көрсетіп отыр.Оқытушының алдындағы басты назар аударатын мінднттердің бірі жеті модульді ықпалдастыра отырып,жаңаша сабақ беру болып табылады.Әрине,оқушылардың дамуына басты назар аудару,қабілетін шыңдау мұғалімнің міндеті.

SZSHБүгінгі таңда ғаламдық ақпараттар мен инновациялардың ағынына ілесу – әлемдегі ең үздік, ең беделді жоғары оқу орындарында білім алуға мүмкіндігі мол.Жаңа бағдарлама бойынша жеті модульді ықпалдастыра отырып сабық өткізу оқушыны еркіндікке,белсенді әрекетке,дүниетануды кеңейтуге,өзіндік пікір қалыптастыруға жетелейтіні сөзсіз.

Қазіргі заман талабына сай ұрпақтарымызда парасатты да, білікті, мәдениетті де білімді етіп тәрбиелеп,олардың дүниетанымын адамзаттық деңгейде дамытамыз десек бойында ұлттық және азаматтық намысы бар ұрпақ өсіргіміз келетін болса, онда білім берудің түрлері мен әдістерін түрлендірп,жаңартып отыруымыз керек.Сондықтан баланың бойына жаңалықты енгізіп, әлеммен бірге біз өзгереміз деген ұғымда жаңалықты мақсат етіп қою керек.Міне,сондықтан да мектепте оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болуы мүмкін емес.

Мектеп – білім ошағы.Сондықтан да мұғалім өзін-өзі дамытып,оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыруына көмектеседі.Қазіргі таңда мұғалімдер сындарлы оқыту әдістемелерін жаңа сабақ барысында пайдалана отырып, сабақтың сапалы әрі қызықты өтуіне ықпал етеді.

Мектеп –кеме,білім –теңіз деген сөз бекерге айтылмаса керек.Бүгінгі таңда Бейнеу ауданындағы Опорный орта мектебі мемлекеттік мекемесінің 35 жылдық тарихы бар,аудандағы заман талабына сай жаңа бағдарламаны меңгере отырып,жұмыс жасайтын білім ордасын мақтанышпен айта аламын.Мектепте 543 оқушы білім алуда,оларға 73 мұғалім дәріс береді,мұғалімдердің құрамында 5 жоғары санатты,22- 1 – санатты,18-і 2-санатты мұғалім қызмет етеді.

Мектебіміз 2015-2016 оқу жылына жасақталған «Жоғарғы мәдениетті,сапалы білімді игерген жеке тұлғаны қалыптастыру» тақырыбында мектептің даму жоспары мен жұмыс жасайды. Мектебіміз жылдан жылға жақсарып,жаңарған жаңалықты оқу бағдарламасына енгізіп,жұмыс жасауда.Міне, осындай жаңалықты іске асыру үшін компьютерлік кабинеттер көбейді,интернет жүйесіне қосу іске асты,әдістемелік жұмыстарға бағыт берілді.Жалпы мектептегі мұғалімдердің шығармашылық мүмкіндігін ашу үшін мкетебімізде толықтай жағдай жасалған.Жаңашыл мұғалімдердің озық тәжірибелері таратылып,бүгінгі таңда жаңарған мектебіміздің мақтаныштары республикалық,облыстық,аудандық байқаулардан көрінуде.Биылғы оқу жылынан бастап барша мұғалімдер ұзақ мерзімді жоспар,орта мерзімді жоспар,қысқа мерзімді жоспар жасап өз сабақтарында қолданысқа енгізді,жаппай мектебіміз жаңа бағдарламаға сай тізбектелген сабақтар топтамасын енгізе отырып топқа бөліп,жаңа бағытта жұмыс жасауда.Осы жұмыстың алға басуына мектебіміздің басшысы З.Бектембаева ұйытқы болып,ұжым мүшелерін жаңаша сабақ беруге,жаңашылдыққа ұмтылуға бағыт берді.Басшының талабы бойынша тәртіпке бағынған құл болмайды – дегендей бір жүйеде жұмыстар жасалуда.

Мектебіміздегі мұғалімдердің өзіндік ұстанымы өзгеріп,жаңа көзқарас қалыптасты. Мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында педагогтардың шығармашылық шеберлік орталығының Кембридж университетінің бағдарламасы барша мұғалімдердің біліктілікті арттыру курсына біздің мектебімізден 9 – мұғалім өтіп.Өз іс-тәжірибелеріне өзгерістер енгізіп,өзге мұғалімдерге үлгі болатындай сыныптарды оқытуды басқаруды жүзеге асырып жүрген ІІІ-деңгей мұғалімдерін мақтанышпен айта аламын.Олар: Сапарова.Г, Жұмабаева.З, Қалмурзина.Б, Жакашева.Г, Қоспақова.А,Нұрғалиева.А,Қосымбаева.Г сынды мұғалімдердер едім.ІІІ-деңгей бағдарламасы құзырлы мұғалімдердің қасиеттерін,икемділік пен жұмыс тәртібін дамытуға бағытталған, өз әріптестеріне ықпал етуді қажетті тәлімгерлік дағдыларды дамытуға мақсаи етіп,жұмыстар жүргізілуде.Мектеп

басшысы бастаған осы аталған мұғалімдер қостаған оқу көшбасшылығын, мектептің оқыту мен оқу тәжірибесіне өзгеріс енгізіп,тынымсыз еңбек етуде.

Сондықтан әр бір ұстаздың оқыту мен оқу үдерісін тиімді шығармашылық пен қарап түрлі әдіс – тәсілдерді пайдаланып игі нәтижеге қол жеткізу үшін заман талабына сай жасалған бағдарламаның мазмұнына сай,өз мектебімнің дамуына мектептің даму доспарын жасап жұмысты іспен дәлелдеуге тырысып жаңарған мектеп,жаңашыл ұстаз құзыреттілігіне көшкеніміз жаңа бастаманың игі ісі деп білемін.

Әрине мектептің дамуы әлемнің дамуы мен қатар жүзеге асуда, өйткені қоғамның дамуы білім берудің дамуы мен тығыз байланысты.

Мектебімнің өсіп,өркендеуінің, бәсекеге қабілетті болуының ең басты ошағы – ұстаздың балаға берген білімі болып табылады.Сондықтан дамудың ең биік көкжигеінен көрінгісі келген бірден – бір мектеп білім беру саласын,білімнің сапасын көтеруді мақсат етеді.Мектебімізде осы тұрғыда атқарылатын жұмыстың негізі қаланған.

Мен,мектептің көшбасшысы ретінде мұғалімнің қажеттілігіне байланысты «Сын тұрғысынан ойлау», «Білім сапасын арттыруда формативті бағалаудың тиімділігі», «Өзгені үйрете жүріп өзіміз үйренеміз», «Топтық жұмыстың тиімділігі», «Білім берудегі жаңа әдіс-тәсілдер» атты коучингтер өткізіп, күтілетін нәтижеге қол жеткіздім,мұғалімдер өз тәжірибелерінде қолданып іске асыруда.

Қорыта келе айтарым, қоғамымыздың экономикалық,саяси, мәдени дамуына үлес қосатын,әлемдік талапқа сай келетін,егеменді еліміздің тірегі болатын білімді,мәдениетті жеткіншектерді дайындап,тәрбиелеп шығудың мақсатында оқыту мен тәрбиелеудің озық идеяларын жиі қолдансақ оң нәтиже беретіні сөзсіз.Бүгінгі мектебіміз берекелі болса, ертеңіміз ерекше,келер күніміз керемет болатыны анық. Жаңарған мектеп, жаңашыл ұстаз ұстанымымен биіктерге самғай берейік.

Султанова Зада Шаубалаевна

Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы,Опорный орта мектебінің бірінші ілгері деңгей мұғалімі

   
Пікірлер1
  1. Ақжол Ахат

    Маған ұнады рахмет дами беріңіз

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ