ЖАЙДАРЛЫ ЖАС МАМАН – НАЗЫМ

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Дипломмен ауылға» атты бағдарламасының шеңберінде көптеген жастар үлкен өмірге жолдама алып, ауылды аймақтарда жемісті қызмет етіп жүр. Бұл игі жобаның еліміздің келешегі жастар үшін маңызы зор. Өңірімізде осы бағдарлама ауыз толтырып айтарлықтай деңгейде жүзеге асырылуда. Үстіміздегі жылы денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамтамасыз ету, мәдениет, спорт пен ветеринария салалары бойынша Қармақшы ауданындағы елді мекендерге жас мамандар жұмысқа қабылданды.

sa

Қармақшы ауданындағы тұғыры биік білім ордасы – №250 мектеп – лицейінде аталмыш бағдарламаға сәйкес әртүрлі мамандық бойынша жас мамандар еліміздің ертеңгі тізгінін ұстар ұрпақты білімнің кәусар бұлағынан сусындату бағытында еңбек етуде. Игі жобаның арқасында көптеген жас мамандар ауылды аймақтарға қадам басып, мұндағы ахуалды көтеруде сүбелі үлес қосып келеді. Солардың ішінде информатика пәнінен сабақ беретін Төлегенова Назым – педагогикалық ұжымға қосылғанына аз ғана уақыт болса да ұжымдастарымен, оқушылармен, ата – аналармен тез тілін табысып, өзіндік орнын белгілеген жас маман. Жаңашылдығы мол Назымның пайымдауынша, әрбір ұстаз шәкірттердің жүректеріне жылылықпен жол таба білетін, тәжірибесі мол, білікті, парасатты болуы абзал.sb
Назым мектепке келген кезден бастап – ақ мектепішілік, аудандық іс – шараларға белсене араласып, қоғамдық жұмыстарды жауапкершілікпен атқарып келеді. Оқушылармен қарым қатынасы өте жақсы. Ұжымда сыйлы, жарқын мінезді, адал, жаңа заманға сай интернет, компьютер, электронды ақпараттар арқылы жұмыс жасай алатын, болашағынан көп үміт күтетін ұстаз.
Аудандық әдістемелік кабинеттің жанына құрылған жас мамандар орталығының белсенді мүшесі ретінде танылған Назым жыл бойы орталықтың жылдық жоспарына сәйкес семинарларда өз пәні бойынша ашық сабақтар мен тәрбие сағаттарын өткізіп, ғылыми конференцияда «Мұғалімнің кәсіби біліктілігін арттыру жолдары» тақырыбында жасаған баяндамасы «үздік» деп танылды. Аудандық «Үздік жас маман – 2013» байқауында жүлделі І орынды иеленіп,sdd

«Мақтау қағазымен» марапатталды. Сонымен қатар, Назым – өнерлі ару. Аудандық білім беру қызметкерлерінің дәстүрлі «Наурыз шапағаты» фестивалінде «Жас ұстаздар» би тобында өнер көрсетіп, «Бас жүлдені» иеленді. Ал облыстық фестивальде «лауреат» атанып «Дипломмен» марапатталды.
Болашақта аға ұстаздарының ізін басушы, өз білімін жетілдіре білетін, шығармашыл ізденісте қажымайтын ұстаз болуға бейімделіп, жаңа технологиялардың қыр сырын менгеріп, педагогикалық іс — әрекет барысында тиімді пайдала білетін, білікті маман болатынына сенімім мол.
Жас маманның Қазақстанымыздың мәртебесін асқақтататын білімді, парасатты, ақылды, мәдениетті тұлғалар тәрбиелеп, оқушыларын ұлан – ғайыр «ғылым» теңізіне заманауи «білім» кемесімен аттандыруына тілектеспін.

Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Т.Ізтілеуов атындағы №29 қазақ орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Мыңжасарова Светлана Кенбайқызы

 

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
ErKeTai.KZ