Жарқын болашаққа қадамды бірге бастайық

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жолы 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына жолдауын насихаттау мақсатында «Нұр Отан» партиясының Қармақшы аудандық филиалы, «Жастарды қолдау орталығы» МКМ Қармақшы аудандық бөлімі, «Қорқыт елі Қармақшы» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Тұрмағамбет ауылдық Мәдениет үйінде «Жарқын болашаққа қадамыңды бізбен баста» тақырыбында аймақтық байқау өтті.

байкау-жолдау1Байқаудың ашылу барысында «Нұр Отан» партиясының Қармақшы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары К.Раева, «Жастарды қолдау орталығы» МКМ бөлім меңгерушісі М.Ибраев, «Қорқыт елі Қармақшы» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Б.Ильясовтар сөз сөйлеп, байқауға қатысушыларға сәттілік тіледі.

Байқауға Т.Көмекбаев, Қуаңдария, Алдашбай ахун, Тұрмағамбет, Ақжар, Ақтөбе, ІІІ Интернационал ауылдарының үгіт бригадалары қатысып, 3 бөлім бойынша сынаққа түсті. Байқау нәтижесінде «Тұрмағамбет тарландары» (Тұрмағамбет ауылы) және «Достық» (ІІІ Интернационал ауылы) үгіт бриагадалары аудандық байқауға «ЖОЛДАМА» алды. Байқауға қатысушы барлық үгіт бригадалары «Қорқыт елі – Қармақшы» жастар қоғамдық бірлестігінің дипломдары мен бағалы сыйлықтарымен марапатталды.

байкау-жолдау2Жастарды Мәңгілік елдің мәңгілік патриоты болуға шақырған №29 орта мектеп басшысы З.Тасымова Елбасы жолдауын ел-халқы қолдайтынын айтып,

Қорқыт елі жастары, қарақтарым,

Сәтті болсын әр күнгі талаптарың.

Бөленіп ел алдында абыройға

Биіктесін, балаларым, санаттарың!- деп ұйымдастырушыларға ізгі ниетін өлең жолдарымен білдіріп, сөзін «Ұрпаққа өсиет» өлеңімен аяқтады.

Жастарға орындалатын арман, жүзеге асатын жоспар, жағымды жаңалықтар тілеймін. Жарқын болашаққа қадамды бірге бастайық, достар!

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ