Егер де мен мектеп директоры болсам…

Тәуелсіздік алғалы бері елімізде әлемнің небір дамыған мемлекеттерімен қатарлас деңгейде болу үшін, көптеген игілікті істер жүзеге асырылып келеді. Еліміз өркениетті елдердің қатарынан орын алу үшін, білім саласының алатын орны ерекше. Білімді жастарды тәрбиелеу үшін, елімізде білім беру жүйесін заманауи технологиялармен қамтамасыз етіп, ұлттық яғни қазақ мектептерінің санын, сапасын аттыру қажет.

Қазақ мектебінің болашағы туралы Мағжан Жұмабаев «Әрбір елдің келешегі мектебіне байланысты» деп айтып кеткендей, мектеп- білім алдындағы үлкен кеме сияқты. Ал, директор кеменің ішіндегі басқарушы капитан- менеджер сияқты. Оқушылардың қаншалықты білімді болып шығатынына директордың ықпалы зор. Директор оқушылар мен оқытушылардың мектеп ішіндегі білімдерін жоғарылатуға жағдай жасайды.

Мектептің іші- сыртына, директор мен оқытушыларына қарап, оқушылардың қаншалықты білімді болатынын білуге болады деп есептеймін. Біраз жылдар өткен соң, қазақстанның мектептері электронды оқыту жүйесіне көшетініне кәміл сенімдімін. Электронды оқыту жүйесімен толық қамтылған, ең алғашқы мектеп менің мектебім болады. Сол мектептің дамуына байланысты алға қойған жоспарларым көп. Егерде мен мектеп директоры болсам, онда мен 2028 жылы 1 қыркүйектен бастап, Астана қаласындағы «№7 қазақ тіліндегі электрондық гимназиясы » мектебінің директоры болар едім.

директоры болсам шығармасы.Менің мектебімнің ерекшелігі:

1. Мектебімнің ғимараты киіз үй формасында арнайы шебер қазақ архитекторының дизайнымен салынған, 5 қабатты, 3000 оқушыға арналады. Мектеп бойынша 3 күзетші, екі қабатты 3 автобусы болады.

2.Оқушылар болашақтағы мамандығы бойынша мектепте тәжірбие өтеді. Яғни, мұғалім болғысы келсе, мұғалімді бақылайды, журналист мектеп жаңалығын жазады, офицер мектеп тәртібін қадағалайды тағыда басқа мамандықтар бойынша тәжірбие жинақтайды.

3. Менің мектебімде жоғары білімді мұғалімдер, оқушыларға өте қатты ұрыспайтын және де жан-жақты, көркем құралдарды көп қолдана білетін мұғалімдер жұмыс істейді.

4. Әр сыныптарда интрактивті тақта және әр оқушының партасында ноутбук беріледі. Баға қойылатын журнал электронді түрде болмақ және оқушылардың алған бағасын ата-аналарының электрондық поштасына жібереміз.

5. Мектепке 1 сынып оқушылары 6 жастан қабылданады. 12- жылдық білім беріледі. Бастауыш сынып 5- жылдық болады. 9-12 сынып оқушылары әр сабақты 60 минуттан, ал бастауыш пен 6-8 сынып 45 минуттан оқиды.

6. Әр оқушыларда сыныптары бойынша өздерінің жеке шкафтары болады. Барлық оқушыға бірдей формалар, әрине бастауыш сыныпқа жеке, 6-9 сынып аралығындағы оқушыларға басқа, 10-12 сыныптарға жеке форма, мұғалімдерде де біріңғай қазақы оюлармен безендірілген формалар болады.

7. Менің кабинетімнің жанында арыздар мен өтініштер жазатын қорап бар. Оны тек мен ғана аша аламын. Себебі, оның кілті тек менде болады.

8. Мұғалімдерге арналған жеке жедел саты болады. Жедел сатының жанына күзетші қойылады, себебі оқушыларға жедел сатымен жүруге болмайды.

9. Мектепте тыңдамайтын, тентек, сабақ мүлдем оқымайтын балаларға арналған бөлме ашамын. Сол бөлмеге тентек оқушыны және оның қасына сол оқушының қорқатын мұғалімін отырғызамын. Егер мұғалім ол баланың мінезін жақсы жаққа ынталандырса, үкімет оның жалақысына ақша қосады.

10. Мектеп ішінде үлкен спортзал, сыртында үлкен спорт қалашығы , бассейн және тренажор зал орналасады. Спорт қалашығында әр қаладан келген оқушылар менің мектебімнің оқушыларымен сайысады. Оқушылар хоккей, футбол, гольф, волейбол, баскетбол ойындары ойналады, сонымен қатар қазақ дәстүрін қалыптастырып ұлықтау үшін, міндетті түрде ұлттық ойындарынан сайыстар өткізіледі. Оқушылардың спортпен шұғылдануына баса көңіл аударамын. Дене шынықтыру сабағынан кейін 45 минут үзіліс беріледі.Ол үзіліс уақытында жуынатын бөлмеде жуынуға болады.

11.Оқушылардың сабақ үлгерімдерін рейтинг бойынша білуге болады, яғни ол дегеніміз қоғамдық іс-шараға, олимпиадалық сайыстарға, сабақ үлгерімін балдар бойынша қосып, сынып бойынша нешінші орында тұрғанын анықтайды. Сосын әр сыныптың рейтингі бойынша бірінші, екінші, үшінші орында тұрған оқушыларды суреттерімен бірге мектеп қабырғасына іліп коямын.

12. Үлкен кітапханада оқушылылар ұйықтауға , жатып оқуға болады. Кітап қоятын сөрелер бір-бірінен алшақ емес орналасады және оқитын, жазатын зал жеке болмақ.

13. Енді оқушылардың тамақтануына келетін болсақ, асханада әр оқушы өздеріне ұнаған тағамдарын өз еріктерімен тандай алады. Тек мектеп ішінде де, сыртында да асханадан басқа жерде тамақ жеуге болмайды. Зиянды тамақтар мысалға: фасфуттар, адам ағзасына ауыр тиетін , майлы, қуырылған тағамдарды мектеп ішінде жеуге тыйым салынады.

14. Конференция залында мұғалімдер жиналысы ұйымдастырылады және өте жақсы оқитын немесе басқа мемлекеттерге сайысқа барып, жүлделі оралған оқушылармен директор яғни, мен өзім дөңгелек үстелде кездесу ұйымдастырамын.

15. Екінші аяқкиім барлық оқушыларда бірдей ақ-қара түсті болады. Қыздарда кішкене ғана өкшелі ақ түсті, ал ұлдарда қара түсті кішкене оюлармен өрнектелген кеды болады. Екінші аяқкиімді мектебімнің ішіндегі кіреберістегі кішкентай шкафтарға қояды. Есігін жауып, кілттері өздерінде болады.

16. Мектеп ішінде әр түрлі үйірмелер және оған арналған арнайы жеке залдар болмақ. Би залында заманға сай және қазақы билерге бишілер дайындық жүргізеді.Сонымен қатар дизайн, қолөнер залы, дыбыс жазатын студия тағы да басқа үйірме залдары жеке болады.

Мектебімнің өз тәртіптері, өз талаптары болады. Мен ең танымал, білімді мектеп директоры боламын. Осы жоспарларымның орындалуына қазақ елі жұмылған жұдырықтай бір ауыздан келісіп, көмек қолын созады деген үміттемін. Егерде осы жоспарларым орындалса , онда менің мектебім Қазақстан мемлекетіндегі ең бірінші жан-жақты қамтылған мектептердің бірі болады.

Сондай-ақ мектебімнің түлектері болашақта, осы Қазақстанның дамуына ат салысып, үлкен үлес қосатынына сенімдімін. Белгілі педагог Ян Коменскийдің насихаттауында, «мектеп- балаға сүйіспеншілік, адамгершілік қасиеттерін тәрбиелейтін «адамгершілік шеберханасы» болуға тиіс» деген көзқарасты насихаттады. Сол сияқты менің мектебімде адамгершілік шеберханасы болуы үшін, бар жігерімді салып, қолымнан келгенін аянбаймын.

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Пікірлер10
  1. Гульмира

    Арманы орындалсын.Мектеп директоры болу — оңай шаруа емес.

  2. Жами

    бала кезде мама директор болса екен деп армандайтынмын осе келе оны умыттык кой

  3. Айгерим

    Менің ойымша, қазір мектептерде арыз ьен шағым қорабы бар. Ал басқаларымен сізбен толықтай келісемін!!!!

  4. Фариза Маратова

    Өте жақсы!!! Баламыздың ойлау қабілеті жақсы істеп тұр!!!

  5. Алма

    Арманың орындала берсін! Үздік мектептер мен білімді ұрпақтарымыз көп болсын. Тамаша!

  6. Гулмира

    Дәл осындай мектептер біздің елімізде көп болса екен,ол кезде барлық бала өз жолын жаңылмай табар еді,яғни мектептен болашақта кім болатынын айқындап шығар еді?

  7. Маруза

    Керемет!
    Армандаған мектебің сияқты мектептер көп болсын!
    Ең бастысы адамгершілік. Соны ұмытпапсың
    Жарайсың!

  8. Ербол

    Мен мектеп директоры болсам жақсы мамандары жұмысқа алып .. Білім сапасын көтеретін едім

  9. Асемгул

    Армандарыңыз орындалсын.Мектебіңізді оқып тасныстым.Керемет

  10. Aknur

    бұл баланың арманы керемет екен. барлық мектеп директорлары шынымен осылай армандайтын болса мемлекетіміз дамыған елдің қатарында ең бірінші тұрар еді деп ойлаймын. арманың орындалсын

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ