Бастауыш пен балабақша және ата-аналар сайты.
  • Ұстаздарға
    • Ұстаздар еңбегі
    • Көрнекіліктер
    • Түйіндеме жасау
    • Сертификат
    • Слайд презентация
    • Балалар ойындары
    • Бастауыш сыныпқа
    • Тәрбиешілерге
    • Мақала жариялау
    • Минусовка
    • Мерекелер
    • Конкурстар
  • Жоспарлар
    • Ағылшын тілі
    • Әр түрлі
    • Бастауыш сынып
    • Балабақша
    • Биология
    • География
    • Информатика
    • Қазақ тілі
    • Логопед дефектолог
    • Математика
    • Өзін-өзі тану
    • Тарих
    • Технология
    • Физика
    • Химия
  • Балаларға
    • Мақал мәтелдер
    • Жұмбақтар жауабымен
    • Ертегілер
    • Мультфильмдер
    • Тақпақтар
    • Шығармашылық
    • Сіз білесіз бе?
  • Аналарға
    • Ана және бала
    • Бала денсаулығы
    • Сұлулық
    • Жүктілік күнтізбесі
    • Баланың жынысын анықтау
    • Сәби жынысын жоспарлау
    • Овуляция күнтізбесі
    • Қалай жүкті болуға болады

Негізгі бет > Ағза

 

Клетка дегеніміз не?


ағза клеткасы

Микроскоптың жасалуы адам ағзасының өте кішкентай кірпіштерден — клеткадан тұратынын көруге мүмкіндік берді. Денедегі мүшелерді құрастыру үшін миллиардтаған клетка керек. Адам ағзасындағы барлық мүшелер бір- біріне ұқсамайды, сондықтан олар әр түрлі клеткадан дамиды, ал әр клетка өзінің тиісті қызметін атқарып, басқа клеткалармен үнемі байланыста болады.

Клеткалардың көпшілігі құрылысы жағынан бір-біріне ұқсас келеді. Клетканың сыртын мембрана қабығы жауып жатады, ол сол клетканы басқа клеткадан бөліп тұрады. Клеткалардың арасындағы кеңістікті клеткааралық зат толтырып тұрады. Мембрананың негізгі қызметі — клетка мен клетка аралық заттың арасындағы зат алмасуды қамтамасыз ету.

Мембранада орналасқан саңылаулар, қоректік заттардың клеткаға еніп немесе одан шығуына мүмкіндік жасайды. Клетканы қоймалжың зат — цитоплазма толтырып тұрады, онда тығыздалған ядро және әр түрлі органоидтар болады. Ядро — клетканың ең маңызды бөлігі, өйткені онда адамның тұқым қуа- лайтын белгілері туралы генетикалық мәлімет беретін жіпшелі хромосомалар түзіледі.

Ядроның сыртын қабықша жауып жатады, ал оның ішінде клетканың бөлінуіне қажетті белокты түзетін ядрошықтар орналасады. Органоидтар — әр түрлі қызмет атқаратын, өте кішкентай клеткалық құрылымдар. Митохондриялар — клетканың тыныс алу процесін қамтамасыз ететін органоидтар. Рибосомалар — клеткадағы белоктың түзілуін қамтамасыз ететін органоидтар. Клеткадағы белоктар әр түрлі заттар түзуге (мысалы, гормондар) қажет.

Ал бұл заттар Гольджи кешенінде жинақталады. Клетка орталығы клетканың бөлінуіне қатысады. Клеткада ағзаға өте қажетті заттар: көмірсулар, белоктар, майлар және нуклеин қышқылы жасалады. Адам ағзасында ескі клеткалар өліп, оның орнына жаңа клеткалар пайда болады.

Осының нәтижесінде терідегі, қандағы, бауырдағы және т.б. көптеген мүшелердегі клеткалар жаңарып отырады. Бірақ ағзада жаңармайтын клеткалар да бар. Біз күнделікті өмірде “өлген жүйке клеткалары қайтадан калпына келмейді” деген ұғымды жиі естиміз. Бұл шындық, өйткені бір рет үзілген ми клеткалары мен жүйкелер қайтадан жаңармайды.

Мына жазбаларды да оқуға кеңес береміз:

Дәнекер тіндері дегеніміз не?

Тромбоциттер дегеніміз не?

Бүйрек және Бүйрек үсті безі туралы ақпарат.

Ісік қалай пайда болады және оның түрлері.

Мына ұқсас жазбалар топтамасын ұсынамыз:

  • Көз
  • Артерия
  • Тіс
  • Бүйрек
  • Эпифиз

Пікірлер 6 Пікір қосу

  • Жанагуль 14.03.2022 күні 16:30 уақытында

    реферат дайындауға пайдалы ақпарат

    Жауап беру
  • Жакупова Улжалгас 03.12.2021 күні 10:21 уақытында

    клеткадағы тесіктер арқылы дене демалады

    Жауап беру
  • Алуа 29.11.2021 күні 14:12 уақытында

    Өте керемет мәліметтер, маған пайдасы тиді, рақмет көп көп

    Жауап беру
  • Балнур 20.11.2021 күні 20:55 уақытында

    Аса күрделі тақырыпты жеңіл түрде,адамға түсінікті етіп жазылған.Үлкен рахмееет ))

    Жауап беру
  • Зульфия 08.06.2021 күні 21:12 уақытында

    реферат үшін пайдасы болды

    Жауап беру
  • Баян Жақсылыққызы 05.02.2021 күні 15:30 уақытында

    мағыналы материалдар екен

    Жауап беру

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!
Жауапты кері қайтару

  • Күнделікті жұмыстар баланың дамуына қалай көмектеседі?

    25 Нау 2025 / Толық оқу

  • Оқуды бала үшін қызықты саяхатқа айналдыру

    19 Нау 2025 / Толық оқу

  • Как помочь ребенку понять Present Simple и Present Continuous: Практические примеры

    27 Қар 2024 / Толық оқу

  • қазақша жұмбақтар Жұмбақтар жауабымен

    1 Қыр 2019 / Толық оқу

  • тегін сертификат Тегін немесе Ақылы Сертификат Алу

    16 Ақп 2014 / Толық оқу

  • Оқушы портфолиосының үлгісі

    30 Там 2013 / Толық оқу

Жаңа жазбалар

  • Күнделікті жұмыстар баланың дамуына қалай көмектеседі?
  • Оқуды бала үшін қызықты саяхатқа айналдыру
  • Как помочь ребенку понять Present Simple и Present Continuous: Практические примеры
  • Бастауыш сынып тәрбиешісінің рөлі мен міндеттері
  • Ұстаздар күніне құтты болсын!

Сайтта жарияланған мақалаларды сайт әкімшілігінің рұқсатынсыз басқа сайттарға жариялауға тиым салынады.Мақаланы басқа сайтқа жариялауға байланысты сұрақтарыңызды hat@erketai.kz электронды почтасына жазыңыздар.Сайттың барлық құқықтары қорғалған © ERKETAI.KZ 2012 жылдан бастап жұмыс жасайды.