Алғыр алтау

Алғыр алтау ойынына қош келдіңіздер. Бұл ойынымыз 3 кезеңнен тұрады, 3кезеңнен көп ұпай жинаған жұп супер ойынға шығады.

1.кезең Белес
2.кезең Өткел
3.кезең Асу

Супер ойын

Ойынға қатысушыларды ортаға шақырамыз.

Таныстыру
1. Бос уақытыңызды қалай өткізесіз?
2. Болашақта қандай мамандық иесі боласыз?
3. Арманыңыз не?
4. Алдыңызда қандай мақсат бар?
5. Досыңыз кім? Ол несімен ұнайды ?
6. Химия пәні сізге ұнай ма?
7. Жұлдызнамаңыз қандай? Жұлдыз жорамалға сенесіз бе?
8. Өзіңіз туралы айтылған мадақ пен сынды қалай қабылдайсыз?

Қатысушылардың бір жұбын оқшауланған бөлмеге шақырамыз. Ендеше ойынымызды бастайық.

1- кезең Белес Бұл кезеңде 12 сұрақ қойылады. «Дұрыс» не «бұрыс» жауабын таңдаймыз.
1.Алюминий қанатты металл деп аталады. Дұрыс па , бұрыс па?
2.Ең ауыр металл хром. Дұрыс па , бұрыс па?
3.Ең қиын балқитын металл – осмий Дұрыс па , бұрыс па?
4.Иілгіштігі ең жоғары металл алтын Дұрыс па , бұрыс па?
5.Электрді ең жақсы өткізетін металл алтын. Дұрыс па , бұрыс па?
6.Темірдің құймалары шойын, болат. Дұрыс па, бұрыс па?
7.Азот қышқылының тұздары – нитраттар деп аталады. Дұрыс па, бұрыс па?
8.Азот қышқылы — әлсіз электролит. Дұрыс па, бұрыс па
9.Бауыр мен мида да мыстың мөлшері көп болады.. Дұрыс па, бұрыс па?

2.кезең Өткел Онда 7 тапсырма беріледі. Мұқият боламыз.
алғырлық ойын сайысы.1- тапсырма
Осмий

Ауыр металл жеңіл металл

2 –тапсырма Вольфрам
Оңай балқитын қиын балқитын

3 – тапсырма Фтор
Электртерістігі ең жоғары электртерістігі ең төмен

4- тапсырма Al2O3
Корунд Пирит

5- тапсырма Іркілдек, ұйыған айран тәрізді ақ түсті зат?
Темір гидроксиді Алюминий гидроксиді

6- тапсырма Құрамында Al, Mg, Mn элементтері бар құйма қалай аталады?
Силумин Магналий

7 – тапсырма Электр тоғын жақсы өткізеді.
Мыс Темір

3- кезең Асу Бұл кезеңнің тапсырмасында бір – біріне қатысы бар сөздерді табу керек. (слайдта )

1- тапсырма Темір
Негізгі топша Қосымша топша
Сізге қай кезең қиын болды?
Супер ойын

Оқшауланған бөлмедегі ойыншыларды шақырамыз. Онда жинаған балдарын «сақтайды» немесе «ауыстырады» егер ауыстырса бірінші ойыншының жинаған балы ортақ балл болады. Ұпайы аз ойыншылар ойыннан оқшауланады, көп ұпай жинаған жұп «супер ойын» ойнайды.

Супер ойын
Шарты: 1 ойыншы жазбаша жауап берсе біреуі ауызша жауап береді. «келісесің бе, келіспейсің бе» Пирамида не дейді екен көрейік.
Супер ойын тапсырмалары (слайдта)
1 тапсырма Калий
Металл Бейметалл

Бүгін тамаша ойын көрсеттіңіздер Бүгінгі ойынымыздың жеңімпаздарын марапаттаймыз.

Пікірлер6
  1. Айгерим

    Осындай күшті сайтты ойлап тауып, дамытуларыңызға рахмет!!!

  2. Айгерим

    Осындай керемет материалдары бар сайт керемет екен! Барлық ақпаратты бір жерден алдым

  3. Айгерим

    Оқушылардың сана- сезіміне, дамуына керемет сайт

  4. Айнагүл

    сабақ жоспары, тапсырмалары оте жогары денгейде дайындалган екен рахмет

  5. Айдын Қанатқызы

    Өте жақсы. Кыска да нуска балалар үшін түсінікті. Өте жаксы

  6. Камалова К.Ж.

    Керемет.Оқушылардың ой-санасын дамытатын ойын

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ