Көмірсулар.Глюкоза

bthd

11а-сынып Химия
Сабақтың тақырыбы: Көмірсулар.Глюкоза.

 

Сілтеме Жоспар
Сабақтың жалпы мақсаты: Көп функционалды органикалық заттар көмірсулар жөнінде жалпы түсінік беру. Әр түрлі белгілеріне қарап, көмірсуларды жіктеу. Көмірсулардың маңызды өкілдері, олардың жіктелуі, құрамы, құрылысы мен атаулары жайлы  мағлұмат беру.Құрылысына сәйкес химиялық қасиеттері: тотығу –тотықсыздану, ашу процестерісен танысу. Глюкозаның алкиндену, күрделі және жай эфир түзуі, тотығу-тотықсыздану реакцияларына түсетінін талдай отырып түсіндіру.

 

Күтілетін нәтиже: Көп функционалды органикалық заттар көмірсулар жөнінде жалпы түсінік алады.

Көмірсулардың маңызды өкілдері, олардың жіктелуі, құрамы, құрылысы мен атаулары жайлы  мағлұмат алады.

Глюкозаның физикалық,химиялық қасиеттерін білетін болады.

Негізгі идеялар: Көмірсу –көміртегі, оттегі және сутегілерден құралған күрделі заттар.Глюкоза молекуласында альдегид және гидроксил топтары болады. Гидролиз арқылы қарапайым қосылыстарға айналдыруға болмайтын көмірсуды моносахаридтер деп атайды. Глюкоза молекуласы ашық және тұйық тізбекті болып келеді, оның α- және β- изомерлері болады.
Іс-әрекеттер: Сынып оқушыларына  жағымды ахуал туғызу, назарын сабаққа аудару, Смайлик көрсетіп сабақты формативті бағалау, топқа бөлу .

Топқа бөлу:

1. Тапсырма: Қызығушылықты ояту: «Сұрақ-жауап» жұптық жұмыс

2.Топтық жұмыс. Мағынаны ашу: «Құпия сөздің құлпын аш»

3.Жұптық жұмыс  «Кім жылдам»

4.Сабақты бекіту:Көмірсулардың жеке өкілдері «Сематикалық карта»

Қызығушылықты ояту:

I.«Сұрақ-жауап»-ойыны

Үй тапсырмасын тексеру.

 І-тапсырма. Сұрақ –жауап.

1. Этилацетаттың екі изомерінің құрылым формуласын жазып, қосылыстарды атаңдар.

2. Этилформиаттың екі гомологының құрылым формуласын жазып, қосылыстарды атаңдар.

3. Органикалық заттардың қай класының қосылыстары күрделі эфирлерге изомер болып табылады?

4. Майлар деп қандай қосылыстарды айтады?

5. Организмде май қандай өзгеріске ұшырайды?

6. Біраз сақтағанда майдың иісі өзгеріп, дәмі бұзылатыны нелііктен?

7. Сабын қалай түзіледі? Сәйкес реакция теңдеуін жазыңдар.

8. Кермек суда сабын неге нашар көпіреді? Реакцияның молекулалық және иондық теңдеулерін жазыңдар.

ІІ-тапсырма. Өзіндік жұмысы

І-деңгей

1. Этиленнен қалай этилацетат алуға болады? Сөйкес реакция теңдеулерін жазыңдар.

2. Кальций карбидінен этан қышқылының этил эфирін қалай алуға болады? Сәйкес реакция теңдеулерін жазыңдар.

ІІ-деңгей

1. Мына қосылыстардың құрылым формулаларын жазындар

а) сірке қышқылының этил эфирі; ә) диэтил эфирі;

б) пропан қышқылының метил эфирі;в) пропион қышқылының метил эфирі;

г) метилэтил эфирі,

2. Эфирлену және гидролиздену реакциясы деп қандай реакцияны айтады? Метилбензоаттың алыну және гидролиздену реакцияларының теңдеулерін жазыңдар. Реакциялардың өнімдерін атаңдар.

ІІІ-деңгей

1. Этилформиаттың түзілу реакциясы теңдеуін жазыңдар. Химиялық тепе-теңдікті:

а) күрделі эфир түзілу жағына; ә) гидролиздену реакциясы жағына

ығыстыру үшін қандай жағдайлар тұғызу қажет екенін айтып түсіндіріңдер.

2. Төмендегі өзгерістерді орындауға мүмкіндік беретінреакция теңдеулерін жазыңдар: метан  → ацетилен →ацетальдегид → сірке қышкылы → этилацетат.

ІV-деңгей

1. Құрамы С4Н8О2-ге сай екі заттың біреуі натрий карбонатынан көмірқышқыл газын ығыстырады. Ал екіншісі, бұл карбонатпен әрекеттеспейді, бірак қыздырғанда натрий гидроксидінің ерітіндісімен әрекеттесіп тұз бен спирт түзеді. Осы екі қосылыстың құрылым формулаларын жазып сәйкес реакция теңдеулерін құрыңдар.

2. С4Н8О2 затын гидролиздегенде сулы ерітіндісі қышқыл орта беретін А заты мен ерітіндісі бейтарап Б заты түзіледі. А және Б заттарының екеуі де белсенді металдармен В газын түзе әрекеттеседі. А және Б косылыстарындағы көміртек атомдарының сандары өзара тең. Бастапкы С4Н8О2 затының кұрылым формуласын жазыңдар.

3. Қүрамы С5Н10О2 қосылысы гидролизденгенде А және Б заттары түзіледі. Бұл екі затта белсенді металдармен түссіз, жанғыш В газын түзе әрекеттеседі. А затының Б затынан айырмашылығы ол сілтілерде жақсы ериді. Б заты натрий дихроматымен тотықпайды, тұз қышқылымен алкилхлорид түзе әрекеттеседі. А затының құрамында тек қана бір көміртек атомы бар екені белгілі. С5Н10О2 затының құрылысын анықтаңдар.

II.Топтық жұмыс «Құпия сөздің кілтін аш»,топ ережелерін сақтауды еске саламыз.Топ басшысы,хатшысы сайланады.

І-тапсырма. Сұрақ-жауап.

1. Көмірсулардың биологиялық маңызы қандай?

2. «Көмірсу» атауы қайдан шыққанын түсіндіріңдер.

3. Көмірсулар деп кандай заттарды айтамыз және олар қалай жіктеледі?

4. Көмірсулардың әр түріне: моносахаридтерге, дисахаридтерге, полисахаридтерге мысалдар келтіріңдер.

5. Глюкозаны не себепті альдегид-спирт деп атайды?

6. Глюкозаны кандай заттардан алады?

7. Глюкозаның физикалык касиеттерін айтып беріңдер.

8. Глюкозаның химиялық касиеттерін топтарға бөліп карастыру себебі недедеп ойлайсыңдар?

ІІ-тапсырма. Өзіндік жұмысы.

І-деңгей

1. Глюкозаның табиғатта түзілу және глюкозаны өнеркәсіпте алу процестерін сипаттаңдар.

2. Глюкозаның сірке қышқылымен түзетін толық эфирінің құрылым формуласын жазыңдар.

ІІ-деңгей

1. Глюкозаның ерітіндісін:

а) формальдегидтің ерітіндісінен; ә) глицериннің ерітіндісінен калай айыруға болады? Реакциялардың жүру жағдайларын көрсетіп сипаттаңдар.

2. Глюкоза ашыған кезде және бұлшық ет шаршап жұмыс істегенде сүт қышқылы

СН3—СН(ОН)—СООН түзіледі. Сүт қышқылының:

а) натриймен; ә) натрий гидроксидімен реакцияласу теңдеулерін жазыңдар. Реакция нәтижесінде түзілетін заттар бірдей ме, әлде әр түрлі ме?

ІІІ-деңгей

1. Кестені толтырып пентозаларды сипаттаңдар:

Сипаттамасы Рибоза Дезоксирибоза
Молекулалык формуласы
Құрылым формуласы
Құрамы мен кұрылысындығы айырмашылыктар
Физикалық қасиеттері
Химиялык касиеттері
Биологиялық манызы мен колданылуы

ІV-деңгей

1. Томендегі айналуларды:

а)  крахмал → глюкоза → этанол →ацетальдегид → сірке қышқылы → сірке этил эфирі→ натрий ацетаты;

ә) СО2→ глюкоза → крахмал → глюкоза → этил спирті → этилен → полиэтилен → СО2

орындауға мүмкіндік беретін реакция теңдеулерін құрастырыңдар. Реакциялардың жүру жағдайларын көрсетіп, типтерін анықтаңдар.

Дұрыс жауап көрсетіледі.Топ бірін-бірі критеримен бағалайды.

III. «Кім жылдам»есептер шығару

1. 500 мл спирт (r=0,8 г/мл) алу үшін жұмсалатын глюкозаның массасы

Шешуі: C6Н12О6 → 2C2Н5ОН  + 2СО2

2М(C2Н5ОН) = 92 г/моль

М(C6Н12О6) = 180 г/моль

m (C2Н5ОH) =500 мл · 0,8 г/мл= 400 г

х г C6Н12О6—- 400 г C2Н5ОH

180 г C6Н12О6 —-  92 г C2Н5ОH

2. Глюкозаның тотығу реакциясының термохимиялық теңдеуі 

С6Н12О6 +6О2→6СО2 +6Н2О+2926 кДж егер 731,5 кДж жылу бөлінген  болса, жұмсалған отегінің (қ.ж.) көлемі

Шешуі: С6Н12О6 + 6О2 → 6СО2 + 6Н2О + 2926 кДж

V(О2) =  134,4 л/моль

х л О2   —— 731,5 кДж

134,4 л О2 —- 2926 кДж

3. 16 г метил спиртін толық жаққанда түзілетіндей газ алу үшін, спирттік ашу үшін қажет глюкозаның массасы

Шешуі: 2CН3ОН+ 3О2 → 2СО2 + 4Н2О

2М(CН3ОН) = 64 г/моль

2М(CО2) = 88 г/моль

х г СО2—- 16 г CН3ОН

88 г СО2  —-  64 г CН3ОН

C6Н12О6 → 2C2Н5ОН  + 2СО2

М(C6Н12О6) = 180 г/моль

2М(CО2) = 88 г/моль

22 г CО2—- х г C6Н12О6

88 гCО2 —-  180 г C6Н12О6

4. 180 г 20%-тті глюкоза ерітіндісі күміс (I) оксидінің аммиактағы ерітіндісімен әрекеттескенде 40 г күміс түзілген болса, күмістің шығымы (%)

Шешуі: С6Н12О6 + Аg2O С6Н12О7 + 2Ag↓

М(С6Н12О6) = 180 г/моль

2М(Ag) = 216 г/моль

m(С6Н12О6)=180 г · 0,2 = 36 г

х г Ag—- 36 г С6Н12О6

216 г Ag —-  180 г С6Н12О6

40 г Ag—- х %

43,2 г Ag —-  100 %

Өз-өздерін бағалау критеримен.

IV.Сабақты бекіту.Сематикалық карта.Кесте толтыру.

1. Берілген кестені толтырып, глюкозаның химиялық қасиеттерін сипаттаңдар.

Глюкозаның альдегидтердің қасиеттеріне  ұқсас қасиеттері Глюкозаның көп атомды спирттердің қасиеттеріне  ұқсас қасиеттері
1. 1.
2. 2.

2. Қосымша әдебиеттерді пайдаланып, көмірсутектерді сипаттап, төмендегі кестені толтырыңдар:

Көмірсулар Молекулалық формуласы Маңызы
Моносахаридтер

Глюкоза

Фруктоза

Рибоза

Дезоксирибоза

Дисахаридтер

Сахароза

Лактоза

Мальтоза

Полисахаридтер

Крахмал

Гликоген

Целлюлоза

Рефлексия Оқушылар өз ойларын еркін жазады
Кері байланыс Стикерге жазып «Үміт»- ағашына жапсыру
Формативті бағалау Бағалау критерилары арқыл

Өз-өздерін бағалау

Смайликтер арқылы

Топ басшысы бағалау

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Пікірлер6
  1. Айгерим

    Танымдық материалдардың ыз керемет!!!! Ой өрісі біздің кеңеюіне көмегі тиіп жатыр

  2. Диана

    Сабақ жоспары жақсы құрастырылған??????

  3. Оралбекова Калида Турганбаевна

    Сабақ өту барысына өте тиімді құрылған, 5 түрлі әдіс тәсіл қолданған, сабақ жоғары деңгейде өтігеніне сенімдімін.

  4. Камшат

    Сабақ жоспары жақсы жасалынған! Жаңа бағдарламаға сай

  5. Камалова К.Ж.

    Сабақ жоспары жақсы құрастырылған.Оқушыларға деңгейлік тапсырмаларыда кіріктірілген.

  6. Roza

    Сабақ жоспары өте жоғарғы деңгейде жасалыпты. Оқушыларға арналған тапсырмаларда әртүрлі және көп. Нағыз мұғалімдерге керек жұмыс.

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ