Химиялық кеш

Мақсаты Білімділік: Оқушылардың химия ғылымына қызығушылығын арттыру, химияның күнделікті тұрмыс пен тығыз байланыста екендігіне көз жеткізу, химиядан алған білімдерін жүйелеу, жинақтау.

Дамытушылық: Ойлау қабілетін дамыту, алған білімін іс жүзінде пайдалана білуге баулу, жеке тұлғаның белсенділігін,пікірін қорғай білуге, өз бетінше шешім қабылдай білуге дағдыландыру, шығармашылығын дамыту.

Тәрбиелік: патриоттыққа, адамгершілікке тәрбиелеу, еңбекке жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу, тәртіптілікке, талғампаздыққа баулу.

Көрнекіліктер: нақыл сөздер, слайд, химиялық – тұрмыстық заттар, тор, су, тұз, сүзгі, металдар, қағаз, йод.

Кештің барысы:
Жүргізуші: Химия ғылымы қоғам өмірінде зор рөл атқарады.Космосты игеру, атом энергиясын бейбітшілік мақсатта қолдану, жасанды заттарды синтездеу,ауыл шаруашылығының өнімдерін арттыруда химиялық тыңайтқыштар, жаңа энергия көздерін табу, мұхиттағы шикізат көздерін игеру т. б. толып жатқан мақтан тұтар жетістіктеріміз химиясыз мүмкін емес.

Тіпті дәл қазір қарапайым күнделікті тұрмыстың өзінде химияның жетістіктерінсіз аттап баса алмайтын халге келдік. Осы орайда оқушыларға химия ғылымын жан – жақты көрсете білген жөн.

Сонымен құрметті мұғалімдер, оқушылар

«Химия тұрмыста» кешіне қош келдіңіздер

Химияны оқу парыз әркімге,

Химияны оқиық біз көңілмен

Оқиды оны барлық елде әр тілде

Кездесер ол күнделікті өмірден

Химияның оқындар әр бөлімін

Ақылымыз химияны біліңдер

Кездесер ол алдарыңнан әр күнде

Тап болар ол әр жерден, әр өңірден.

Ортаға сиқыршыларды шақырайық. 1 тәжірибе

«Сиқырлы жазу»

Жүргізуші: Міне, халайық, баршаңызды таң қалдырған химия таңғажайыптары осындай. Кештің бет ашары болған сиқырлы жазудың мәнісін түсіндіретін кім бар? Жауабын дұрыс айтқандарға сыйлығымыз бар.

химия ғылымыЖүргізуші: Күнделікті өмірде қолданылып жүрген қандай бейметалдарды білеміз. Ортаға көміртегіні шақырамыз. 1. Көміртегі – осы элементтің тұрмыстағы маңызы, пайдасы, зияны туралы кім айтады ? (көрермендер жауап береді)

Жүргізуші: Көрдіңіздер ме бір ғана химиялық элемент көміртегінің тұрмысымызға қаншалықты дендеп енгенін. Көміртегінің осыншалық жақсы қасиеттерін сипаттап берген жас химигімізге сыйлық ретінде көрермендер қолпаштауы мен өзі айтқан алмаз қымбат болғандықтан графит қарындаш береміз.

Жүргізуші:(ортаға фтор шығады) Қане фтор туралы кім не біледі ? (оқушылар жауап береді)
Бәлекелді өз денсаулығын күте білетін, құрметтей білетін әрі химияның маңызды пайдасын ескеріп жүрген бұл жас химигімізге тіс тазалағыш сыйласақ артық болмас.

Жүргізуші: Енді ортаға сіріңкені шақырсақ қайтеді. Сіздер ол туралы көп білетін шығарсыздар. Қане кім айтады, сіріңкеден от қалай тұтанады ? (оқушылар жауап береді)

Жүргізуші: Міне көрермендер күнделікті қолымыздан түспейтін сіріңкенің өзінің химиялық сиқыры бар екенін байқадыңыздар. Жас химикке сыйлық көрермендер қолпаштауы мен бір сазды сәлем.

Ән: «Өркенде, шалқы химия» орындайтын Қапсаметов. Е. 11 сынып оқушысы
Жүргізуші: Қоғаммен біте қайнап, бірге жасап келе жатқан бір ғажайып дүние бар. Тіпті ол қоғамның даму тарихын, оның жай – жапсарын да баян етеді.Бұл металдар дүниесі. Ортаға күнде өздеріңіз тұрмыста кездесіп жүрген металдарды ортаға шақырамыз.

Алтын: адам ашып өңдемесе біздерді
Мекен етіп жатар едік сыз жерді
Күміс: Ақылына тәнті болып әмәнда
Алғыс айтып бас иелік адамға

Вольфрам: Кәдесіне бәрімізді жаратып Ғұмыр кешсін мамыражай заманда Сынап: қане біздің алысқа бармай – ақ, күнделікті тұрмыста қандай пайдамыз бар? Кім айтады ? (оқушылар жауаптарын айтады)

Жүргізуші: Бәрекелді жарайсыңдар, Жас достар! Көрдіңіздер ме, біздің қонақтар өздерін сыйлап, құрметтеп, олар туралы маңызды мәліметтер білгендеріңіз үшін сіздерге дән риза. Солай емес пе «металл мырзалар»
Металдар хормен: иә, жас достар, біз сіздерге бас иіп қошамет көрсетеміз.

Жүргізуші : Химиялық элементтердің ішінде қоғам тарихында өзіндік орны ерекше, тұрмысымызға дендеп енген металдар патшалығына өз өнерімізді көрсетейік.

Би: «Кең жайлау»

Жүгізуші: Құрметті бүгінгі кештің көрермендері! Енді сіздерді «Тұрмыстағы химиядан не білеміз» тақырыбында ұйымдастырылған шағын аукционға шақырамыз.

Аукционның шарты: аукционға түсетін заттар туралы білетін білімдеріңізді мүмкіндігінше ортаға салу. Заттың бағасы сіздердің білімдеріңізбен бағаланады. Кім көп және соңғысы болып айтады, сол заттың иесі болады. Сонымен химиялық аукцион басталды. Аукционға түсетін бірінші зат – сабын.

Аукционға түсетін екінші зат – «Sorti» ұнтағы
Аукционға түсетін үшінші зат – «Bis» жуғыш зат
Аукционға түсетін төртінші зат – йодтың спиртегі ерітіндісі
Аукционға түсетін бесінші зат — пластмасса
Осымен аукцион аяқталды

Жүргізуші: «Қызықты химия» бөліміне кезек берейік. Құрметті оқушылар жіппен тоқылған тор немесе сүзгімен су мен тұзды төкпей әкелуге бола ма ? Кәне ендеше 2 оқушы ортаға келіп істеп көрейік.
Жүргізуші: Күшейтеміз химияның сапасын
Берер бізге болашақ ақ батасын
Ғылымның негізгі бір саласы
Химиямыз мәңгі бақи жасасын – дей келе кешімізді аяқтаймыз.

Күй : «Көңіл толқыны»
Келесі кездескенше сау болыңыздар.

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Пікірлер3
  1. Айдын Қанатқызы

    Өмірді химия физика математикасыз елестету мумкин емес шығар. Кеш өте жаксы

  2. Камалова К.Ж.

    Осындай химиялық кештердің маңызы зор.Оқушылар қоғам тарихындағы және тұрмысымыздағы химиялық элементтердің қызықты мәліметтеріне қанық болады

  3. Жанат Булекова

    Кеоемет.. Қазіргі жаңа оқулықтарда оқушыларға берілген қызықты мәліметтерді де кірістәіруге болады

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ