Бастауыш пен балабақша және ата-аналар сайты.
  • Ұстаздарға
    • Ұстаздар еңбегі
    • Көрнекіліктер
    • Түйіндеме жасау
    • Сертификат
    • Слайд презентация
    • Балалар ойындары
    • Бастауыш сыныпқа
    • Тәрбиешілерге
    • Мақала жариялау
    • Минусовка
    • Мерекелер
    • Конкурстар
  • Жоспарлар
    • Ағылшын тілі
    • Әр түрлі
    • Бастауыш сынып
    • Балабақша
    • Биология
    • География
    • Информатика
    • Қазақ тілі
    • Логопед дефектолог
    • Математика
    • Өзін-өзі тану
    • Тарих
    • Технология
    • Физика
    • Химия
  • Балаларға
    • Мақал мәтелдер
    • Жұмбақтар жауабымен
    • Ертегілер
    • Мультфильмдер
    • Тақпақтар
    • Шығармашылық
    • Сіз білесіз бе?
  • Аналарға
    • Ана және бала
    • Бала денсаулығы
    • Сұлулық
    • Жүктілік күнтізбесі
    • Баланың жынысын анықтау
    • Сәби жынысын жоспарлау
    • Овуляция күнтізбесі
    • Қалай жүкті болуға болады

Негізгі бет > Аурулар

 

Мұрын біту


Мұрын бітуді көп жағдайда адамдар ауру деп есептемейді. Оны біз ұсақ жағымсыз жағдайға жатқызамыз. Мұрын бітелгенде, мұрын қуысына өте көп мөлшерде сұйықтық жиналады да, соның салдарынан адам қайта- қайта сіңгіріп, мұрынын қолорамалмен сүрте береді. Дұрыстап ойлап қарасаң, мұрын бітуді аурудың бір түрі деп қараған жөн. Өйткені бұл — мұрынның шырышты қабығының қабынуы болып саналады.

Қабынған шырышты қабық ісінеді және ондағы бездер өте көп мөлшерде сулы сұйықтық бөледі. Сау адамның мұрынының шырышты қабығында миллиондаған бактериялар мен вирустар тіршілік етеді. Солардың кейбіреуінің ауру тарататын қасиеті болады. Дем алғанда ауа температурасы сәл өзгерсе, шырышты қабықтың қорғаныштық қасиеті төмендейді, ал бұл мұрын қуысындағы микробтардың көбеюіне қолайлы жағдай болып есептелінеді.

Мұрын бітелген кезде дәрігердің айтқан кеңесін дұрыс орындамаса, онда әр түрлі қабынулардың дамуы мүмкін. Мысалы, өкпе қабынуы немесе мұрынның қосалқы қойнауының қабынуы, бұл кезде адамның басы қатты ауырып, кейде мұрында ірің пайда болады. Мұрын- жұтқыншақ қуысында орналасқан евстахиев түтігі арқылы ауру тудыратын бактериялар ортаңғы құлаққа өтіп, сол жерде қабыну тудыруы мүмкін. Оны отит деп атайды.

Кейбір адамдардың мұрынының шырышты қабаты әр түрлі химиялық заттарға, гүл тозаңдарына және өсімдіктердің иісіне өте сезімтал келеді. Мұндай заттардың шырышты қабатты тітіркендіруі аллергиялық мұрын бітудің дамуына жағдай жасайды. Аллергияның бұл түрі адамдарда ерте көктемде, шөптер мен ағаштар гүлдеген кезде басталады. Мұндай жағдайда аллерголог-дәрігерге көрініп, тиісті ем алу керек.

Мына жазбаларды да оқуға кеңес береміз:

Ортаңғы құлақ туралы не білесіз?

Салқын тию ауру ма? және оның алдын алу үшін не істеу керек?

Мұрынның қызметі туралы не білеміз?

Құлақтың қабынуы Отит ауруының негізгі белгісі.

Мына ұқсас жазбалар топтамасын ұсынамыз:

  • Қызу
  • Күйік
  • Ботулизм
  • Тіл мүкістігі
  • Теріскен

Пікірлер 4 Пікір қосу

  • Жаннур 28.01.2022 күні 21:25 уақытында

    Өзіме аз аздан жаңа ақпараттар алып жатырмын. Барлық ақпаратты қысқа әрі түсінікті қылып жазасыздар. Сол үшін үлкен рахмет!

    Жауап беру
  • Айдана 16.03.2021 күні 13:36 уақытында

    Жаксы жазылган

    Жауап беру
  • Гүлжанйа 27.01.2021 күні 11:27 уақытында

    Менің мұрын бітелген кезде әр түрлі қабынулар болады, не істерімді білмей қалатын едім.

    Жауап беру
  • Айнур 08.12.2020 күні 11:23 уақытында

    Пайдалы және мағыналы мақалалар өте көп

    Жауап беру

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!
Жауапты кері қайтару

  • Күнделікті жұмыстар баланың дамуына қалай көмектеседі?

    25 Нау 2025 / Толық оқу

  • Оқуды бала үшін қызықты саяхатқа айналдыру

    19 Нау 2025 / Толық оқу

  • Как помочь ребенку понять Present Simple и Present Continuous: Практические примеры

    27 Қар 2024 / Толық оқу

  • қазақша жұмбақтар Жұмбақтар жауабымен

    1 Қыр 2019 / Толық оқу

  • тегін сертификат Тегін немесе Ақылы Сертификат Алу

    16 Ақп 2014 / Толық оқу

  • Оқушы портфолиосының үлгісі

    30 Там 2013 / Толық оқу

Жаңа жазбалар

  • Күнделікті жұмыстар баланың дамуына қалай көмектеседі?
  • Оқуды бала үшін қызықты саяхатқа айналдыру
  • Как помочь ребенку понять Present Simple и Present Continuous: Практические примеры
  • Бастауыш сынып тәрбиешісінің рөлі мен міндеттері
  • Ұстаздар күніне құтты болсын!

Сайтта жарияланған мақалаларды сайт әкімшілігінің рұқсатынсыз басқа сайттарға жариялауға тиым салынады.Мақаланы басқа сайтқа жариялауға байланысты сұрақтарыңызды hat@erketai.kz электронды почтасына жазыңыздар.Сайттың барлық құқықтары қорғалған © ERKETAI.KZ 2012 жылдан бастап жұмыс жасайды.