Ұйқыдан кейінгі шынықтыру шаралары

«Көңілді қоңыздар» массаж түрлері
Мақсаты: Балалардың денсаулығын нығайтуға, дене бітімін жақсы қалыптастыруға, қан айналымын жақсартуға, көздерін демалтуға, балалардың арқасындағы, қолындағы, табандағы нүктелерді оятуға арналған. Ағзаның көптеген қызметтерін жақсартады.

Әдіс тәсілдері: түсіндіру, көрсету.

Көрнекілік: ілгекті жолдар, тастар матрастар, қоңызда киімі, ойыншық қоңыздар.

balalarМузыка әуенімен балалар залға кіреді.

Тәрбиеші: Түс мезгілі, мезгілі,
Қоңыздар ұйқыға кірісті
Қоңыздар көреді түсті
Әдемі сиқырлы әлемді. (балалар ұйқыдан оянады)

balalar1Көзімізді ашайық
Тәрбиеші: Аунап, қунап алайық ,
(жалпы денеге арналған жаттығу) Бойымызды жазайық.
Қолымызды созайық
Жаттығулар жасайық,
balalar2Ұйқымызды ашайық

(көзге арналған жаттығу) Қоңыз, қоңыз, қоңызым,
Ағашқа ол өрмелеп Бұтаққа келіп отырып,
Күнге көп қарайды, Қоңыз,қоңыз,қоңызым
Тербеледі таяқта
Тынығады, ұйқтайды.
balalar3
(Табанды шынықтыру массажы)
balalar4Оң қолға ұстап тарақты,
Түрлі массаж жасайық.
Сол қолға ұстап тарақты,
Табанға массаж жасайық.

balalar5
(арқаға арналған массажы) Қыбыр-қыбыр жүріспен,
Қоңыздар қырға шығады.
Төмен қарай сырғанап,
Қайта өрмелеп шығады.
(Қолға арналған массаж) Қоңыз шықты ағашқа, Артында оның баласы. Бір мезгілде жаңбыр жауды Қоңыз жерге құлады. Қүн шапағын шашады
Қоңыз үйге қайтады.
(ілгекті жолмен жүру)
Әдемі ирек жолдармен
Лақтарша біз ойнақтап
Тастан-тасқа секіріп
Жалаң аяқ жұреміз.
Табанға біз нұктелі
Массаж жасау білеміз.
Балалар жарты шеңбермен тұрып, қонақтар мен қоштасады)
Қол үстасып тұрайық,
Шеңберді біз құрайық,
Көріскенше күн жақсы
Сау саламат болайық!.

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Пікірлер33
  1. Балкен

    Өте жақсы маған ұнады сәттілік тілеймін

  2. Перизат

    көңілімнен шықты, тамаша екен!

  3. Айман

    Жаттығу арқылы бала денсаулығы зор болуын дәлелді түрде көрсетіп өте құнды мәліметтер берген рахмет.

  4. Жансулу

    Ұйқыдан кейінгі жасалатын жаттығулар керемет
    Рет ретімен
    Біз жаттығулар істететін болсақ неден бастарымызды білмей тұрамыз

  5. Ляйла

    Ұйқыдан кейінгі дене жаттығулары өте керемет екен, пайдалы мағлұмат.

  6. Гулмира

    Ұйқыдан кейінгі жаттығуларды ұйымдастыруға жақсы екен

  7. Насихат

    Керемет маған унады озиме калай тиркеп алуыма болады

  8. лаура

    Ерекше жаттығу түрлері екен. картотека түрінде болса жаксы болар еді. жүктеп алуға

  9. Мулдир

    Ұйқыдан оянганнан кейін баланы сергіту, шынықтыру үшін осы жаттыгуларды колданып журмин.рахмет сайт әкимшілігіне

  10. Меруерт

    Балаларға арналған таңғы жаттығулар мен ұйқыдан кейінгі жаттығулар өте пайдалы денсаулықтарына тигізер әсері мол.Маған жоғарыдағы көрсетілген жаттығулар қатты ұнады.Балабақшаларда осы жаттығуларды күнделікті орындаса балалардың да қызығушылықтары арта түсер еді.

  11. Акнур

    Ұйқыашар жаттығулары өте нақты көрсетліп берілген. Әсіресе, суреттегі балапандардың киген киімдерін өзімнің тобымдағы балаларға жасақтап, тіктіріп алсам деген идея туындап отыр. Сіздерге көп рахмет. Материалда көрстілген шынықтырыу шараларын өз тәжірибеме толықтырып, қосу үстіндемін.

  12. Жаныл

    Керемет жазылыпты. Ұйқыдан тұрғаннан кейінгі жаттығулар балалардың денсаулығына тигізер пайдасы мол. Әріптестеріммен бөлісетін боламын.

  13. Балкен

    Ұйқыдан кейінгі шынықтыру шаралары,балалардың жетілуіне көп септігін тигізеді.Сіздерге рахмет.

  14. Бахыт

    Ұйқыдан кейінгі жаттығу балалардың денсаулығын нығайтуға септігін тигізеді. Өте жақсы құрылған жаттығулар. Балаларға өте қызық болары сөзсіз.

  15. Райхан

    Сергіту жаттығуларын қалалық көлемде тәрбиешілерге көрсеткен сияқты, әдемі

  16. Жансая

    Макала өте керемет!Рахмет Еркетай сайты

  17. Загира

    Керемет. Дене шынықтыру оку кызметине нагыз керек такырып. Киимдери де кушти екен. Осыган уксастырып бирнеше тез.карта жазуга болады екен. Рахмет

  18. Сауле

    Тәрбиешілер күнделікті ұйқыдан кейін қолданып отырса баланың денсаулығын нығайтуға дене бітімінің дамуына арналған жаттығулар өте жақсы таңдалған

  19. Асем

    Идея??бәрі суреті мен түсінікті жазылған

  20. Отарина Гүлдана Бекмырзақызы

    менің тобым әзірше кішкентай өсе келе балаларыма осыған ұқсас әр түрлі жаттығулар жасап дамытып отырамын. Мектепке дейінгі жастағы балалардың дене бітімін дамуына үлкен септігін тигізді осындай жатығулар

  21. Отарина Гүлдана Бекмырзақызы

    Құнды дүние екен. Балалардың денсаулығын нығайтуға, дене бітімін жақсы қалыптастыруға арналған жаттығулар жақсы таңдалып алынған екен. тәрбиешілер күнделікті ұйқыдан кейін немесе таңғы жаттығу кезінде әрдайым қолнаып отырса баланың дамуына үлкен септігін тигізеді

  22. Сания

    ия оте жаксы уйымдастырылган. Рахмет.

  23. Аиша

    Сәлеметсіздерме? Баланың өсіп дамуы үшін дене қозғалысының дамуы, бұлшықетттерінің дұрыс жетілуі кезінде таңертеңгі немесе ұйқыдан кейінгі жаттығулардың алатын орны ерекше. Мектеп жасына дейінгі балаларға арналға мына жаттығулар түрлері жақсы жазылған және жақсы ұйымдастырылған сияқты. Маған ұнады. Келешекте өз тәжірибемізді арттыру мақсатында қолдануға болатын керек дүние екен. Рахмет.

  24. Асел

    жаксы екен

  25. саягуль

    оте жаксы керемет осындай макалалар кобирек жазылса екен

  26. Лиза

    өте жақсы

  27. Айнур

    шынықтыру кешенін жүктеп алайын деп едім

  28. Дина

    осы макаланы калай алуга болады фотосымен

  29. Ғайша

    алынбайды

  30. Ғайша

    Жақсы

  31. алынбайды

  32. жақсы екен

  33. жақсы

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ