Қалдықпен бөлу және оны тексеру.

ІІІ тоқсан
Күні: 18.02.2014
Сыныбы:3 «А»
Пәні:Математика
Сабақтың тақырыбы:110-сабақ. Қалдықпен бөлу және оны тексеру.
Сабақтың мақсаты: қалдықпен бөлу және оны тексеру тәсілдері туралы түсінік беру; Сабақтың міндеттері:
өтілген масса бірліктері және олардың арақатынасы туралы білімдерін қайталау;
екі таңбалы санды екі таңбалы санға бөлу дағдыларын бекіту.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгерту.
Сабақтың әдісі: практикалық жұмыс, демонстрациялық әдіс, сұрақ жауап, түсіндіру, есептер шығару.
Сабақтың көрнекілігі: Плакат, оқулық, тақта, бор.
Сабақтың барысы:
3 сынып, математика, қалдықпен бөлу,қалдықпен бөлу 3 сынып, қалдықпен бөлу және оны тексеру1. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Психологиялық дайындық.
2. Үй тапсырмасын тексеру.
№7. Тақтай көлемдерін есептеу.
3. Тірек білім, білік, дағдыларын белсендіру.
Кестелік көбейту және бөлу дағдыларын қайталау үшін № 525, 526 есептерді шығарту.
4. Жаңа сабақты түсіндіру
Жаңа сабақты түсіндіруді практикалық жұмыс және демонстрациялық әдіс негізінде жүргізуге болады. Тақтаға шақырылған оқушыларға 3 дәптерден алдымен 6 дәптерді, содан кейін 12 дәптерді тарату (шешуі тақтаға жазылып отырады), одан соң 7 дәптерді тарату тапсырылады. (3дәптерден таратқанда 1 дәптер қалып қоятыны белгілі болады). Тақтаға жазылады: 7 :3 =2 (қалдық 1). Осындай демонстарциялық жұмыстарды оқушылар санау материалдарын пайдаланып жүргізеді. Бір жағдайларда бөлу қалдықсыз, бір жағдайларда қалдықпен орналасуы маңызды. Тақтадағы жазуларды салыстыра отырып, оқушылар бөлген кезде кейбір сандарда қалдық болады, ал кейбір сандарда қалдық болмайды деген қорытындыға келеді. Сондай-ақ қалдықтың бөлгіштен кіші болатынын байқаулары керек.
№1 тапсырманы мұғалімнің көмегімен орындайды. Оқушыларды қалдықпен бөлуді дұрыс оқуға үйрету: «18-ді 4-ке бөлсек, 4 және2 қалдық шығады немесе бөлінгіш – 18, бөлгіш -4, бөліндінің мәні -4 және 2 қалдық».

5. Алғашқы бекіту үшін балалар №2, №3 тапсырмаларды орындайды.

6. Өткен тақырыппен жұмыс.
№4 (1-баған) тапсырманы оқушылар жан-жақты түсіндіре отырып тақтада орынадайлы, қалған мысалдарды өз беттерінше шешеді. Тапсырмаларды орындап болған соң мұғалім мысалдардың қайсысы қиындық келтіргенін сұрайды.
№5 тапсырма масса бірліктерінің арақатынасын қайталауға арналады. Оны орындар алдында келесі сұрақтар қойылады:
• Қандай масса бірліктерін білесің?
• Қандай ең үлкен масса бірлігін білісіңдер?
• Тоннада неше килограмма бар?
• Массаның ең кіші өлшем бірілігін ата?
• 1 кг-да неше грамма бар?
• 1 центнерде неше килограмм бар?
• 1 тоннада неше центнер бар?
№6 тапсырма кестеден тыс бөлуді бекітуге бағытталған және мұғалімнің басшылығымен немесе өз беттерінше орындауға бағытталған.
№7 тапсырма мұғалімнің жетекшілігімен орындалады. Есептің шешуін дәптерге жазуға болады.
№8 тапсырма ауызша орындалады.

7. Сабақты қорытындылау.

8. Үй тапсырмасы: №4 (2,3-бағанддар). Есептер мен жаттығулар жинағынан №466, 467
9. Бағалау:Оқушылардың білімдеріне қарай бағалау.

Пікірлер4
  1. Ира

    Сабағыңызға көп рахмет.Шәкірттеріңіз білімбі болсын.

  2. Камила

    217 бөлінген 4 қалдық пен болу

  3. Аманкелді Жайлыханұлы

    3 сыныппен жақында ғана осы тақырыпты өттік,оқушыларға түсіндіру өте оңай болуы үшін осындай дайын сабақ жоспарын пайдаланып,өз ырқыңа қарай өңдеп алу әбден болады.

  4. Дафна

    тема обиснила
    я пон

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ