«Көңілді қыс» (балабақшада)

Білім беру саласы: «Денсаулық»
Тақырыбы: «Көңілді қыс»
Мақсаты: балалардың қыс туралы түсініктерін кеңейтіп, қысқы ойындар мазмұнын меңгерту. Бала денесін ойын арқылы қозғалысқа келтіріп, таза ауада шынықтыру. Іс-әрекетке деген қызығушылығын ойын арқылы қалыптастыру.
Методикалық әдіс: Ойын әдісі, ойын мазмұны, түсіндіру, үйрету.
Көрнекіліктер: Шана, аққала, қар, күрек, қар үйінділері, қар кесетін ағаш құралдар.

Ойынның жүру барысы
Тілек шеңбері
Балалар алаңда дөңгеленіп шеңбер жасап тұрып, бір-бірінің алақандарын беттестіріп тілектер айтады.
1. Ауамыз таза болсын
2. Денсаулығымыз мықты болсын
3. Ойын қызықты болсын
4. Жарыс көңілді болсын
5. Жеңімпаздар көп болсын
konildi-kis-ashik-sabak-balabakshadaБалалар музыка ырғағымен айналып жай жүріп, сонан соң жүгіріп келіп, аяқ-қол блшықеттеріне арналған сергіту жаттығуларын жасауды.
Қозғап барлық денеңді
Қолды қатты соқ енді.
Тақылдатпай таяқты
Ақырын бас аяқты.

Иықты артқа ысырып,
Басты төмен саламыз.
Жаттығу жасап осылай,
Біз шынығып аламыз.

Ойын жарыс түрінде өтетін болған соң, балаларды екі топқа бөлеміз.
Тұлпар тобының мүшелері: Аққу, Ақтолқын, Ерасыл, Ілияс, Айназ, Мансұр.
Сұңқар тобының мүшелері: Назым, Айтуар, Дархан, Саят, Несібелі, Құралай.
Ойын №1 «Жолды қардан тазарту».
Мазмұны: Балалар қолдарына күрек алып екі жақтан қарсы жүріп, жолды қардан тазартады. Қай топтың балалары жолды ұзын етіп тазартса сол топ жеңеді.
Ертегі кейіпкерлері қонақта.
«Үйшік» ертегісінен Аю келіп балалардан өзі сиятын үйшік жасап беруін өтінеді.

Ойын №2 «Үйшік жасау».
Мазмұны: Қар кесінділерінен кішкене үйшік тұрғызу. Қай топ бұрын болса, сол топ жеңген болады.

Ойын №3 «Шанамен жарысу».
Мазмұны: Екі топтың үлкен балалары бір баланы шанаға отырғызып сүйреп мәре сызығына дейін жарысады. Ойынға балалар түгел қатысады. Қай топ бұрын жетеді, сол топ жеңеді.
Балалар, біз келесі ойынды ойнамас бұрын жұмбақ шешейік.сол жұмбақтың шешуі арқылы келесі ойынымыздың атауын анықтаймыз.
Шелек қалпақ басында,
Сәбіз екен танауы.
Қыста қардан жасалар,
Тауып көрші сен оны.
(аққала)
Ойын №4 «Аққала».
Мазмұны: балалар дайын тұрған қардан қар адам құрастырады.Оның көзін, мұрнын, аузын жапсырады. Басына телпек кигізіп, қолына сыпырғыш ұстатады. Қай топтың балалары бұрын болса, сол топ жеңеді.

Ойын №5 «Көпір жасау».
Мазмұны: Қар кесінділерін 2 қатар етіп жерге (2метр ұзындықта) төсеу. Бір бала қарды жерге қойып тұрады, басқалары қарды жалғап, жеткізіп тұрады. Қай топ бұрын болса, сол топ жеңеді. Ойын соңында балалар шанамен биік қардан төмен қарай сырғанап ойнайды.

Қорытынды:
Ойынды қорытындылап, балаларды марапаттау үшін қыс кейіперлері келіп, сыйлықтар таратып балаларды риза қылады.

Дайындаған:
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Қарабау селосы
МКҚК «Қарлығаш» балалар бақшасының
І санатты тәрбиешісі Несіпқалиева Талшын Шадьярқызы

Пікірлер2
  1. Бану

    Қыс мезгілінің қызықтары туралы, қыстың ерекшеліктері туралы жақсы ашылған.

  2. Сауина

    ?

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ