Ата заңым айбыным

Тақырыбы: «Ата заңым айбыным».

Мақсаты Балаларға заң туралы түсінік беру.Құқықтық сана сезімін ояту,мәдениеттілікке тәрбиелеу.

Зал төрінде ҚР –ның рәміздері ілулі тұрады. Мереке басталар алдында ҚР-ның Әнұраны орындалады.

Құрметті ұстаздар, бүлдіршіндер, ата-аналар, бүгінгі мерекеміз құтты болсын. Егеменді еліміздің байлығы- өз заңы қалыптасқан заманда туып-өмір сүріп жүргеніміздің өзі мақтаныш деп есептеймін. Ал бұл тәуелсіздіктің ата бабамыздың алып берген жеңісінің нәтижесі.

Мерекеміз ҚР-ның Әнұранымен ашылсын.

Әнұран орындалады.

Мемлекеттік нышандармен таныстыру, сұрақтар қою.

Балалар қазір біз ҚР- ның нышандарымен жақынрақ танысамыз. (тақтадан көрсетіледі).

Жүргізуші:

Ата заңға балалар

Құрметпенен қарайық

Туған жердің талабы

заң туралыЗаңды орындау міндетің-деп кезекті бүлдіршіндердің тақпақтарына кезек берейік.

Тақпақтар.

Абылай:

Көк байрағы даламның

Бүгінгі ұрпақ қалауы

Тірегі әке баланың

Қазақстан жалауы.

Айзере:

Ыстық ,достық , тыныштық

Туыстық бізге тым ыстық

Бейбіт өмір белгісі

Күлімдеп шыққан күн ыстық.

Серікбол:

Бас иетін бар адам

Әрбір сөзі самақты

Қорғар бале жаладан

Ата –заң бұл ардақты.

Ерген:

Ата заңға балалар

Құрметпенен қарайық

Туған жердің талабы

Заңды орындау міндетің

Айару:

Айнымайды аспаннан

Біздің тудың бояуы

Оны қазақ қашанда

Биікке іліп қояды.

Жүргізуші: Заң дегеніміз парламент бекіткен талаптар.Оны орындағанымыз елімізді заңымызды құрметтегеніміз.Заң тәртіп бұзушылықтың алдын алу болып табылады.

Кезекті әсем әнге берейік.

Ән: «Қазақстаным».

Жүргізуші:

Бас иетін бар адам

Әрбір сөзі самақты

Қорғар бале жаладан

Ата –заң бұл ардақты.-деп кезекті бүлдіршіндеріміздің тақпақтарына кезек берейік.

Бәржан:

Елттаңбасы елімнің

Неткен айбат әдемі

Тұңығындай көңілдің

Ортада аспан әлемі.

Інжу:

Алтын дәнді даласы бар

Ақ күмістей қаласы бар

Неткен көркем ,неткен сұлу.

Осы менің туған өлкем.

Бақдәулет:

Отан туған еліміз

Отан туған жеріміз

Тек қана осы Отанға

Арналады әніміз.

Ән: «Астана менің»

Жүргізуші:

Ата заңым мемлекеттің айбыны

Ата заңым – ақыл –ойдын айдыны

Туған жердің Қазақстан елімнің

Ата заңмен қорғалады байлығы.

Ән: «Елім менің».

Жүргізуші: Құрметті ата-аналар тәрбиешілер бүгінгі мына мәнді де мағыналы кешіміздің соны да таяп қалды. Бүгінгі біздің бүлдіршіндер аз да болса заң туралы түсініктері қалыптасты деп ойлаймыз. Заңымыз мәңгілік болсын! Осы заңның, тәуелсіз мемлекетіміз аясында нанымыз көп болып, бүлдіршіндеріміздің шат күлкісіне бөленіп жүре берейік, деген тілекпен кешімізді қортындылаймыз.

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Пікірлер38
  1. Гульмира

    Балалардың жас ерекшеліктеріне сай курастырылган тәрбие сағаты. Көп рахмет.

  2. Риза

    Тақырып өте керемет.Балаларға түсінікті болатындай жеңіл дайындалған.

  3. Увалиева Жанна

    Балалардың ата-заңды бiлгенi дұрыс.

  4. Мерей

    материал өте жақсы

  5. Тогаева Гулжайна Қайратқызы

    Ата заң — бұл біздің тірегіміз. Қазақ халқы — тәуелсіз халық дегеннің белгісі. Автор жарайсыз. Тақырып керемет таңдалған және де мақсатқа толық жеттіңіз. Бұл іс-шара өте жоғары деңгейде жазылған. Алдағы уақыттарда бұданда керемет болыңыз

  6. Гулдана

    Сабақтың жоспары жақсы құрылған,балаларға ата заңымызды таныстырып,патриоттық сана-сезімін оятуға үлкен септігін тигізетініне сенімдімін.

  7. Айдана

    Өте маңызды тақырып екен. заңды біліп, ұстануды балаға ұйрету керек. бала кезден қарапайым заңдылықтарды біліп жүру керек

  8. Лаура

    Балалардың жас ерекшеліктері сақталған. Отансүйгіштік қасиетті бала бойына кіші күнінде сіңірген дұрыс деп санаймын. Еліміздің болашағы- жас ұрпақтар Ата заңымызды біліп қана қоймай, өз өмірлерінде ұстана білулері керек.

  9. Жанерке Ертайқызы

    Ата заңның ардақтысы Жеті Жарғы болған. Қазір тек аты ғана болмаса Заңды көрмедім

  10. Аяулым

    Балаларға заң туралы түсінік беру осындай жақсы мақалалардың арқасында жүзеге асуда. Құқықтық сана сезімін ояту,мәдениеттілікке тәрбиелеу керек. Жалпы мақала жақсы.

  11. Айдын Қанатқызы

    Ата зан айбыным. Занды балаларға ерке кезден түсіндіру керек. Пайдалф мәліметтер болды

  12. Салтанат

    туған жерге деген сүйіспеншілікті оятатындай. тамаша

  13. Замзагүл

    Балаларға ата заңның не екенін түсіндіру манызды. Олардың таппақ айтқаны ұнады.

  14. Нигина Алимова

    керемет мерекелердің бірі бұл мереке баланы өз елінің нағыз патриоты болуға тәрбиелейді.

  15. Мадияр Ойдин

    Кештің жоспары жақсы құрылған. Балаларға ата заңымыз туралы көбірек оқытуымыз керек

  16. Жанат Булекова

    Балаларға заң туралы түсінік беру.Құқықтық сана сезімін ояту,мәдениеттілікке тәрбиелеу — мақсатыңыз болған екен. Тәрбие сағатын ұйымдастыруда балалардың жас ерекшелігәнде қарай кеткен жөн

  17. Шынар Акылаевна

    Бұл мақала балаларға ата-заң жайлы түсіндіруге көмектеседі. өте маңызды.

  18. Куралай

    Балаларға ата заңның не екенін түсіндіру манызды. Олардың таппақ айтқаны ұнады.

  19. Гулмира

    Ата заң туралы балаларға түсінікті етіп жазыпты

  20. Нұржайна

    Бала ұлт болашағы, Сондықтан бала санасына қазірден заң туралы түсінік беру қажет! Осы тақырыпта көптеп мереке өткізу қажет деп санаймын.

  21. Жансия

    Оқушылардың бойында заң туралы түсінік қалыптастыру үшін жақсы мақала екен. Болашақта өз сабақтарымды қолдануға тырысамын

  22. Шынар

    Мен сіздерден жұмысыма қатысты мақалаларыңызды тауып, оқып шыққан соң өзіме қажет материалды тауып алдым.

  23. АРАЙЛЫМ

    Бала ұлт болашағы, Сондықтан бала санасына қазірден заң туралы түсінік беру қажет! Осы тақырыпта көптеп мереке өткізу қажет деп санаймын.

  24. Жанерке

    Сабақ жоспары өте жақсы. Оқушыларды өз құқығын қорғауға, Ата заңымызды терең түсінуге мүмкіндік береді. Тілі жеңіл

  25. Нұра

    Жас осип келе жаткан урпак санасына тауелсиз Казак елинин ата занын дариптеп корсетуде жаксы курал екен. Балаларга берилген олен жолдары тамаша жазылган. Улкен рахмет!

  26. Жанар

    Өскелең ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіре отырып, ата заңымызды ұғындыра білу ,тәрбие сағаты өте жақсы деңгейде,

  27. Фатима

    Еліміздің мемлекеттік рәміздерін білу, құрметтеу барлық Қазақстандықтардың басты міндеті. Нағыз патриоттық тәрбие беретін іс-шара екен.

  28. Айжан

    сабактын құрылымы жақсы құрылған екен

  29. Мустафина Шаттық Балтабайқызы

    берілген жоспар дұрыс құрылған. Балаларға өз Отаны туралы, туып өскен жері туралы білімдеріе қалыптасады. Егер біз балаларға Ата Заңымыз туралы көбірек, терең түсіндірсек балалардың бойында Отансүйгіштік пайда болады

  30. Айгерім

    Іс-шараның жоспары катты ұнады.өте жаксы деңгейде жазылган.тақпақтары да өте жеңіл.балаларымызға тәрбиелік мәні оте зор деп білемін

  31. Женис

    Өте тамаша жазылған екен

  32. Айнагуль

    Балаларға арналған керемет сабақ жоспары екен. Бұл сабақ жоспары арқылы оқушылар өздеріне көп жақсы жаңалық алады деген ниеттемін.

  33. Акерке

    Керемет мерекелік іс-шара

  34. Аяжан

    Балаларға осы мақала арқылы Ата заңның құндылығын түсіндіргендей. Мақала арқылы өте жақсы түсініктер берген.

  35. Асель

    Балаларға Ата заңымыз туралы түсінік беру өте жақсы жүзеге асырылған. Жалпы балаларға түсінікті әрі жеңіл жеткізуге болатындай екен.

  36. Омар Айзада Жолмұрзақызы

    Ен алдымен максаты оте жаксы курылган. Балаларга ата заңымыз туралы туралы көбірек айтып түсіндіруіміз керек өте жақсы жазылған.

  37. Асем

    Тақырып жақсы ашылған. Оқушыларға заң туралы жақсы түсінетіндей жазылған. Және де балалардың тақпақтары өте орынды алынған.

  38. Сания

    Балаларға заң туралы түсінік беру осындай жақсы мақалалардың арқасында жүзеге асуда. Құқықтық сана сезімін ояту,мәдениеттілікке тәрбиелеу керек. Жалпы мақала жақсы.

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ