Сиқыршыға саяхат ойыны

Каммуникативтік қабілеттерін дамытуда, жасөспірімдердің арассындағы кикілжің жағдайында, оны қалай азайту, болдырмау мақсатында өткізілетін ойын.
Міндеттері: топтың бірігуі; эмпатия және өзіндік сананың дамуына көмектесу; бірігіп әрекеттесу дағдыарын қалыптастыру; топ мүшелерін және «топты сезінуін» дамыту;
Қатысушылар саны:18
Керекті құралдар: кең бөлме, қатысушылар санына қарай орындықтар, жуан жіп, мәтін жазылған парақ қағаз, ватман қағазы, магнитафон т.б.
1-кезең Ұйымдастыру «Жүк сөрелері»

Жүргізуші: Көптен күткен жазғы каникул да келіп жетті. Сіздер қаланың қарбалас тіршілігінен, кеше шуынан шалғай жатқан орман ішіндегі ауылға демалысқа аттандыңыздар. Поезбен баруға тура келді. Міне, сіздер вагонға кірдіңіздер, купеңізді тауып алдыңыз, тек ең жоғарғы жүк сөресі бос екендігін байқадыңыздар. өзіңіздің үлкен және ауыр сөмкеңізді жоғары қоюыңыз керек. Сөмкеңіз алдыңызда тұр. Оның түсі қандай? Пішіні қандай? Салмағын сезініңіз: ол ауыр, бірақ тапсырманы орындау қолыңыздан келеді. әзірленіңіз. Аяғыңызды иық енімен бірге қойыңыз! «Жүкті» алдыңыз7 оны жоғары көтеріңіз. Қолыңыздың ширатылғанын сезіндіңіз бе? Арқаның бұлшық ет жұмысын? Сөре жоғарыда. Сөмкені жоғары итеру үшін аяғыңыздың ұшына тұруға тура келеді. Тағы бір талпыныс және …. сөмке сөреде! У-у-х! Енді толығымен босаңсып, орындыққа отыруға болады. саусақтарыңызды бірнеше рет ашып жұмып, қол буынын айналдырыңыз.
балабақша ойыны
2-кезең. Кедергелірден өту. Жаттығу «Сиқырланған орман»
Еденде бормен сызылып немесе жіппен маршрут жасалады. Осы маршрут бойынша бірінен соң бірі бірнеше орындық қойылады. Ұзындығы 3-5 метр бұралаң соқпақ жол шығады.
Сіздер орманға бет алдыңыздар. Неге ол сиқырланған деп саналады? Өйткені, онда кейбір жерлер бар, адам оны басқанда көзі көрмей қалады. Егерде ондай жерлерге соқтықпай өтсеңіздер, көру қабілеттеріңіз оралады. Бұндай жерлер сыртынан қарағанда көрінеді. Сондықтан сіздер бір біріңізге бұл тапсырмадан өтуге көмектесе аласыздар. Сиқырланға жерді жұптаса өте аласыздар. Жұптағы біреуіңіз жүргізуші балады, ал екіншіңіздің көзіңіз байланады. Оның міндеті маршрут бойынша өтіп, шатаспай соқпақ жолдан түспеу керек. Жүргізуші оған жол сілтеп тұрады: солға, оңға, екі қадам алға және т.б. Көзі байланған балаға жақындамайды, қол тигізбейді, жұбының әрекетін тек сөзбен басқарады.
Барлық жұп сиқырланған соқпақтан өтіп болған соң, жаттығуды талқылауға болады.
Сұрақтар
Соқпақ жолмен көзіңіз байлаулы өткенде не сезіндіңдер?
Сізге қайсысы қиындау болды- жолмен өткен немесе жұбыңыздың әрекетін басқару?
Көрермендер не көрді?
Қоршаған ортаны көру мүмкіндігінен айырылған адамның мінезі немен ажыратылады.

3 кезең. Бірлескен шығармашылық. Жаттығу «Кешкі отырыстар»
Сиқыршыға баратын жолдың жартысынан көбін өттіңіздер. Алайда саяхат әлі аяқталған жоқ. Алдаыңызда үлкен өзен бар, оның жағасында сиқыршының үйшігі орналасқан. Бірақ кеш мезгілі болғандықтан, өзеннен өтуді таңертеңге қалдырдыңыздар. Жүзіп өтуге құралдарыңыз жоқ болғандықтан , әлі сал құрастыруыңыз керек. Сіздер алау жағып, кешкі аспен тамақтанып алдыңыздар. Ұйқыңыз келмей, достарыңызбен әңгіме айтып, алау басында отырғыларыңыз келеді. Сондықтан да сіздерге аңыз-ертегі құрастыруды ұсынамын .Біреуіңіз бастайсыз, 1 әңгімеші бірнеше фраза айтады, сосын мен алақан соғамын, әрі қарай жалғасын келесі көршісі жалғастырады. Бірақ, 2-әңгімеші мәтінді ерекше тілмен жалғастырады. Осылай жалғаса береді.

сиқыршы ойыны
Жаттығу «Біздің топтың түсі»

Уақытта біразға таяп қалды. Ертең өзеннен өтудің алдында және Сиқыршымен кездесу алдында демалып алуыңыз керек. Шаршаған саяхатшылар тынығуға жайғасып, ұйықтайды және бәріңізде түс көретін боласыздар Көздеріңізді жұмып, не туралы көргілерің келетіні жайында елестетіңіздер… (мен реаксациялық жай әуен қосамын) өз қиялдарыңда сіз көретін түстің бейнесін ойлаңыздар… сіздерде таңқаларлықтай түстер! Сиқырлы өзеннің жағасында да керемет таңғажайыптар болып жатыр. Сіздің түстеріңіз жоғарыда қалықта жүр, бір-бірімен байланысқандай және жаңа бейне-біздің топтың ортақ түсі шығады.
(жүргізуші ортаға еденге ватман қағазын қояды, айналасына фламастерлер)
-Көзіңізді ашыңыз… Қазір бір осы түнде көрген ұжымдық түсімізді бейнелейміз. Тапсырма орындау барасында сөйлесуге болмайды. Сіздің міндетіңіз-ұжымдық түстің бейнесін салуларыңыз керек, яғни өз көрген бейнеңізді басқалардың бейне жүйесіне «кірістіруге» тырыстырыңыз

Саяхаттың аяқталуы
Міне, ақырында жағаға келіп те жеттік. Біздің саяхатымыз аяқталуға жақын. Сіздер Сиқыршы тұратын үйшікті де көріп тұрсыздар. Сіздерден мыстанның қарғысы алынып, енді ешқашанда ұрсысып, кикілжіңге түспейтіндеріңі үміттеніп келе жатырсыздар. Үйшікке жақындап келіп, сатымен жоғары көтеріліп, есікті қағасыз, есік өзі ашылады, сіз ішке кіресіз. Онда сиқыршы күтіп отыр екен. Сіз оған өз бастарыңызды өткен оқиғаны айтып бересіздер.

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ