Ашық сабақ «Аққала»

«Аққала»

Мақсаты: Балаларға қағазды умаждап, сурет салу техникасымен таныстыру. Қағазды жақсылап алақан арасына салып, умаждап, оны бояуға малып, қағаз бетіне бастырып, бейне салуға үйрету. Саусақ қимылдарын жетілдіру.

Керекті құралдар: көк түсті бояу, умаждалған қағаз, көк қағаз.

Тәрбиеші: Сәлеметсіздер ме, балалар! Балалар, қараңдаршы біздерге бүгін қонақтар келіпті.Қане, бәріміз шеңберге тұрып, қонақтармен амандасайық…

Шаттық шеңбері: Жарқын, жарқын үніміз,

Болашақтың күніміз

Балалық шақ үйінің

Жайнап тұрған гүліміз.

Сәлеметсіздер ме, қонақтар!

Хош келдіңіз бәріңіз!

Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар! Орындарыңа отыра қойыңдар.

Балалар, мен сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр, шешесіңдер ме?

Балалар: Иә, шешеміз!

Жұмбақ: Шелек қалпақ басында,

Сәбіз екен танауы

Қыста қардан туатын,

Тауып көрші сен оны                                     (Аққала)

Сабақ балабақшада, ашық сабақ жоспары, саусақ қимылдарыБалалар: Аққала!

Тәрбиеші: Дұрыс, жарайсыңдар, балалар! Балалар, мына суреттерге қараңдаршы, бұл суретте не бейнеленген?

Балалар: Аққала бейнеленген.

Тәрбиеші: Аққала қандай геометриялық пішіндерден құралған екен?

Балалар: Дөңгелектерден!

Тәрбиеші: Дұрыс! Аққаланың түсі қандай екен?

Балалар: Ақ!

Тәрбиеші: Дұрыс! Ал, аққаланы неден жасаймыз? Жылдың қай мезгілінде жасаймыз?

Балалар: Қыста қардан жасап ойнаймыз!

Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар! Сендер аққала туралы көп нәрсе біледі екенсіңдер. Бүгін біз сурет сабағында аққаланың суретін саламыз. Бірақ күндегідей қарындаштармен емес, жаңа тәсілмен саламыз. Ол үшін мен сендерге қағаз беремін, бәріміз бірге осы қағаздарды алақанымызға салып умаждайық. Мен сендерге аққала салынған беттерді таратып беремін, ал сендер осы умаждалған қағаздарды бояуға малып, аққаланы бояйсыңдар.

(Балалар тапсырманы орындауға кіріседі)

Тәрбиеші: Балалар, шаршадыңдар ма? Олай болса сергіту жаттығуын жасайық!

Сергіту сәті: Боран соғар оң жақтан,

Боран соғар сол жақтан.

Қар лақтырып ойнасақ,

Су болады қолғаптар.

(Балалар тәрбиешімен бірге сергіту жаттығуын орындайды)

Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар! Енді орындарыңа отырыңдар, бояған суреттеріңді көрейік. Кімнің суреті ең әдемі болды екен?

(Балалар суреттерін көрсетеді, тәрбиеші жұмыстарын бір – біне көрсетіп, балаларды мадақтайды)

Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар, суреттерің әдемі екен! Балалар, мен сендерге ойын ойнатқым келіп тұр. Ойынның аты «Орнын тап!» Мен сендерге аққаланың бейнесі салынған карточкалар таратып беремін, бұл карточкаларда аққаланың дене мүшелері алмасып кеткен. Сендер осы мүшелерді орындарына дұрыстап орналастырыңдар.

(Балалар ойынға қызығушылық танытып, ойнайды)

Тәрбиеші: Жаксы, балалар! Ойын сендерге ұнады ма?

Балалар: Иә, ұнады!

Қорытынды:

Тәрбиеші: Балалар, біз бүгін ненің суретін салдық?

Балалар: Аққаланың!

Тәрбиеші: Аққаланы біз жылдың қай мезгілінде жасаймыз? Аққаланың түсі қандай болады екен? Денесі қандай геометриялық пішіндерден құралған? Аққаланы біз неден жасаймыз? Біз бүгін аққаланы қалай боядық? Сендерге ұнады ма?

(Балалар тәрбиешінің қойған сұрақтарына толық жауап береді)

Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар! Осымен біздің бүгінгі сабағымыз аяқталды. Келген қонақтармен қоштасайық. Сау болыңыздар!

 

Сабақ балабақшада, ашық сабақ жоспары, саусақ қимылдары

Қағазды жақсылап алақан арасына салып, умаждап, оны бояуға малып, қағаз бетіне бастырып, бейне салуға үйрету.

«Бөбекжай» балабақшасы

Әдіскер: Нарикова Д.

Дайындаған: Алдиярова А.А.

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Пікірлер3
  1. Гулнара

    Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті ұнады. Слайдты қалай көруге болады ?

  2. Райхан

    Оқу қызметін балаларға қызықты етіп құраған екен,жақсы

  3. слайдын қалай алуыма болады????

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ