Тарих.Таным. Тәуелсіздік. Тұлға

Қызылорда қалалық білім бөлімінің жоспарына сәйкес, 2015 жылдың 12 желтоқсан күні №176 орта мектебінде «Тарих.Таным. Тәуелсіздік. Тұлға» атты ашық есік күні өткізілді. Аталған шара бәсекеге қабілетті, білімді, дені сау, өз Отанына адал, ержүрек, шыншыл, ел жанды нағыз патриоттарды тәрбиелеу, оқушылардың саяси мәдениетін қалыптастыру мақсатында өткізілді.

Бұл іс-шараға қалалық білім бөлімінің мамандары, қала мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, БАҚ өкілдері, мектеп оқушылары мен ата-аналары қатысты.

Ашық есік күні «Қазақ хандығына 550 жыл» атты қолөнер көрмесін таныстыруымен басталды. Ол көрмеде ең алғаш қазақ хандығының негізін қалаған Керей мен Жәнібек мүсіндері, «32 ханның шежіресі» , «Қазақ әдебиетінің ұлы зиялылары» атты буклеттер, «Қазақ елі», «Астана-Бәйтерек», «Мәңгілік ел» монументтерінің макеттері қойылды.

Ашық есік күні барысында «Қазақ хандығы және жыраулар поэзиясы» тақырыбында
8 «А» сынып жетекшісі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Доскеева Өміргүл танымдық сабақ өткізді. Орыс бөлімінің оқушыларының қатысуыменен Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына орай орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі 6 «В» сынып жетекшісі Сулейменова Майраның ұйымдастыруымен «Под единым шаныраком» атты фестиваль өтті.

is-shara

Физика пәнінің мұғалімі Үрістемова Ұлбике 9 сынып оқушыларының қатысуымен «Мемлекет құрушы ұлт көбеймейінше, Тәуелсіздікті нығайта алмаймыз дегенге келісесіз бе?» атты дебат ұйымдастырды.

2-ші сынып оқушылар арасында Отанға, туған жерге сүйіспеншілігін арттыру мақсатында 2 «Ә» сынып жетекшісі Қабулова Оразкүлдің ұйымдастыруымен «Отаншылдық – тәрбие ошағы» атты ертеңгілік өткізілді.

Тарих, дінтану пәнінің мұғалімі Әбиева Қатира «Қазақ хандығы-қазақ мемлекетінің бесігі» баспасөз конференциясын өткізді. Баспасөз конференциясына Қорқыт Ата атындағы Мемлекеттік Университетінің « Қорқыттану және өлке тарихы» ғылыми – зерттеу институтының ғылыми қызметкері Бақытжан Мухарамұлы Ахметбек, Қорқыт Ата атындағы Мемлекеттік Университеті «Құқықтану» кафедрасының аға оқытушысы Жарекеев

Қуаныш Жақсыбайұлы, «Ақмешіт апталығы» газетінің елшісі Рамберді Сандуғаш Сағынышқызы қатысты.
Қазіргі таңда Тәуелсіз Қазақстанның өсіп-өркендеуіне спорт, әдебиет, телеарна саласында өз үлестерін аянбай қосып жүрген өзге ұлтты спортшылар, журналисттер, жазушылар өмірімен етене оқушыларды таныстыру мақсатында 10 «А» сынып жетекшісі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Таңсықбаева Жайдаркүлдің ұйымдастыруымен «Жүрегі қазақ деп соққан» тәрбие сағатын өтті.

11 «Ә» сынып жетекшісі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Әбдіқадырова Гаухардың ұйымдастыруымен «Бүгінгі күннің батыры» атты сенбілік кездесу өтті. Сенбілік кездесу Мәншүк Мәмбетова атындағы дене шынықтыру факультетінің 4 курс студенті , өрттен 1,5 жасар сәбиді аман алып шыққан Қауышқан Данияр қатысты.

Ашық есік күні Еңбек Ері, облыстық маслихаттың депутаты, облыстық «Нұр Отан» партиясының мүшесі, «Абзал и К» толық серіктестігінің президенті Ералиев Абзал Жұмашұлымен кездесу өткізіліп қорытындыланды.
Шақырылған қонақтар бағдарламаға сәйкес іс-шараның барлық түріне, ашық сабақтарға, тәрбие сағаттарына қатысты.

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Добавить комментарий


ErKeTai.KZ