Тік төртбұрыштың көлемі

Мұғалімдердің тізбектелген сабақтар топтамасын оқытуын қадағалауы жөнінде есеп

Шығармашылық топпен бірлесе отырып, «Бағдарламаның жеті модулі енгізілген тізбектелген сабақтар топтамасының » жоспарын құрдық.Тізбектелген сабақтар топтамасынан алынған бір сабақ бойынша математика пәнінің мұғалімі С.Д. Жалел «Тік төртбұрыштың көлемі» тақырыбында 8 сынып оқушыларымен сабақ өтті. Сабақтың жоспарын құру барысында төмендегідей сұрақтарға жауап іздеп, одан сабақ мақсатын шығарып алдық.

1. Өзіңіз оқытатын сабаққа көзқарасыңыз қандай?Сіздің пәніңізді меңгеруге оқушылар қаншалықты ынталандырылған?
2. Сіздің пәніңіз бойынша оқушылардың үлгерімі қандай?Оқушылар үлгерімінің арасында қаншалықты айырмашылық бар?
3. Осы тақырып бойынша оқушылардың тәжірибесі мол ма?
4. Сіздің оқушыларыңыз оқыту мен оқудағы қандай әдіс-тәсілдермен таныс?
5. Оқушыларыңыз оқытудың қандай стилін ұнатады?
6. Оқытуда қандай кедергілер бар және оларды қалай жеңесіз?

тізбектелген сабақтар топтамасы.Сабақ мақсаты: Тіктөртбұрыштың көлемін табу бөлімін пысықтау.Күтілетін нәтижелері:
А деңгейлі оқушылар- тіктөртбұрыштың көлемін табудың формуласын біледі.
В деңгейлі оқушылар – талқылауды үйренеді, өздерінің жұмыстарын бағалай біледі.
С деңгейлі оқушылар – логикалық тапсырмалар арқылы өздерінің қабілеттерін көрсете алады.
Сабақ барысында «Қуаныш алаңы» тренингі арқылы оқушылардың көңіл- күйлерін көтеріп, ынтымақтастық атмосферасын құрып алды. Содан соң оқушыларға сабақ мақсаты мен міндеттері хабарланды.Сабақ барысында мұғалімнің түсіндіруі мен оқушылардың жеке жұмыстарының ара –қатынасы тең түсті деп ойлаймын. Сабақта мұғалім оқушылардың ойлануына мүмкіндік беріп отырды. Сонымен қатар сабақта қалыптастырушы бағалау қолданылды.

Мектептің талантты мұғалімінің бірі Г.А.Айтқожинаның өткізілген тізбектелген сабақтың оқытылуын қадағалау жазбасы:
Тізбектелген сабақтар топтамасынан алынған математика пәні бойынша «Тік төртбұрыштың көлемі» тақырыбындағы сабақ жоспары:

Сабақтар соңында оқушылардың сабақтағы іс-әрекеттерін бақылай отырып, келесі сабақтарға мынадай ұсыныстар айтылды:

Критерийлерді дұрыс қолдану
Өзара бағалау бойынша тапсырмалар орындату
Оқытуға қажетті өзгерістерді енгізу мақсатындағы диагностика құру.

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Пікірлер17
  1. Аяжан

    өте жақсы түсіндірілген рахмет

  2. Бибинур

    Жақсы дүние екен сәттілік болсын өмірде

  3. Бибинур

    Жақсы дүние екен

  4. Бибинур

    Сабақтың мақсаты жақсы алынған балаларға а,в,с деңгейіндегігі дайындалған тапсырмалар өте жақсы таңдалған

  5. Зине

    математика сабағында пайдалануға болады

  6. Shahoni

    Жақсы ұнады жас мамандарға керек дүние

  7. Индира

    Сәлеметсіздерме құрметті әріптестер! «Тік төртбұрыштың көлемі» тақырыбында өткен сабақ жақсы жоспарланған, мақсатына жеткен.
    Қолданған әдіс тәсілдері ұнады. Ия мен мына пікірмен келісемін.Критерийлерді дұрыс қолдану Өзара бағалау бойынша тапсырмалар орындату Оқытуға қажетті өзгерістерді енгізу мақсатындағы диагностика құру.

  8. Жансулу

    Сабақ процесінде балалар зерікпей отыратын болды өте жақсы дайындалған

  9. Меруерт

    Түсінікті өте жақсы

  10. Айдын Қанатқызы

    Өте жаксы екен. Маған катты ұнады. Сәттілік тілеймін

  11. Бекзат

    Маған бұл сабақ ұнады. Себебі тақырып ауқымды және тапсырмалары жақсы түсінікті. Оқушыларға беретін пайдасы көп.

  12. Бисенбаева Мирамкүл

    саламатсыздар ма? сабақтарыңыз үшін рахметімді айтамын. сабақ жоспарларыңыз жақсы құрылған
    «Қуаныш алаңы» тренингі арқылы оқушылардың көңіл- күйлері керемет көтерілді. сабақ ерекше өтті. сіздерге ,еркетай сайтын мың алығс білдіргім келеді

  13. Санбаева Нурзия Жалғасқызы

    Жақсы керемет дүние

  14. Санбаева Нурзия Жалғасқызы

    Жақсы ұнады жас мамандарға керек дүние

  15. Асемгул

    Деңгейлік тапсырмалары жақсы.Қуаныш алаңы тренингі тамаша

  16. Жарекешов Бисенбай

    «Тік төртбұрыштың көлемі» емес «Тік төртбұрыштың ауданы» деп жазу керек

  17. Гүлнұр

    Сабаққа қажетті жақсы жоспар.Балаларды қызықтырады əрі сабақ процесін көңілді өткізуіне мүмкіндік береді.

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ