«Ақтау – Астана – Мектеп — білім» математикалық ойыны

Мақсаты: оқушылардың математика пәніне деген қызығушылығын арттыру, ынталандыру, математика пәнін өмірмен байланыстыру.
Әдісі: Ойын жүргізу, өзара жарыс.
Көрнекілігі: 1. Поезд – үш вагоннан тұрады.
2. Анықтама бөлімі.
3. Касса.
4. «Космосқа ұшу» ойыны.
5. Бетшелердегі есептер.
6. Аквариумдегі балықтар.
7. Есептер, ребус, жұмбақ.
Жоспары: 1. Ұйымдастыру.
2. Поезға билет алу.
3. Жолаушылар арасындағы сайыс.
4. Қорыту.

Жүрісі: Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгін 7- сыныптар арасында өтетін «Ақтау — Астана» бағыты бойынша «Мектеп — білім» математикалық ойынын бастаймыз.

Жүргізуші – 1: Уа, жарандар, жарандар,
Мына бізге қараңдар.
Бөлмеде біздің тыныштық,
Естілмейді дыбыс түк.
Мұны біз де қоштаймыз.
Кешіккенді тоспаймыз.
Ғылымдардың ғылымы,
Математика жайында,
Ойынымызды бастаймыз.
Жүргізуші – 2:Ойынға қатысушы оқушылар келіп, тапсырмаларын алуға болады. Тапсырманы алып, орындарынан шығарып, анықтама бөліміне тапсырады. (15 ұпай жинағандар купеге, 12 ұпай плацкартқа, 8 ұпай жинағандар жалпы вагонға билет алады). Осы ұпай саны бойынша кассадан билет алады.
Жүргізуші: (3-рет қоңырау соғады). Ойыншылар жолсерікке билеттерін көрсетеді де вагонға отырады.
Жүргізуші – 1: Өмір деген көк мұхиттың толқыны,
Бір-бірімен жатқан шулар, жалғасып,
Бір-бірімен жатқан шулап, арбасып,
О, толқындар арпалысып алға шық –
деп ақын жырлағандай, ендеше қай топ алға шығар екен. Купедегілер – «Алғырлар», плацкарттағылар – «Тапқырлар», жалпы вагондағылар – «Ойшылдар» тобы.
Жүргізуші – 2: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар «Ақтау — Астана» бағыты бойынша
«Мектеп – білім» поезы жолға шықты.
Ойыншылар (әндетіп).
Өнер қуған математик жастармыз,
Есептерді лезде шешіп тастаймыз.
Командалық ылғи тапқыр, қырандар,
Жарысуға келіп тұрған ұландар.Жүргізуші – 1: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! «Мектеп – білім» поезы «Балықшылар станциясына» келіп тоқтады. Бұл станцияда «Балық аулау» ойыны ойналады. Әр топтан бір оқушы келіп балық аулайды, яғни балықтағы есепті шығарады. (Балық аулау ойыны).

akvarium

Жүргізуші – 2: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! «Мектеп – білім» поезы жолға шықты.
Ойыншылар: Білім қуған біз оқушы ұландар,
Келіп тұрған жарысуға қырандар.
Есеп десе ішкен асын қоятын,
Біз боламыз математик ұландар.
Жүргізуші – 1: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! «Мектеп – білім» поезы «Жұмбақ» станциясына келіп тоқтады. Бұл станцияда жұмбақ шешеміз. (Үш топқа үш түрлі жұмбақ беріледі).

Жүргізуші – 2: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! «Мектеп – білім» поезы жолға шықты.

Ойыншылар: Шақырып жарыстарға сан салалы,
Ұландар топ жарғалы жар салады.
Ту етіп достық пенен татулықты,
Қарсылас командасын қарсы алады.

Жүргізуші – 1: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! «Мектеп – білім» поезы «Ойын» станциясына келіп тоқтады. Бұл станцияда «Космосқа кім ұшады?» ойыны ойналады, есепті қай топ дұрыс шығарса, сол ұшу керек. («Космосқа кім ұшады?» ойынында дөңгелекшелерге есептің шарты жызылып, №3 есепке жетіп шығарған топ космосқа ұшады).

raketa

Жүргізуші – 2: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! «Мектеп – білім» поезы өз сапарын жалғастырады.

Ойыншылар: Ұландар биіктерде қалықтасын,
Жеңіспен көк жүзінде шарықтасын.
Жеңіс туы алауласын,
Бәйгені бізден ешкім ала алмасын.

Жүргізуші – 1: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! «Мектеп – білім» поезы «Ребустар» станциясына келіп тоқтады. Мұнда үш топ ребус шешеді.

3suret

Жүргізуші – 2: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! «Мектеп – білім» поезы жолға шықты.
Ойыншылар: Достықпен бірлікті біз етіп тұлға,
Жеңіспен жеткен едік талай сында.
Қара қылды қақ жарып әділқазым,
Еңбегін ұланыңның әділ сына.

Жүргізуші – 1: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! «Мектеп – білім» поезы Астана қаласына келіп тоқтады.

Жүргізуші – 2: Сөз әділ – қазылар алқасына беріледі.
Жүргізуші – 1: Құрметті ұстаздар, оқушылар! «Мектеп – білім» поезы өз сапарын аяқтады. Келіп тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет, хош сау болыңыздар.

 

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Пікірлер2
  1. Камшат

    Сабақтан тыс уақытта қолдануға керемет ойын екен!

  2. мадина

    Актау -Астана атты ойын сабагыныз тамаша екен

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ