Фишбон әдісі (Балық сүйектері немесе қаңқасы)

«Фишбон» әдісі

Бұл стратегия – проблемаларды анықтау және одан шығу жолдарын қарастыру моделі болып табылады.Бұл сызбаны алғаш болып Каора Исикава ұсынған. Оқыту процесінде бұл әдіс оқушылардың ортақ тақырыпты талқылауына септігін тигізеді.Бұл балық сүйектерін тігінен және көлденең орналастыруға болады.Жазылым қысқаша жазылуы тиіс.

Балықтың басына: зерттелетін , қаралатын, талқыланатын тақырып жазылады.
Оң жақ қабырға сүйектеріне: анықтаған проблема себептері, тақырыптың негізгі мазмұндары мен түсініктері жазылады.
Сол жақ қабырға сүйектеріне: проблемаларды шешу жолдары, қарама-қайшылық тудырушы кедергілер жазылады.
Балықтың құйрығына: анықталған жұмыстың нәтижесі мен талданған тақырыптың қорытындылау сұрағына жауап жазылады.

Фишбон.Кластер құру әдісі

«Кластер құру» әдісі — 1941 жылы А.Ф.Осборн ұсынған. Оқытудың бұл әдісі «Миға шабуыл» әдісі деп те айтылады.Тақырыпқа негіз болатын сөзді немесе тақырыпты ортасына жаза отырып, содан таралатын ұғымдарды бөліп , жіктеп, ой түйіндеу және ойларын топтастыру әдісі. Кластер құру арқылы оқушылардың не білетіндерін және жаңа идеяларын білуге болады

Кластер құру ережесі:
1. Ойына келген пікірді жазуға тартынбау
2. Берілген уақыт аяқталғанша жұмысты жалғастыру, жазу.
3. Тақырыптың басқа қырларын ашуға ұмтылу
4. Мүмкіндігінше көп идеяларды жинақтау

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Пікірлер9
  1. Бибинур

    Кластер қүру әдісін енді нақты түсіндім Фишбон әдісі балаға сабақты тианақты етіп түсіндіріп талқылап беруге өте ұтымды әдіс екен

  2. Жанар

    Фишбон тәсілі де, кластер құру да баланы оқыту үшін өте тиімді, тек мұғалім өз жақсылап меігеріп алу керек ол үшін деп ойлаймын.

  3. Айдын Қанатқызы

    Сайт оте пайдалы. Барлық нәрселер туралы малимет бар. Іздесең бәрі бар сайт екен. Рахмет.
    Мен сабак барысында фишбон әдісін оте көп пайдаланамын

    1. charming110807@gmail.com

      Менде

  4. Санбаева Нурзия Жалғасқызы

    Ұнады сабақ тиімді сабақ деп ойлайм

  5. Асемгул

    «Фишбон» әдісі қорытындылау кезінде өте тиімді

  6. гаухар

    Бұл әдіс- тәсілдерді өз сабақтарымда қолданамын. Өте тиімді. «Фишбон» әдісін сабақ барысында қолдануға өте тиімді, тақырыпты кеңінен талқылауға септігі мол. Ал класстер әдісін жаңа тақырыпты ашқанда немесе қорытындылауда пайдалы.

  7. Гүлнұр

    Сабақтың қызықты əрі маңызды өтуі осы ой қорытатын кестелер сұрақтар мен осындай əдістерге байланысты болып келеді.Сабақта өте қолайлы əрі көп нəрсені талқылауға болады

  8. Галия

    Әдістің сабаққа тартымды әрі қолайлы өтуіне жағдай жасайды.

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ