Бастауыш пен балабақша және ата-аналар сайты.
  • Ұстаздарға
    • Ұстаздар еңбегі
    • Көрнекіліктер
    • Түйіндеме жасау
    • Сертификат
    • Слайд презентация
    • Балалар ойындары
    • Бастауыш сыныпқа
    • Тәрбиешілерге
    • Мақала жариялау
    • Минусовка
    • Мерекелер
    • Конкурстар
  • Жоспарлар
    • Ағылшын тілі
    • Әр түрлі
    • Бастауыш сынып
    • Балабақша
    • Биология
    • География
    • Информатика
    • Қазақ тілі
    • Логопед дефектолог
    • Математика
    • Өзін-өзі тану
    • Тарих
    • Технология
    • Физика
    • Химия
  • Балаларға
    • Мақал мәтелдер
    • Жұмбақтар жауабымен
    • Ертегілер
    • Мультфильмдер
    • Тақпақтар
    • Шығармашылық
    • Сіз білесіз бе?
  • Аналарға
    • Ана және бала
    • Бала денсаулығы
    • Сұлулық
    • Жүктілік күнтізбесі
    • Баланың жынысын анықтау
    • Сәби жынысын жоспарлау
    • Овуляция күнтізбесі
    • Қалай жүкті болуға болады

Негізгі бет > Математика

 

Математика – кең өрісті ғылым


І жүргізуші:  Қайырлы күн, қымбатты достар.

 

ІІ жүргізуші: Қымбатты ұстаздар мен математика жанкүйерлері және де осы залға жиналғандар. Сіздерге кешті даярлаушылар атынан жалынды сәлем.

 

І жүргізуші: Бүгін біз мұнда көңілді демалу үшін

 

ІІ жүргізуші:  Күліп ойнау үшін

 

І жүргізуші:Викториналар шешіп, би билеу үшін

 

ІІ жүргізуші:  Математика ғылымының тапқырлықты талап ететінін әңгімелеу үшін

жиналдық.

 

І жүргізуші:  Мінеки залда тыныштық

Естілмейді дыбыс түк

Мұны біз де қоштаймыз

Кешіккендерді тоспаймыз

Ғылымдардың ғылымы

Математика жайында

«Математика-кең өрісті ғылым» атты кешімізді бастаймыз.

 

ІІ жүргізуші: Жас достарым

Мұны жақсы ұғайық

Математика

Құрметтеуге лайық

Дүниедегі құбылыстың мәніне

Табиғаттың, қозғалыстың мәнінде

Мүмкін емес есептерсіз түсіну

Есебіңіз дүние күлкі әліде

 

І жүргізуші:Математика ермек емес балалық

Математика керегендік, даналық

Космос кезген ракеталар дәл бүгін

Ешкімге де емес таңсық жаңалық

«Математика-кең өрісті ғылым» баяндамашы Төлесинова Ардақ баяндама оқиды.

 

І жүргізуші: Келесі баяндама «аспан ғылымы жерде ашылған» баяндамашы: Хаиров Серік

Жолдастар, бұл баяндамаларды тыңдағаннан кейін математика туралы азды-көпті мәлімет алған болғансыздар, ендеше мен сіздерге Михаил Иванович Калининнің жастарға өсиет еткен математика туралы бір сөзін естеріңізге салуды жөн көрдім, «сіздер қандай ғылымды үйренсеңіздер де егер онда қандай да болсын бір із қалдырғаныңыз келсе, бұл үшін барлық жерде де математиканы білуіңіз керек».

І жүргізуші: Олай болса сөз кезегін математикалық монтажға берейік.

 

1-оқушы: Айдана    Жер бетінде танымалы ғылым бар

Жаңалық пен жетістігі қаншама

Қандай ғылым деп сұрауға болмайды

Барлық ғылым оны бірдей қолдайды

2-оқушы: Әйгерім   Анықтама, теорема, салдары

Адамдарды тәрбиелеу арманы

Математика деген ұлы аты бар

Өздеріңе түсінікті қылғаны

3-оқушы: Серік       Бірі өшіп кітаптардың бірі тозыған

Қай жүйрік Архимедті басып озған

Жалынды патриот, батыр ғалым

Ғасырлар түкпірінен қолын созған

4-оқушы: Берік      Күндер зулап алмасады

Адам ойы алға асады

Пифагордың теоремасы

Ғасырларға жалғасады

5-оқушы: Марал    Бұл бір аңыз қалсын жұртқа

Қуанышқа болған тұтқа

Деп Пифагор шалдырыпты

Жүз өгізді құрбандыққа

6-оқушы: Ыбырай   Кім білмес Сиркаузы ақсақалын

Күн сүйіп, жел желпіген ақсақал

Ол ортақ адамзатқа жаттыға жоқ

Белгісі адамшылық жақсы атаның

7-оқушы: Іңкәр       Математика дем бересің

Қиын сәтте жеңіс үшін

Көмек алып сен келесің

Толқын атқан теңіз күшін

Ой жүйеңді көсем еткен

Берем саған сонша маңыз

Құрет қылып қошеметпен

Жақсылап бір қол соғамыз

 

ІІ жүргізуші:  Көрермен жиналған бұл тамашаға

Құр қарап бос отыру жараса ма,

Туыс, досқа, сыныптас, танысқа емес

Соқ қолыңды білімді жас талапқа

 

І жүргізуші: Қолыңды бекерге бос соға берме

Ойсыз, соқыр сезімнің соңына ерме

Зерделеп, сұрақ-жауап санаңа түй

Сонда ортақ боласың бар жеңіске

 

ІІ жүргізуші:  Ендеше жарысқа қатысушыларды шақырамыз.

9 «Б» сыныбы, 9 «Д» сыныбы, 9 «З» сыныбы.

 

 

І жүргізуші:  Әкесі де ұлдарының білімдісін қорғайды

Жо- жоқ оның бөлгені емес

Бар болғаны білім қусаң қуанады, қолдайды.

Сайысымыздың І кезеңі «оюды кім жақсы ояды?» деп аталады.

 

ІІ жүргізуші:  Архимедтей жаңалық ашар

Болса үміткер сайыста

Ұлы математик ізін басар

Бізде жоқпа талапкер, деп келесі сайыс «соқыр теке» ойынына беріледі. Оқушының көзін байлап, фигураларды қиып алып, сондағы есепті шығарады.

 

І жүргізуші:  «Ақыл қайда болса, ұлылық туады, білім қайда болса, сол білікті болады» деген ендігі сайысымыз жұмбақ сайысы. Әр сыныпқа арнап жұмбақ оқимын, соның жауабын айтасыз.

9 «Б» сыныбына

9 «Д» сыныбына

9 «З» сыныбына

Келесі жұмбақ жанкүйерлерге арналады, дұрыс жауап сыныбына қосылады.

 

ІІ жүргізуші:  Ежелден асқан серіміз

Өнердің сырын теріңіз

Білгіңіз келсе біздерді

Кәнекей таңдап көріңіз- деп өнер сайысына кезек береміз.

Ортаға 9 «Б» сыныбынан шақырамыз

Ортаға 9 «Д» сыныбынан шақырамыз

Ортаға 9 «З» сыныбынан шақырамыз

 

І жүргізуші: Математика адамзат көңілінде

Математика еңбеккер өмірінде

Бағасы еңбекпенен төккен тердің

Жарқырайды Алтын жұлдыз өңірінде- деп келесі кезек «Ағаш үй тігу» деп аталады.

 

 

ІІ жүргізуші: Аққулар қалар көліміз

Аспанға ұшқан еріміз

Білгіңіз келсе біздерді

Сайысқа келіп көріңіз- деп келесі сайыс биге беріледі ( сіздерге карточкалар үлестіріліп беріледі, сіздер оның шешімін табасыз да, би билейсіз)

 

І жүргізуші: Біздің кешіміз «Математика – кең өрісті ғылым» деп аталғандықтан сіздерді мына суреттермен таныстырып өтейін.

Жер бетінде танымалы ғылым бар

Жаңалығы, жетістігі қаншама,

Қандай ғылым деп сұрауға болмайды

Барлық ғылым оны бірдей қолдайды,

Ендеше математика өндірісі

Техникада, медицинада, құрылыста, шаруашылықта- барлық ғылым саласында қолданылады.

ІІ жүргізуші:  Сөз кезегін метебіміздің математика пәнінің мұғалімі Қаракүшікова Райхан апайға береміз.

І жүргізуші: Қымбатты ұстаздар, оқушылар біз бүгін «Математика – кең өрісті ғылым» атты кешімізді аяқтаймыз.

Қош бол, сау болыңыз!

 

 

І жүргізуші:

Математика әрбір үйдің төрінде

Байқоңырдың жерінде

Ақындардың жырында

Жастық шақтың сырында

Көңілдің күйінде

Жас дарын күйінде

Дархан кең далада

Өндірісте, қалада

Туған жер шетінде

Әдебиет бетінде

ІІ жүргізуші:

Айналамыз қандай әсем

Өз ойыңмен жылынарсың

Асқан ғылым барма десең

Осы кеште ұғанарсың құрметін күйге балап

Көңіл күйін ұсынамыз

Есеппенен үйлер қалап

Ракета да ұшырамыз

Математика дейді халық адам ойын реттейді

Туған соң сенің барлық өміріңе тірек дейді.

Мына ұқсас жазбалар топтамасын ұсынамыз:

  • Тапқыр математик» математикалық сайыс
  • Математика пәнінен ҰБТ-ға дайындық сабақтарының жоспары
  • Ұлттық өнердегі математика(слайд)
  • Тік төртбұрыштың көлемі
  • Математикадан сыныптан тыс сабақ

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!
Жауапты кері қайтару

  • Күнделікті жұмыстар баланың дамуына қалай көмектеседі?

    25 Нау 2025 / Толық оқу

  • Оқуды бала үшін қызықты саяхатқа айналдыру

    19 Нау 2025 / Толық оқу

  • Как помочь ребенку понять Present Simple и Present Continuous: Практические примеры

    27 Қар 2024 / Толық оқу

  • қазақша жұмбақтар Жұмбақтар жауабымен

    1 Қыр 2019 / Толық оқу

  • тегін сертификат Тегін немесе Ақылы Сертификат Алу

    16 Ақп 2014 / Толық оқу

  • Оқушы портфолиосының үлгісі

    30 Там 2013 / Толық оқу

Жаңа жазбалар

  • Күнделікті жұмыстар баланың дамуына қалай көмектеседі?
  • Оқуды бала үшін қызықты саяхатқа айналдыру
  • Как помочь ребенку понять Present Simple и Present Continuous: Практические примеры
  • Бастауыш сынып тәрбиешісінің рөлі мен міндеттері
  • Ұстаздар күніне құтты болсын!

Сайтта жарияланған мақалаларды сайт әкімшілігінің рұқсатынсыз басқа сайттарға жариялауға тиым салынады.Мақаланы басқа сайтқа жариялауға байланысты сұрақтарыңызды hat@erketai.kz электронды почтасына жазыңыздар.Сайттың барлық құқықтары қорғалған © ERKETAI.KZ 2012 жылдан бастап жұмыс жасайды.