Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін қосу тәсілімен шешу

Тақырыбы: Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін қосу тәсілімен шешу.
Мақсаты: Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін қосу тәсілімен шешуді үйрету.
Дамытушылығы: Ойын элементтері арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру, ойлау қабілетін дамыту, өз беттерімен жұмыс жасауға дағдыландыру.
Тәрбиелігі: Оқушыларды сауаттылыққа,ұқыптылыққа,ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Ойынға қатысты суреттер.
Әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап,топтық, жеке дара жұмыс.
Барысы:
1. Ұйымдастыру.
Сабаққа дайындық
Сабақ мақсатымен таныстыру.
2.Жаңа сабақ түсіндіру
Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеуді қосу тәсілімен шешуде айнымалының коэффициенттеріне байланысты мынадай жағдайлар кездеседі.
1.Теңдеулер жүйесіндегі айнымалылардың біреуінің коэффициенттері қарама-қарсы
Мысалы:
{+█(3х-2y=6@6x+2y=30)┤
9x=36 x=4

3 • 4-2y=6
2y=12-6
2y=6
y=3 Жауабы: (4;3)

2. Айнымалылардың біреуінің коэффициенттері өзара тең.
{-█(2x+5y=16@2x+7y=20)┤
-2y=-4
y=2
2x+5•2=16
2x=6
x=3
Жауабы: (3;2)
Немесе
{█( 2x+5y=16 -1 @2x+7y=20 1)┤ {+█(-2x-5y=-16@2x+7y=20)┤
2y=4
y=2
2x+7•2=20
2x+14=20
2x=6
x=3
Жауабы: (3; 2)
3) Теңдеулер жүйесіндегі айнымалылардың ешқайсысының коэффициенттері өзара тең де емес және қарама-қарсы сандар да емес.
{█(2x-3y=4 7@7x-5y=25 -2)┤ {█(14x-21y=28 @-14x+10y=-50 )┤
-11y = -22
y = 2
14x-21•2=28
14x=28+42
14x=70
x=5
Жауабы: (5; 2)

Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін қосу тәсілімен шешу үшін:
Айнымалылардың біреуінің коэффициенттері қарама-қарсы болатындай көбейткіштерге жүйенің теңдеулерінің екі жағында көбейту керек.
Жүйе теңдеулерінің оң жақтарын және сол жақтарын мүшелеп қосып немесе азайтып, оны бір айнымалысы бар теңдеуге айналдыру керек.
Шыққан бір айнымалысы бар теңдеуді шешіп, айнымалының мәнін табу керек.
Табылған мәнді орнына қою арқылы 2—ші мәнді табу керек.

Бекіту: ауызша жаттығу «Алма жинау»

Мысалдар:

{█(x+y=3@x-y=1)┤

{█(–x+y=2@x+y=10)┤

{█(x-y=5@x+y=11)┤

Оқулықпен жұмыс
№ 1535 (1) № 1547 (2)
Ойын «Балық аулау»
Үйге тапсырма № 1538, 1539,1540
Қорыту.

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Пікірлер4
  1. Асемгул

    Оқушыларды математикалық сауаттылыққа дайындау үшін қажет!

  2. Gulshara Bakytzhanova

    Сандеш! сені сайттан көріп қуанып кеттім.Атың көзіме оттай басылды.Бәрі ұнады.Шығармашылық табыс тілеймін! Менімен хабарлас, жауап күтем» ГҮЛШАРА

    1. Gulshara Bakytzhanova

      Cандеш!Бәрі тамашаІ Менімен хабарласшы.

      1. Айболат Базаржан

        Хабарласыңыз Сандеш апайдын телефоны

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ