Бөлшектерді салыстыру
Сабақтың тақырыбы: Бөлшектерді салыстыру.
Сабақтың мақсаты: Бөлімдері бірдей және бөлімдері әр түрлі бөлшектерді салыстыра білуге және оны жаза білуге үйрету.
Міндеттері:
- Тапсырмаларды орындау барысында оқушыға танымдық – тағылымдық ой – пікір туындату;
- Тапқырлығы мен ой ұшқырлығын ұштауға жағдай жасау;
- Математиканың адам өміріндегі алатын орнын, қажеттігін білу.
Күтілетін нәтиже:
- Логикалық ойлау қабілетінің дамуы;
- Оқушылардың материалдық білімінің артуы;
- Тақырыптар бойынша есептерді шығару арқылы өздігінен нәтижелі білім алуы.
Табыс критерийлері:
Ауызша есептеу, жалпылау дағдыларын, логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіру, ойын жеткізе білуін және ой – өрісін дамыту.
Ресурстар: Стикер, бағалау парағы, тақта, бор, интербелсенді тақта.
Сабақтың жүрісі:
- Ұйымдастыру кезеңі-5 мин.
Мұғалімнің іс – әрекеті: Балалардың сабаққа қатысуы, дайындығын тексеру, зейінін шоғырландыра отырып мақсатқа бағыттау.
- Оқушыларды түрлі – түсті стикер тарату арқылы топқа бөлу.
- Бағалау парағымен таныстырады.
- Топ ережесін естеріне салады.
- Сыныпта жылы қарым – қатынас орнатады.
Оқушының іс – әрекеті:
- Оқушылар ұнаған түсті стикер алу арқылы топқа бөлінеді.
- Топ ережесін жасайды.
- Топ басшыларын сайлайды.
- Үй тапсырмасын сұрау— 5 мин
Мұғалімнің іс – әрекеті:
Оқушыларға слайд арқылы есептің дұрыс жауаптары көрсетіледі.
№ 545(1,2,3,4)
№546 (2,4)
№547(1,3,5)
Оқушының іс – әрекеті:
Оқушылар көрсетілген дұрыс жауаптар арқылы өздерін тексереді.
Сабақтың барысы:
- Білу-8 мин
Мұғалімнің іс – әрекеті: Оқушы қызығушылығын тудыратын тақырыпқа қатысты сұрақтар қояды. Жаңа тақырыпты электронды оқулықтан көрсетеді. Мұғалім өзі артынан түсіндіріп өтеді.
Оқушының іс – әрекеті:
Оқушылар бейнежазбаны қарап, мұғалімнің айтқандарын тыңдайды, түсінбеген есептерін сұрайды.
- Түсіну-3 мин
Мұғалімнің іс – әрекеті: Оқушыларға өтілген тақырып бойынша тест жұмыстары беріледі.
Оқушының іс – әрекеті: Әр топ өз арасында есепті талқылап, тақтаға мәнін жазады.
- Қолдану-10 мин
Мұғалімнің іс – әрекеті: Оқулықтағы есептермен топтық жұмыс жүргізеді.
Оқушының іс – әрекеті: Топ бойынша берілген тапсырмаларды орындайды, есептерін тексереді
- Сергіту сәті: «Қызыл өрік» -3 мин
Мұғалімнің іс – әрекеті: Оқушыларды орындарынан тұрғызады, өзі қосылып бірге орындайды
Оқушының іс – әрекеті: Оқушылар көңілді түрде қимылдарды қайталайды
- Жинақтау-3 мин
Мұғалімнің іс – әрекеті: Жаңа тақырыпта берілген білімді түсінуі
- Үйге тапсырма-3 мин
Мұғалімнің іс – әрекеті: (үйге тапсырма береді) Үлес, жай бөлшек тақырыбына байланысты ережелерді жаттау. №395, 398, 399
Оқушының іс – әрекеті: Үй тапсырмасын жазып алады.
- Бағалау-5 мин
Мұғалімнің іс – әрекеті: Сабақ соңында топ басшыларынан бағалау парағын алып, оқушылармен бірге талқылайды
Оқушының іс – әрекеті: Топ арасында өзара бағалайды
