2 –ден 10-ға дейінгі сандардың құрамы

Мектеп: СҚО, Ақжар ауданы, Бестерек орта мектебі

Бастауыш сынып мұғалімі: Зауре Тюлюбаевна Мухаева

Пәні: математика

Сыныбы: 1

Тақырыбы: 2 –ден 10-ға дейінгі сандардың құрамы

Мақсаты: 2 –ден 10-ға дейінгі сандардың құрамын үйрету немесе қайталау, оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.

 Құрал:  мультимедиалық  дидактикалық материал

Оқыту құралдары: Power Point  программасы бар компьютер, мультимедиалық проектор, экран

Пікірі:

Бұл мультимедиалық  дидактикалық  материал- бастауыш  сынып  мұғалімдеріне   көмек  болары сөзсіз. Себебі, мұғалімнің   әрбір  өтілетін  сабағы  қазіргі  кездегі  оқыту  талаптарына   сай  болуы  қажет. Сабақтарда  ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолдану, сонымен қатар  оқушылардың  өзіндік  сенімін  арттыру, олардың  шығармашылығын  дамыту,  өтілетін   сабақтың оқу – материалын   терең  ұғына  беруге  баулу —  мұғалімнің  педагогикалық   шеберлігіне  байланысты.

Алғашқы жылда  2 –ден 10-ға дейінгі сандардың құрамын және қосу, азайтуды үйрету мұғалімнің басты мақсаты болып табылады. Егер оқушылар 2 –ден 10-ға дейінгі сандардың құрамын жетік меңгерсе, онда бір таңбалы сандарды қосып, азайтуды  автоматты түрде орындай алады.

Ұсынылып отырған дидактикалық материалды көрнекілік ретінде сандардың құрамын үйретуде, қайталауда, жүйелеуде  қолдануға болады.

Презентацияны қолдану қиынға соқпайды, тышқан батырмасымен бір шертсе болғаны, кез келген санның құрамын ашып көрсете  беруге болады.

Өзімнің тәжірибемде бұл мультимедиалық дидактикалық материалды алғашқы жыл қолданып жүрмін. Қолдану барысында оқушылардың қызығушылығы артқанын байқадым. Әр оқушы ойланып, жауап беруге ұмтылады және көзбен көріп, есте сақтайды.

fotoavtors




 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Пікірлер4
  1. Айжан

    озим осындай корнекилерди пайдаланам сабакта жаксы

  2. АРАЙЛЫМ

    Керемет!Балаларға түсіндіруге жеңіл!

  3. Зауре

    Қайта сұрақ қойып отырмын себебі жауабы келмеді
    2 –ден 10-ға дейінгі сандардың құрамы мультимедиялық дидактикалық материал бойынша сертификат беріле ме?
    Егер берілсе құнын карточка арқылы түсіруге болама?

  4. Зауре

    2 –ден 10-ға дейінгі сандардың құрамы мультимедиялық дидактикалық материал бойынша сертификат беріле ме?
    Егер берілсе құнын карточка арқылы түсіруге болама?

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ