Бастауыш пен балабақша және ата-аналар сайты.
  • Ұстаздарға
    • Ұстаздар еңбегі
    • Көрнекіліктер
    • Түйіндеме жасау
    • Сертификат
    • Слайд презентация
    • Балалар ойындары
    • Бастауыш сыныпқа
    • Тәрбиешілерге
    • Мақала жариялау
    • Минусовка
    • Мерекелер
    • Конкурстар
  • Жоспарлар
    • Ағылшын тілі
    • Әр түрлі
    • Бастауыш сынып
    • Балабақша
    • Биология
    • География
    • Информатика
    • Қазақ тілі
    • Логопед дефектолог
    • Математика
    • Өзін-өзі тану
    • Тарих
    • Технология
    • Физика
    • Химия
  • Балаларға
    • Мақал мәтелдер
    • Жұмбақтар жауабымен
    • Ертегілер
    • Мультфильмдер
    • Тақпақтар
    • Шығармашылық
    • Сіз білесіз бе?
  • Аналарға
    • Ана және бала
    • Бала денсаулығы
    • Сұлулық
    • Жүктілік күнтізбесі
    • Баланың жынысын анықтау
    • Сәби жынысын жоспарлау
    • Овуляция күнтізбесі
    • Қалай жүкті болуға болады

Негізгі бет > Қазақ тілі

 

Қазақстан-тәуелсіз мемлекет


 9-сынып, Қазақ тілі пәні

Сабақтың тақырыбы:  Қазақстан-тәуелсіз мемлекет

Сабақтың мақсаты:

білімділік: Септік жалғауларын білу, септік жалғауларының түрлерін ажырата білу.Еліміздің тәуелсіздігі туралы мәлімет беру.

дамытушылық: Мәтіннен ең негізгісін таба білу, өз бетімен жұмыс істеу дағдыларын дамыту.

тәрбиелік: Оқушыларды Отанды сүюге тәрбиелеу, бойларына патриоттық сезім ұялату

Сабақтың түрі:  жаңа сабақ

Сабақтың әдістері: СТО әдісі

Сабақтың формасы: жеке, ұжымдық, топтық

Сабақта қолданылатын құрал-жабдықтар: интербелсенді тақта, плакаттар, түрлі түсті қағаздар

Пәнаралық байланыс: тарих, әдебиет

Күтілетін нәтиже: оқушылар жаңа сөздер, сөз тіркесінің мағынасын түсініп, септік жалғауларын еске түсіру және  Қазақстанды өркениетті елдер мойындаған тәуелсіз  мемлекет екенімізді түсінеді.

Сабақтың технологиялық картасы

Кезең

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Мақсаты

Әдістер

Бағалау

Уақыт

Кіріспе а) Ұйымдастыру

 

 

 

 

ә) Топтастыру

 

 

 

 

 

б) Үй тапсырмасын сұрау

Тренингке қатысады

(психологиялық дайындық)

 

Кеспе қағаздар таңдау,

 

 

 

 

Сұрақ таңдау бойынша жұмыс

Психологиялық ахуалды жақсарту

 

 

Оқушыларды 2 топқа бөлу

1) жасыл түстілер

2) көк түстілер

 

Сұрақ-жауап арқылы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Таулар мен өзендер» суреттері

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Басбармақпен бағалау

5 мин.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5 мин.

Тұсаукесер Ой талқы, пікірталас, ой алмасу үшін мәселе туғызу Өз білімдерін есіне түсіреді, жүйелейді Топта бірлесіп жұмыс жасау, іздену «Ой қозғау» Критериялды

бағалау

 

5-мин.
Негізгі бөлім а)ДЖИГСО әдісі бойынша білім беру

ә) Тапсырмалар топтамасын ұсынып, оқушылардың тапсырмаларды орындауына жағдай туғызу, топтағы жұмыстары үшін ынталандыру

 

Білу:

Оқушылардың білімді игеруі

Түсіну:

Қазақстан тәуелсіздігі туралы

Қолдану:

Оқушылардың өзіндік жұмыс жасау әрекеттерін ұйымдастыру

Талдау: екі нысанды салыстыру, ортақ  белгілерін табу

Жинақтау: тақырып мазмұнын түсініп тұжырым жасай білу

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқулықпен, қосымша ақпаратармен, дәптермен жұмыс

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Ыстық орындық» ойыны

Кесте толтыру

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Баспармақпен бағалау

 

 

 

 

 

 

 

Топаралық бағалау

25мин
Қорытынды Оқушылардың осы сабақта не алғанын анықтау, «Екі жұлдыз, бір ұсыныс»  Оқушылар сабақтан алған әсерін жазу параққа жазу Алған білімінің нәтижесін көрсету, «Сабақтан алған әсерім»- рефлексия   5-мин

Сабақ барысы:

І)Кіріспе

а) Ұйымдастыру

Балалармен сәлемдесу. Сабаққа психологиялық дайындық жүргізу.

Мұғалім:

-Әрбір адам ….

Оқушылар:

-Досым, сыныптасым

Мұғалім:

-Әрбір ісің ….

Оқушылар:

-Тірлік, тірек, адамдық

Мұғалім:

-Әрбір сөзің ….

Оқушылар:

-Шындық, бірлік, адалдық

Мұғалім:

-Әрбір сабақ….

Оқушылар:

-Үйрену, оқу, іздену.

Мұғалім:

-Ендеше, балалар бүгінгі сабағымызды қызықты етіп өткізу, бір нәрсе үйрену үшін бәріміз бірігіп сабаққа қатысайық.

ә)  көк және жасыл түсті парақтарды таңдап алады.

(соңында екі топ қалыптасады)

б) Үй тапсырмасын, өткен тақырыпты еске түсіру мақсатында «Таулар мен өзендер» сурет бойынша сұрақтар. Оқушылар суреттер арқылы тапсырмаларды орындайды.

Берілген тапсырмалар:

1)Қазақстан жер көлемі бойынша әлемде нешінші орынды алады?

2) Шекарасы қанша шақырымнан асады?

3) Қай елдермен шектеседі?

4) Қазақстанда қандай таулар мен өзендер бар?

5) Атамекен жайлы мақал-мәтелдер білесіңдер ме?

6) 6-тапсырма. Сөз тіркестерін оқып, дұрыс мағынасын табыңдар.

Қай топтың оқушысы көптеу тапсырма орындағынын баспармақпен бағалау.

ІІ) Тұсаукесер

«Ой қозғау»

Мұғалім: Қазақстан қандай мемлекет?

Оқушылар: Тәуелсіз мемлекет.

Мұғалім: Тәуелсіз мемлекет деген сөзді алдымен түсініп алайық. Алдымызда берілген плакатқа өз ойымызды жазайық.

Екі топтан бір-бір оқушы кезекпен өз ойларын айтады. Тақтадағы дұрыс жауаппен салыстырып, топ бірлесіп қарсы топты критериялды бағалау дискрипторлары арқылы бағалайды.

 

 Дұрыс жауабы: Тәуелсіз мемлекет – мемлекеттің өз саясатын өз еркімен жүргізуге қабілеттілігі бар; тәуелсіздіктің нышандары айқындалған; елдікті нақыштаған әнұран, тудың және елтаңбаның болуын атауға болады.

ІІІ. Негізгі бөлім

  1.  ДЖИГСО әдісімен мәтіндер беріледі. Оқушылар өз таңдауларымен әр түрлі түсті қима қағаздардың ішінен бір түсін таңдап алады. Ғалымдар бір бөлек, саясаткерлер бір бөлектен отырыңдар. Ғалымдар мәтіннің 1-ші бөлігі, саясаткерлерге мәтіннің 2-ші бөлігі  беріледі.

Ғалымдар мәтіні.

Он алтыншы желтоқсан. Бұл күні қазақстан республикасы Жоғарғы Кеңесінің жетінші сессиясында «қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық Заң қабылданды.Ақ Жайықтан Алтайға, Атыраудан Алатауға дейін ұлан-байтақ жерді алып жатқан миллиондаған қазақтың Отаны болды, яғни терезесі тең мемлекет болып танылды. Енді ол-Қазақстан Республикасы.

Саясаткерлер мәтіні.

1991 жылдың 16 желтоқсанында болған бұл жаңалық ғаламға тез тарады. Бүкіл дүниежүзінің үлкенді-кшілі мемлекеттері қатарына тағы бір үлкен елдің, ергелі халықтың қосылғанын, адамзат тарихындағы тағы бір беттің ашылғанын қуана қолдады. ТИуркия бас болып, іле-шала Канада, Бразилия, Үндістан, Румыния, Швеция, Норвегия, Египет, Израиль, Куба, сондай-ақ АҚШ пен Швейцария таныды.

Оқушылар мәтіндерді оқып болған соң, өз орындарына отырады. Әр топ мүшелері мәтіннің мазмұнын айтып береді.

  1. Жаңа сөздерді есте сақта!

Ғалам-әлем-жержүзі-дүниежүзі

Таныған-білген-белгілі

Тәуелсіз-егеменді- еркін-дербес

Қабылданды-бекітілді

Қолданды- мақұлданды

Тарады-жайылды

  1. Жаттығу.

Септік жалғауларын қайталау. Ережені сұрап, мысалдар келтіру керек. Оқулықтағы 8-тапсырма жазбаша орындалады.

  1. Мұғалім: «Ыстық орындық».  Енді бір  оқушы  алға  шығып  өз  пікірін  айтып   және тақырып  бойынша  сұрақтарға  жауап  береді.

Оқушылар басбармақпен бағаланады.

  1. Жаңа тақырыпты тұжырымдау. Екі топ жұмыстарын алмастыру арқылы тексеріп, бағалайды.
 тақырып  
түсінгенім  
жаңа мәлімет  
Түйін  

ІҮ. Қорытынды

  1. «Екі жұлдыз бір ұсыныс» әдісі
  2. Рефлексия. Оқушылар сабақтан алған әсерлерін сурет салумен білдіреді.

Үй жұмысы:  «Ұлы ел» өлеңді жаттау. 4-тапсырма 12 бет.

 

Г.Баймахнова

№250 мектеп-лицейі

қазақ тілі мен әдебиет

пәні мұғалімі

Мына ұқсас жазбалар топтамасын ұсынамыз:

  • Сабақ жоспары «Асық ойыны»
  • Мақал-мәтел-халық тұжырымы
  • Білім беру мазмұнын жүйелі жаңарту (слайд)
  • «Ер Төстік» – қиял ғажайып ертегі
  • Қажымұқан хикаяты (5-сынып)

Пікірлер 3 Пікір қосу

  • Жауқазын 05.01.2022 күні 14:30 уақытында

    Билмегенге таптырмас такырыптар екен

    Жауап беру
  • Нұрбану 07.01.2019 күні 16:16 уақытында

    Оқушыларға берілген әдіс-тәсіл дұрыс қолданылған.Сабақ жоспар өте тиімді етіп құрылған.Ыстық орындфық әдісі арқылы қорытынды жасаған дұрыс деп ойлаймвн.

    Жауап беру
  • Айнагул Иргебаева 05.09.2014 күні 18:10 уақытында

    Өте тамаша, қызықты сабақ

    Жауап беру

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!
Жауапты кері қайтару

  • Күнделікті жұмыстар баланың дамуына қалай көмектеседі?

    25 Нау 2025 / Толық оқу

  • Оқуды бала үшін қызықты саяхатқа айналдыру

    19 Нау 2025 / Толық оқу

  • Как помочь ребенку понять Present Simple и Present Continuous: Практические примеры

    27 Қар 2024 / Толық оқу

  • қазақша жұмбақтар Жұмбақтар жауабымен

    1 Қыр 2019 / Толық оқу

  • тегін сертификат Тегін немесе Ақылы Сертификат Алу

    16 Ақп 2014 / Толық оқу

  • Оқушы портфолиосының үлгісі

    30 Там 2013 / Толық оқу

Жаңа жазбалар

  • Күнделікті жұмыстар баланың дамуына қалай көмектеседі?
  • Оқуды бала үшін қызықты саяхатқа айналдыру
  • Как помочь ребенку понять Present Simple и Present Continuous: Практические примеры
  • Бастауыш сынып тәрбиешісінің рөлі мен міндеттері
  • Ұстаздар күніне құтты болсын!

Сайтта жарияланған мақалаларды сайт әкімшілігінің рұқсатынсыз басқа сайттарға жариялауға тиым салынады.Мақаланы басқа сайтқа жариялауға байланысты сұрақтарыңызды hat@erketai.kz электронды почтасына жазыңыздар.Сайттың барлық құқықтары қорғалған © ERKETAI.KZ 2012 жылдан бастап жұмыс жасайды.