Қазақ тілі пәнінен 9-сыныпқа арналған емтихан сұрақтары

Билет № 1

1.Алфавиттердің ауысуы туралы не білесің?

2.Буын үндестігі.

3. Отбасымызбен өткіземіз деген сөз тіркесіне

морфологиялық талдау жасаңыз.

Билет № 2

1. Қазақ тілін зерттеген ғалымдар.

2Дауысты дыбыстар

3. Жаздыгүні фонетикалық талдау жасаңыз.

Билет № 3

1.Ұлттық салт-дәстүрлер.

2.Дара және күрделі сөздер.

3. Демалыс сөзін тәуелдеу септеңіз.

Билет № 4

1.Қазақ тілі.

2.Буын. Буынның түрлері.

4. Орын-орна, ойын-ойна, әріп-әрпі, көрік-көркі сөздердің

жазылудағы айырмашылығын түсіндіріңіз.

Билет № 5

1.Қазақ хандығы. Абылай хан.

2.Екпін. Тасымал.

5. Әркім, әлдекім сөздерінен сөйлем құраңыз. Сөйлем ішінде сөздер

қай сөйлем мүшесінің қызметін атқарып тұрғанын анықтаңыз.

Билет № 6

1.Билер.

2.Синоним.Антоним.Омоним.

3. Егін, егіс,қолтық, қолбасшы, қолжазба сөздердің жасалу

жолын түсіндіріңіз.

Билет № 7

1.Қазақстан қалалары.

2.Сан есім. Оның түрлері.

3. Екеуі қақпа алдына келгенде, Төрткөз бұрынғы әдетінше шегіншіктей берді.

Синтаксистік талдау жасаңыз, үтірдің қойылу себебін түсіндіріңдер.

Билет № 8

1.Әбу Насыр әл-Фараби

2.Тура және ауыспалы мағынадағы сөздер.

3.Бүгін сыныпта жиналыс болды да, Төлеш кештеу шықты.

Синтаксистік талдау жасаңыз.

Билет № 9

1.Ежелгі қалалар. Түркістан қаласы.

2.Лексика

3.Автор сөзі: «Төл сөз,»- автор сөзі

Сөйлем құрастырыңыз.

Билет № 10

1. Ел ордасы- Астана.

2. Сөйлем және сөз тіркесі.

3.Алматы қаласы. Оқығым келеді.

Жалаң сөйлемдерді жайылма сөйлемдерге айналдыр.

Билет № 11

1.Абай Құнанбайұлы.

2.Морфология.

3.Жауынды жаздың бірсыпырасы.

Сөз құрамына талдау.

Билет № 12

1.Ыбырай Алтынсарин.

2.Мақал-мәтелдер.

3.Келермін, келген, келеміз, келетін, келмек, келе жатыр,келді сөздері

қай шақта тұрғанын ажыратыңыз.

Билет № 13

1.Шоқан Уәлиханов.

2.Сөздіктер.

3. Шөлде тек мына сияқты жапырақсыз ағаштар өсе алады

сексеуіл итмұрын тікенді тал-шіліктер.

Жалпылауыш сөздер мен бірыңғай мүшелерді тауып, тыныс белгілерін

қойып шығыңыз.

Билет № 14

1.Мемлекеттік мерекелер.

2.Сын есім. Оның түрлері.

3. Жаманшұбар, қалалық, найза, Мұхтар, Семей, ауылым, «Балбөбек» қоры, әліппе, «Жазира» дүкені. Жалқы есімді бір бөлек, жалпы есім сөздерді бір бөлек жазыңыз.

Билет № 15

1.Қазақстан Республикасының рәміздері.

2.Зат есім. Оның түрлері.

3. Ақылсыз, білім сөздеріне фонетикалық талдау жасаңыз.

Билет № 16

1.Ұлттық тағамдар.

2.Дауыссыз дыбыстар

3. Азаматым, ардагерім, өренім,

Қатарыңнан қалмай жырлап келемін.

Елің биік, еңсең биік, қыраным,

Өздеріңді ғарыштардан көремін.

Қарамен терілген сөздердің мағыналарын анықтап, үтірдің

қойылу себебін түсіндіріңдер

Билет № 17

1.Қазақстан қорықтары.

2.Түбір және туынды сөздер.

3. Аталы сөз ақылдан шығады, аяулы сөз жақыннан шығады.

Қандай сөйлем екенін анықтаңыз.

Билет № 18

1.Қазақ батырлары.

2.Фразеологизм деген не?

3. Теңіз толқыны күшейді. Су жағаны жуып кетті.

Жай сөйлемдерден құрмалас сөйлем (салалас, сабақтас сөйлем) құрастырыңыз.

Билет № 19

1.Баспасөз-өмір айнасы.

2.Есімдік. Оның түрлері.

3. Апасы оған: «Күшігің ешқайда да кеткен жоқ, сен көтмеген

төрт-бес ай ішінде ол өсіп, үлкен төбет болды,»-деді.

Төл сөзді төлеу сөзге айналдырыңыз.

Билет № 20

1.Қазақтың күйші-композиторлары.

2.Етістік. Етіс.

3. Ер, жас, алыс, көтерме омоним сөздердің мағынасын түсіндіріңіз.

Билет № 21

1.Шешендік өнер.

2.Төл сөз. Автор сөзі. Төлеу сөз.

3. Аспан қою бұлттан айығып, таң белгі бере бастады. Науқасынан тез

айығып кете алмады.

Қарамен жазылған сөздің қай мағынада қолданып тұрғанын анықтаңыз

Билет № 22

1.Ұлттық қолөнер.

2.Үстеу. Оның түрлері.

3. Ауыр, ыстық, көне, ұзақ, алыс, биік, қысқа, ерте, қалың, жас

сөздерінің антонимін табыңыз.

Билет № 23

1.Киіз үй.

2.Етістіктің шақтары. Оның түрлері.

3. Қас пен көздің арасында, ит өлген жер,ауызынан шөп алмас,санын

соғып қалу, тайға таңба басқандай, қырғи қабақ болу, ат төбеліндей

тұрақты сөз тіркестерінің мағынасын түсіндіріңіз.

Билет № 24

1.Музыкалық аспаптар.

2.Одағай.

3.Біреу тоңып секіреді, біреу тойып секіреді.

Еңбек мұратқа жеткізер,

Жалқаулық абыройды кеткізер.

Мақал-мәтелдің мағынасын түсіндіріп беріңіз.

Билет № 25

1.Қаныш Сәтбаев.

2.Сөйлем мүшелері.

3. Адасқанда жұлдыз айдай, қарын ашқанда көже майдай.

Қонақ үйде дөңгелек үстел үстінде қызғылт, күңгірт сәулесі бар

тас шам жанып тұр.

Сөйлемдерден негізгі, туынды сын есімді табыңыз.

Билет № 26

1.Өнер адамдары.

2.Жай сөйлем және оның түрлері.

3. Бұл жайлаудың ұзын тұрқы 150 километрдей, көлденеңі 100 километрдей.

Сөйлем мүшесіне талдап, сан есімдер қай сөлем мүшесінің қызметін атқарып тұрғандығын анықтаңыз.

Билет № 27

1.Қазақ отбасы. Отбасының мүшелері.

2.Шылаулар.

3. Үшеуіміз етекті белге қыстырып алып жүріп кеттік.

Синтаксистік талдау жасаңыз

Билет № 28

1.Қазақ спорты.

2.Құрмалас сөйлем. Аралас құрмалас сөйлем.

3. Досанның тауға қайтадан барғысы келді.

Синтаксистік талдау жасаңыз. Қай рай тұлғасында тұрғанын анықтаңыз.

Билет № 29

1.Ұлттық киімдер.

2.Сабақтас құрмалас сөйлем.

3. Мынау теректің жапырағы мынау таудың тасы.

Тыныс белгісін қойып, синтаксистік талдау жасаңыз.

Билет № 30

1.Мақал-сөздің мәйегі.

2.Салалас құрмалас сөйлем.

3. Қанша адаммен дәмдес, істес болса, солардың әрқайсысы жөнінде

арнаулы пікір болатын.

Синтаксистік талдау жасаңыз.

Баймаханова Гүлнұр

қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі

ErKeTai.KZ