Қазақ тілі кабинеті

akharuzdСабақтың тақырыбы: ҚАЗАҚ ТІЛІ КАБИНЕТІ

/6-СЫНЫП/

Сабақтың мақсаты:

а) білімділік – сөздік бірліктерді меңгеруге жағдай жасау, жаңа сөздерді қолданып, сұхбат, мәтін құру, алған білімдерін синтездеу;

б) дамытушылық – өз бетімен жұмыс істеу дағдыларын, әңгімелеу арқылы сөйлеу дағдыларын, қызығушылықтарын, зейін қойып тыңдау, ойлау қабілеттерін дамыту; алған білімдерін қолдана білуге, сараптауға дағдыландыру;

в) тәрбиелік – бір біріне көмек көрсету, жауапкершілікке, бірлесіп жұмыс істеуге жағдай жасау.

Оқыту нәтижесі: жаңа сөздерді дұрыс айтады, жазады, сөз тіркесін , сөйлем құрғанда қолдана біледі, «жуан» сұрақтарға жауап бере алады, сұрақтар, мәтін, сұхбат құра алады, тәуелдік, септік жалғауларды біледі,талдау жұмыстарын жүргізе біледі; топпен жұмыс істей біледі; бірін-бірі, топты бағалай алады, сараптайды, дәлелдейді.

Негізгі идеялары: топпен, жұппен бірлесіп жұмыс істеуге, берілген тапсырмаларды түсініп орындауға, өз жұмысына, өзгенің жұмысына баға бере білуге үйрету; сұхбат, мәтін, постер құруға, жіңішке сұрақтар қоюға дағдыландыру; рефлексия жасауға үйрету.

І.Ұйымдастыру кезеңі.

Сергіту сәтін өткізу. Сергіту сәті жақсы жұмысқа әрекет жасайды.

Оқушыларды ұйымдастыру: амандасу, сыныпты түгендеу, күнді жаздыру, сұрақ-жауап, топтарға бөлу, сабақтың өткізілу жолын түсіндіру.

Топпен жұмыс істеу ережесін еске түсіру:

1. Жұмысты бірге істеу

2. Бір біріңді тыңдау

3. Кезекпен сөйлеу

4. Дұрыс бағалау

Бағалау критерийі.

Бірін-бірі бағалау -тірек сөздер арқылы /тірек сөздер интерактивті тақтада көрсетіледі/. Топ мүшелерін топ басшылары бағалайды. Топтың әр мүшесінің бағасы жауап парағына қойылады.

ІІ. Үй жұмысын тексеру.

1.Мәтін бойынша сұрақтар қоямын.

2. Аударма диктант.

жаяу-

қазіргі талапқа сай-

жабдықталу-

оқырман-

мәжіліс-

гүлзар-

мектеп бітіруші-

Бағалау критерийі арқылы өзін-өзі тексереді:

«5»- қатесіз;

«4»-1 қате;

«3»-2 қате.

ІІІ. Білімді жан – жақты тексеру.

1.Берілген сөйлемдерді оқып, жалаң сөйлемдерді жайылма сөйлемге айналдырып жаз.

Қыс түсті. Қар жауды. Күн суытты. Аулаға шықты. Қолғап киді. Күрек алды. Жол салды. Құлақшыны қар. Құлақшынын қақты. Оспан кірді. Жуынды. Тамақ ішті.

2.Жайылма сөйлемдердегі тұрлаусыз мүшелердің астын сыз. Қарамен жазылған сөздерге морфологиялық талдау жаса.

Сергіту сәтін өткізу / жас ерекшелігін ескеру/.

ІV. Жаңа сабаққа кіріспе.

Сабақтың тақырыбымен, сабақтың мақсатымен таныстыру.

V. Жаңа сабақ.

— Балалар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Қазақ тілі кабинеті».

Топтық жұмыс. Оқылым, тілдесім, жазылым, тыңдалым әреукеттерін, «Бағдаршам» стратегиясын қолданамын (жасыл — тапсырманы орындадым, сары – қосымша уақыт керек, қызыл — көмек қажет).

1.Мәтінмен жұмыс: оқу, түсінгендерін айту, өз бөліктеріне ат қою.

І-топ. Мынау менің мектебім. Менің мектебім Абай даңғылында орналасқан. Біздің мектепте төрт қазақ тілі кабинеті бар. Екі кабинет екінші қабатта, екі кабинет үшінші қабатта орналасқан. Біз 208 кабинетте оқимыз. Кабинет екінші қабатта орналасқан.

ІІ-топ. Кабинетте парталар, орындықтар, мұғалім үстелі бар. Біздің кабинетте үш шкаф, тақта бар. Тақтаға біз бормен жазамыз. Интерактивті тақтамен де жұмыс істейміз. Әр түрлі презентация дайындап көреміз.

ІІІ-топ. Сабаққа біз кітап, дәптер, қалам, қарындаштар, өшіргіш, сызғыш, күнделік, сөздік әкелеміз. Сабақта дәптерге жазамыз, кітап оқимыз, сөздікпен жұмыс істейміз. Мұғалім сабақ түсіндіреді, тапсырма береді. Оқушылар білім алады.

2. Сұхбат құру.

3. Синтаксистік талдау жасау.

VІ. Жаңа сабақты пысықтау.

1. Тапсырма. Мәтіннен екі септік жалғаулы, екі тәуелдік жалғаулы, екі көптік жалғаулы сөздерді теріп жазу.

2. Әр топ «қазақ тілі» сөзімен синквейн құрады.

Қазақ тілі-синквейн

1.Зат есім –қазақ тілі

2.Сын есім -2

3. Етістік -3

4.Сөзден сөйлем құрастыру

5.Ассоциация

VІІІ.Үйге тапсырма беру.

5-тапсырма,40 бет- жазбаша

Мектеп, оқу құралдары туралы жұмбақтар презентациясы / әр топқа біреу/

VІІ. Бекіту. Рефлексия «Күн».

Оқушылар қойылған сұрақтар бойынша өз ойларымен бөліседі.

Әркім өз сәулесін күнге жабыстырады.

— Балалар, біз бүгінгі сабақ бойынша:

Нені білдік?

Нені үйрендік?

VІІІ. Бағалау.

1.Бағалау критерийі бойынша топ басшылары өз тобындағы оқушыларды тапсырма парағы арқылы бағалайды.

2.Оқушылардың бағаларын түсіндіріп қоямын.

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Пікірлер4
  1. Гулмира

    Сабак жаксы курылган. Озиме керекти акпаратты ала алдым. Жаксы тусиндирилген

  2. Лаззат

    Сабақ нақты мақсатқа құрылған. Тапсырмалар да нақты. Сабағыма керегін пайдалана аламын.

  3. Чеганова Мөлдір

    Сөйлем түрлерін оқытуға арналған тапсырмалар жүйелі құрастырылған. Әр тапсырмадан кейін бағалау жүзеге асқан.Керемет сабақ жоспары!

  4. Алмагуль

    Топпен жұмыс кезінде топ ережелері балаларға қажеттілері ғана жазылған, жақсы. Жалаң және жайылма сөйлемдерді бір-бірінен ажыратуға арналған тапсырмалар өте орынды қолданылған. Көрнекіліктер өте көп бұл да жақсы. Әр сабақтың көркемділігі осы көрнекіліктерден көрінеді. Бағалаудың әртүрлі тәсілі қарастырылған. Тамаша.

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ