Сөз бен мағына

Сабақ жоспары
Сабақ: қазақ тілі
Тақырыбы: Сөз бен мағына

Қатысқандар саны:12 Қатыспағандар саны:0
Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары) Сөйлеу мен тыңдау әдебін салыстыру. Тіл туралы бұрынғы білетіндерін еске түсіріп, сөйлеу шеберлігін және тіл мәдениетін зияткерлік тапсырмалармен дамыту.

Сабақ мақсаттары
Барлық оқушылар:
Сөйлеу мен тыңдау әдебін салыстырып, кеңейтеді.
Оқушылардың басым бөлігі:
Тіл туралы бұрыңғы білетіндерін байланыстырады.

Кейбір оқушылар:
Сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін зияткерлік тапсырмалармен саралайды.

негізделген оқу мақсатыТілдік мақсат
Оқушылар: Сөз бен мағына қызметін түсінеді, қосымша деректер арқылы жұмыстар жүргізеді.
Негізгі сөздер мен тіркестер:
Сөздік құрам, мағына, ішкі мазмұны.
Сыныптағы диалог/ жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:
Талқылауға арналған тармақтар:
Сөз бен мағынаның ерекшелігі қандай?
Сөз бен қоғамның байланысы қандай?

Жазылым бойынша ұсыныстар: лексикалық талдау. Сөздікпен жұмыс.
Алдыңғы оқу Лексика туралы түсінік.
Жоспар
Жоспарланған уақыт
Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз) Ресурстар
Басталуы
2 минут «Геометриялық фигуралар» әдісі арқылы оқушылар екі топқа бөлінеді.

Фигуралық қағаздар
7 минут «Миға шабуыл» әдісі арқылы оқушылар өткен сабақты қайталайды.

Сұрақтары:
1. Сөз бен мағына туралы еркін пікіріңіз қандай?
2. Сөз бен мағына талаптары туралы не білесіз?

Кері байланыс жасау:
Сөздер заттар мен құбылыстардың аты, саны мен сапасы, қимыл-әрекеті сияқты алуан түрлі мағына береді..
Стикерлер арқылы топтық бағалау.

Стикерлер
Ортасы 10 минут
13минут
6 минут 2 минут «Ойландырар 10 сұрақ» әдісі бойынша жұмыс жасату арқылы жаңа сабақтың мазмұнымен танысу.

Плакаттарға тірек сөздер жазып ілінеді.
Тірек сөздер:
Сөз;
Мағына;
Құбылыс;
Дыбыс;
Тіресіу;

Кері байланыс жасау:
Дыбысталу- сөздің сыртқы қабығы, мағына сөздің ішкі мазмұны.
«Бағдаршам» әдісі арқылы бағалау.

1-топ.
33-жаттығу. Әтіннен тура мағынадағы сөздерді тауып жазу.

2-топ.
34-жаттығу. Пікір алмасу.

Мына сөздерге мағыналас сөздер табады.
Қасында-
Ренжіді-
Мұғалім-
Оқушы-.
«Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі бағалау.
Плакат, маркер
Оқушылардың қолдарына бағдаршамның әр түсі жанған суреттері беріледі. Олар қалаған түстерін көтереді.
Оқулық, дәптер
Аяқталуы
3 минут

2 минут Рефлексия: «Менің үшбұрышым» ойыны арқылы
Түсіндім? -жасыл түс .
Түінбедім?-қызыл түс.
Сабақтың қай жері ұнады?
Келесі сабақтың қалай өткенін қалайсың?- жауап жазып үшбұрышқа іледі.
Үйге тапсырма: 35- жаттығу. Жазбаша.
Оқушыларды стикерлер арқылы бағалаймын.

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Пікірлер21
  1. Айнур

    берілген тақырыптың мазмұны өте жақсы түсіндірілген

  2. Гулмира

    Сабақ жоспары ұнады?қысқа болғанмен нұсқа ,қазіргі кезде ьалалар ұзақ сабақты тыңдағысы да келмейді сол себепті осы дұрыс деп ойлаймын???

  3. Толғанай

    Сабақтың мақсаты өте жүйелі түрде құрылған. Сұрақтары өте жеңіл. Миға шабуыл әдісі жақсы жасалған. Тақырып жеңіл.

  4. Сауле

    Сабақ жақсы құрылған . Сізге көп рахмет!

  5. Лаззат

    Сөз бен мағынаның қолдану орны мен аясын кеңінен түсіндірген.

  6. Чеганова Мөлдір

    Сабақ жоспары қысқа түрде жазылған. Сергіту сәті болса, жақсы болар еді

  7. Аружан

    Мақала өте жақсы жазылған.Балаларға түсінікті және қызықты.Тапсырмаларды мұғалім оқушылардың деңгейіне қарай дайындаған.Маған сабақ жоспары ұнады.

  8. Айсулу

    Бір бірімен қалай қарым қатынас жасау сөйлеу мәдениетін түсіндіріп кеткен тапсырмалар жас ерекшелікке сай

  9. Бекзат

    Маған тақырып ұнады. Оқушыларға түсінікті етіп жазылған. Дегенмен орфографиялық қате таптым. «Тіресіу” деген сөз қате деп ойлаймын. Себебі сөздік қорда ондай сөз жоқ. Бірақ қалғандары жақсы

  10. Алмагуль

    Сабағыңыз жақсы деңгейде жоспарланған. Тапсырмаларыңыз әртүрлі деңгейде ұйымдастырылған. Жаңартылған білім беру бағдарламасына сай, көрнекіліктеріңіз де жетерлік. Керемет, еңбегіңіз жаңа берсін!

  11. Гүлжайна

    Қазіргі заманда оқушыларға өзінің ойын жеткізу қиынға түседі. Сөз бен сөздің мағынасын түсінбей жататын оқушылар қаншама. Осындай сабақтар арқылы, оқушылардың сөзді дұрыс қолдану мен сөздік қорды байытуға болады. Өте тамаша!

  12. Асемгул

    Сабақ жақсы жасалған. Ауқымды тапсырмалар.

  13. Сандугаш

    Сабақ жоспары ұтымды құрылған. Сөз және оның мағынасын түсіндіруде ауқымды тапсырмалар алынған. Әдістемелік көмек ретінде пайдаланамын. Рахмет

  14. Ақниет

    Сабақ тым қықса!

  15. Ақниет

    Сабақ құрылымы керемет. Маған ұнады! Автор ракмет!

  16. Асел

    Жалпы жақсы жазылған бірақ 40 мин үлгеруге бола ма

  17. Нұрбану

    Сөз бен мағына тақырыбындағы сабақ жоспары өте ауқымды болып саналады.ТАҚЫРЫПТЫ ӨЗ ДЕҢГЕЙІНДЕ АША БІЛГЕН. Сабақ жоспары өте қысқа бекітілген.Оқушылардың қызығушылығын арттыруға септігін тигізеді.

  18. Ұлан

    Сабақ жоспары өте қысқа түрде берілген. Алайда, тақырыбын аша білген жоспар. Тағы да толықтырулар енгізілсе, кәдеге жарайтын құрал болары сөзсіз.

  19. Абдуллаева Наргиза Хайдаровна

    Бұл сабақ жоспары өте қысқа беріліпті . Тағы қосу керек сияқты.Ойын түрлерін қосып, оқушылардың қызығушылығын арттыру кекрекдеп ойлаймын.

  20. Рахмеджанова Гулназа

    Мақала жақсы жазылған,маған ұнады.Сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениеті туралы айтылған.Оқушыларға сөйлеу мәдениетін үйретіп қана қоймай,сөз өз ісі мен көрікті екенін жас кезінен ұғындыру қажет.Сабақ барысында жаттығулар істеп,оқушылар бір-біріне өз бойларыдағы ыстық лебіз-тілектерін арнады.Менде осы мақаладан алғаным көп болды

  21. Маржан

    Сөз бен мағына тақырыбындағы жарияланған сабақ ауқымды жазылған. Мұғалім оқушыларға тапсырмаларды жас ерекшеліктеріне қарай алған. маған сабақтын құрылымы ұнады.

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ