Ш. Құдайбердіұлы «Еңлік-Кебек» дастаны

10б-сынып Әдебиет

Сілтеме Әдебиет оқулығы , интернет көзі

Сабақ тақырыбы Ш. Құдайбердіұлы «Еңлік-Кебек» дастаны

Жалпы мақсаттар Білу: Ақынның дастандары туралы білу Түсіну: «Еңлік-Кебек» дастанының мазмұнын түсіну Қолдану: Көркем әдеби тілде мазмұндап айта білу

Түйінді идеялар Шынайы махаббат, тарихи оқиғалар, рулар арасындағы тартыс

Оқыту нәтижелері

1. Шығармалары туралы біледі. 2.Оны әдебиет теориясымен салыстыра алады. 3. Шәкірім шығармашылығына сыни тұрғыдан талдау жасай алады.

Көрнекіліктер Интербелсенді тақта, парақшалар, блум кестесі

Дереккөздер оқулық, дерекнама, сайт

zhmaСабақ барысы Уақыты Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті

Кіріспе

5 минут Топқа бөлу: тақырыпқа қатысты үш топқа бөлемін 1-топ. Зерттеушілер 2-топ.Тарихшылар 3-топ. Әдебиеттанушылар Үй тапсырмасын семантикалық карта арқылы сұрау Шәкәрімнің бірнеше өлеңін жатқа сұрау Оқушылар топқа бөлінеді. Топта өзара әрекет етеді.

Жаңаматериалдың тұсаукесері 2 минут Ой шақыру «Еңлік -Кебек» әнін тыңдату -Балалар, бұл ән кім туралы? -Иә, поэмадағы Кебектің бейнесін ашатын шумағы әнге арқау болған. Олай болса, бүгін Ш Құдайбердіұлының «Еңлік-Кебек» дастанына талдау жасаймыз. Оқушылар сыни тұрғыдан ойланады. Әркім өз ойларын айтады. Жаңа сабақтың тақырыбын ашады.

Қолдану 15 минут 10 минут 1-топ.Әдебиеттанушылар. Поэмаға жалпы талдау жасау үшін шығарманың композициялық құрылымына, кейіпкерлерге сатылай кешенді талдау жасайды, өлеңге, өлеңнің тіліне жалпы талдау жасайды, өлеңді ажарлайды, өлеңдегі құбылтуды талдап, айшықтауды табады. 2-топ.Зерттеушілер. «Еңлік-Кебек» дастанының жазылу тарихын, Мағауия Абайұлы поэмасы мен Мұхтар Әуезов пьесасын салыстыра қарап, поэмадағы жер-су атаулары туралы жұмыстарын талдайды. 3-топ.Тарихшылар. поэманың қысқаша жазылу тарихы мен мазмұнына талдау жасап, поэманың кіріспе бөліміндегі тарихи кезеңді суреттейді. Үш топқа махаббат тақырыбына презентация жасату. Презентация тақырыбын өздері қояды. Әр топ бірінші жеке жұмыс жасап, сосын жұппен талқылайды. Жұмыстарын сыныпқа жариялайды. «Мадақтау сэндвичі» арқылы топтар өзара шынайы бағалау жасайды

Қорытынды

10 минут «Май шам ойға жетелейді» 1.Кебек 2.Еңлік 3.Тауда қалған бала Оқушылар берілген тақырып бойынша монолог жазады. Жазылған монологты топ ішінде оқып, үздік жұмысты анықтап, ортаға «Автор орындығына» отырып оқиды. Қалған оқушылар авторға

Рефлек-сия Бағалау Үйге тапсырма 3 минут Чемоданға Еттартқышқа Қоқыс керекті әлі де оқуым керек жәшігіне ақпараттарды дегендерін керек салады салады емес, артық дүниені салады Бағалау парақтары арқылы оқушыларды бағалау Үйге тапсырма: «Еңлік-Кебек» дастанынан үзінді жаттау

Пікірлер7
  1. Фотима

    оқушылар монолог туралы білімдерін жетілдіруге керемет материал

  2. Айнұр

    Қортындысы жақсы тұжырымдалған. Ұнады.

  3. Амерканова Бакыт

    менің ойымша, бұл дастанды әрбір қазақ баласы оқып, түсіну қажет. керемет әдеби шығармалардың бірі,

  4. Лаззат

    Қазіргі жаңа ҚМЖ мына сабақтың элементтерін пайдалануға болады. Маған ұнады.Тақырып ашылған.

  5. Алмагуль

    Сабақтың қорытындысы жақсы ұйымдастырылған. Жалпы сабақта үш топқа бөлінген оқушылар өздеріне берілген тапсырмаларын орындап, сабақты жан-жақты талдап шығады екен. Бағалау әдісі де сай таңдалған.

  6. Ақниет

    Маған ұнады, керек дүние

  7. Елекбаева Ж

    «Май шам ойға жетелейді» бөлімінде 1.Кебек 2.Еңлік 3.Тауда қалған бала деген тақырып бойынша монолог жазуға берілген. Бұл оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуға арналған тапсырма. Сондай-ақ оқушылар монолог туралы, жазылу ерекшелігі туралы білімдерін тереңдетеді.

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ