М.Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда»

8 сынып Әдебиет

Сілтеме Әдебиет оқулығы интернет көзі

Сабақ тақырыбы М.Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда»

Жалпы мақсаттар Білу.М. Мақатаев туралы мәлімет беру.

Түсіну. Поэманың мазмұнын игеру

Қолдану.Ой-пікірін анық жеткізуге жетелеу

Түйінді идеялар Киелі. Тазалық. Қасиет.

Оқыту нәтижелері 1. Кейіпкердің іс-әрекетіне баға бере алады.

2.Поэманың мазмұнын игереді

3.Топта өз ойларын көзқарастарын қорғай алады.

zhmaКөрнекіліктер Суреттер, слайд-таныстырылым, постер, маркер, бағалау парақтары, қорап

Дереккөздер оқулық, дерекнама, сайт

Сабақ барысы Уақыты Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті

І.Кіріспе: 2 минут Топқа бөлу: тақырыпқа қатысты Оқушылар топқа бөлінеді. Топта

тірек сөздер арқылы үш топқа бөлу өзара әрекет етеді.

«Аққу», «Ана», «Табиғат»

ІІ.Үй тапсырмасы: 5 минут. Поэманың композициялық элементтері. Оқушылар өткен сабақ бойынша

Поэманың композициясы туралы не сұрақтарға жауап береді.

айтасыңдар?

Оқиға қалай басталады?

Оқиғаның байланыс қандай?

Оқиғаның дамуын қалай түсінесіңдер?

Психологиялық шегініс жасасақ,

ананың қандай көңіл – күйі берілген?

Оқиғаның шиеленісуі не?

Оқиғаның шарықтау шегі?

Оқиғаның шешімі?

Оқиға соңы? Эпилог.

ІІІ.Жаңа материалдың тұсаукесері Сөйлемдер банкісі

-Өзен де жоқ сыймаған арнасына, Жылға да жоқ даламен жалғасуға.

-«Адамның басы-Алланың добы» деген, қалай қарай тепсе, солай қарай домалайтын көрінеді.

-Арагідік назарын аударады,Төрт бүктеліп еденде қалған жарға.

-Қысқа таң, Бұлбұл үні. Көл бетінде Аққулар ұйықтап жатыр тербетіле.

-Жартастың бір жағы шың, бір жағы су… Тау іші қалың орман, жап-жасыл ну.

-Құс аппақ, айдын аппақ, нұр да аппақ,Аппақ нұр аппақ нұрға асылады.

-Екі аққу көлеңдейді қатар жүзіп, Күмістей айна көлге шыймай сызып.

-…Көзінен жас, көңілінен зар төгіліп, Болған жайтты келіні баяндады.

-Ақ төсек-аппақ айдын, аққу- бала, Жаралы аққу секілді жаттың ба, ана?

Мадақтау арқылы бағалау

— Балалар, «қасірет» деген не, «қасиет» деген не?

-Бұл екі сөздің бір-бірімен байланысы бар ма?

-Олай болса, бүгін біз сөз еткелі отырған шығарма “Аққулар ұйықтағанда» поэмасы — ана қасіреті туралы поэма. Бүгінгі сабағымызда «қасірет» пен «қасиет» туралы сыр шертеміз.

Әркім өз ойларын айтады. Жаңа сабақтың тақырыбын ашады.

ІҮ.Қолдану 20 минут Кезбе тілші әдісі

Студияға бір оқушы телефон соғады. Сол хабар бойынша үш топ хабардың бағдарламасын жасайды.

І топ — Телестудиядағы диктор. Оқиға туралы жиынтық ақпарат береді.

ІІ топ – Тілші: оқиға орнынан ақпарат ұсынады.

ІІІ топ – Тілші: куәгерден (жылқышы қарттан) сұхбат алады.

1. Жеке жұмыс 2 мин

2.Жұптық жұмыс 2 мин

4.Топтық жұмыс 10 мин

5.Қорғау 6 мин

Екі жұлдыз, бір ұсыныс бойынша бағалау . Бірінші жеке орындайды.

Екінші жұппен талқылайды.

Үшінші топпен толықтырып,

Өз жұмыстарын сыныпқа жариялайды.

Оқушылар екі жұлдыз, бір ұсыныс бойынша топтар өзара шынайы бағалау жасайды

Ү.Қорытынды Кеңейтілген тапсырма

І Сәйкестендіру

1.Теңеу А. Сұрқай ой, бозала таң, айдын көл, байғұс әйел, аппақ нұр.

2.Метафора В. Сүйіншісі бар дегендей, тамшысындай

3.Эпитет С.Айдын -төсек, ақ төсек-аппақ айдын,аққу-бала.

ІІ.Өлеңнен кейіптеуді табу, ережесін айту

Кейіптеу

ІІІ. Символ деген не? Поэзияда символға айналған бейнелерді ата.

Оқушылар жеке, топтық жұмыс жасап, үздік деген жауапты таңдап, анықтайды.

Өз тобының жауабын мұғалім ұсынған жауап үлгісімен салыстырып,топ мүшелері өзара бағалайды.

Оқушылар жазғандарын топ ішінде оқып, топ ішінде өзара бағалау.

ҮІ.Рефлексия Не ұнады? Не қиын болды? Ұсынысым

ҮІІ.Үйге тапсырма: Үзінді жаттау.

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Пікірлер18
  1. Асылгүл

    Сабақта әдіс-тәсілдері жақсы әрі тиімді қолданған. Мақсатқа сай сабақ жоспары құрылған.

  2. Камшат

    тақырып жан-жақты қамтылған, сабақтың құрылымы ұнады!

  3. Ырысжан

    Мұқағали Мақатаевтың рсы шығармасы өзіме қатты ұнайтын еді.Бұл сабақ өте түсінікті әрі қызықты жазылған деп ойлаймын Сабақ құрылымы ,мазмұны өте жақсы.

  4. Амерканова Бакыт

    Мұқағали Мақатаев атамыздың бұл поэмасын оқыған әр бір жанның бойына ерекше сезім ұялатады. Сабақ құрылымы керемет.

  5. Амерканова Бакыт

    Мұқағали Мақатаев атамыздың бұл поэмасын оқыған әр бір жанның бойына ерекше сезім ұялатады.

  6. Улпан

    Акиык акын Мукагалидын бул поэмасы оте жаксы жазылған. Сабакты тусиндируде осындай керемет жұмысты усынып отырган ужымга алгысым шексіз

  7. Сауле

    Бұл менің ең жақсы көретін тақырыбым. Сабақ жақсы құрылған.Рахмет сізге.

  8. Лаззат

    Бұл менің сүйікті тақырыбым. Керегімді таба алдым.

  9. Зейнегуль Касымбекова

    Бұрынғы ақын жазушылар ешкім жетпейді керемет

  10. Алмагуль

    Сабағыңыз керемет, жоғары деңгейде құрылған. Балаларға әрі қызықты, әрі түсінікті болады. Көптеген қызықты да тиімді әдістерді пайдаланған екенсіз. Шығарманың мазмұны да жан-жақты қарастырылған.

  11. гаухар

    Сабақ жоспарыңыздың құрылымы, сабақта қолданылған әдіс- тәсілдер дұрыс пайдаланылған.Поэманың мазмұны оқушы санасына жеткізуге тырысқан. Сабақ жоспарын қолдануға болады… Сізге шығармашылық табыс тілеймін.

  12. Нұрбану

    Уақытты тиімді қолданған.Сабақ жоспар кең көлемде алынған.Поэманы толық оқушыларға түсіндіруге барынша тырысқан.

  13. Абдуллаева Наргиза Хайдаровна

    Мұғалімнің тәжіріибелі мұғалім екені көрініп тұр,осындай мұғалімдер көп болса екен деймін . Үлгілі сабақтарды көбірек жарияласа екен.

  14. Азимбаева Аяулым Қалиқанқызы

    Сабақтың жалпы құрылымы өте жақсы. Әсіресе өткен сабақпен байланыс. Жаңа сабақтың ашылуы жақсы деңгейде деп ойлаймын. «Телестудиядағы диктор» оқушылардың қызығушылығын арттыратын дүние екен.

  15. Меруерт

    Блум таксономиясына сай құрылған. Кеңейтілген тапсырмалар деңгеймен берілген. Сабақ жоспары жақсы құрастырылған

  16. Анар

    Сабақтың мақсаты жақсы қойылған. Бірақ, осы сабақты оқып отырсам 45 минут ішінде үлгере алған ба екен деген сұрақ туды?! Осындай материалдар көптеп болса екен.

  17. Аяжан

    Сабаақтың құрылымы жақсы құрылған. Тек кейіпкерлер бейнесі ашылмай қалған. Кейіпкерлер бейнесін ашарлықтай бір тапсырма болса жақсы болар еді. Жұмысыңызға сәттілік!

  18. Botakoz

    Жақсы жазылған, тақырып жан- жақты қамтылған.

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ