Жыныс мүшесінің бұл орналасу ауытқушылығы жиі кездеседі. Жатыр мен қынап қабырғаларының төмен түсуі және түсіп кетуінің себептері: алдыңғы іш қабырғасы бұлшық еттерінің әлсіреуі, жамбас түбі бұлшық еттерінің құрылысы мен қызметінің бұзылуы босану кезіндегі шат аралық жердің жыртылулары, жатыр,сіңірлер аппаратының жас шамасына сәйкес атрофиясы және жамбас түбі бұлшық еттерінің әлсіреуі болып табылады.
Сондықтан да бұл ауытқушылық қарттық жиі байқалады, кейде іштен туа біткен жамбас түбі бұлшық етінің гипоплазиясы және оның иннервациясы бұзылған жағдайдағы тумаған әйелдерде де кездеседі.Әдетте қынап қабырғасының түсуі алдыңғы қабырғасынан басталады.Шат аралық жердің жыртылуы нәтижесінде табиғи тіреуіштік қасиеті жойылады, қынаптың алдыңғы қабырғасы төмендейді, өзімен бірге құық қабырғасын ала жүреді, жарықты төмпешік /цистоцеле/ пайда болады.
Қынаптың алдыңғы қабырғасы өзімен бірге жатыр мойнын тартады, соның нәтижесінде жатыр денесі сегізкөзге ауытқиды,жатыр ретроверзиясы, сосын ретрофлексиясы қалыптасады.Қынаптың артқы қабырғасының төмен түсуі және шығып кетуі өзімен бірге көтеншектің алдыңғы қабырғасын төмен түсіреді, төмпешік пайда болады/ректоцеле/.Қынап қабырғалары өзімен бірге жатыр мойнын тартады, ол көпке ұзарады.Жатырдың сіңірлер апараты жәйіліп әлсірейді,жатырдың төмен түсуі және шығып кетуі пайда болады.
Клиникалық суреттемесі.Қынап пен жатырдың төмен түсуі және шығып кетуі сипатталады:жүруі қиындайды, сегізкөз маңайы ауырады, ауырлық сезім пайда болады, көрші мүшелердің қызметі бұзылады.Науқас кіші дәретке жиі және ауырып шығатындығына, күшенгенде зәрін ұстай алмайтындығына шағымданады.
Жатырдың толық шығып кетуіне жедел түрдегі зәрдің тоқтап қалуына дейін /несеп жолының иілуі және қысылуы әсерінен/ әкеледі. Қуықтың толық босамауына, қалдық зәрдің қалып қоюына сәйкес несеп жолдарының жоғары қарай өрмелейтін инфекциясымен асқынады. Мұндай науқастар, әсіресе физикалық жұмысқа жарамсыз келеді.Шығып кеткен қынап пен жатырдың мойыны құрғайды, мүйізгектенеді, кейде қанайтын трофикалық жараға да айналады.
Анықтауы: Диагноз қою қиынға соқпайды және жарық төмпешігін қарап, сипалау арқылы жүзеге асады. Жатырдың толық түсуінде қынаптық тексеру барысында жатыр түгелдей сезіледі, оның түбі жыныс қуысынан тыс жатады. Егер жатыр түбі жыныс қуысының шегінен шықпаса, жарық қапшығында ұзарған жатыр мойыны сезіледі/жатырдың толық емес түсуінде/. Жара барлығында жұғындыны цитологиялық зерттеу немесе биопсия арқылы қатерлі ісікті теріске шығарады.
Емі: Жатыр мен қынаптың дұрыс орналаспауындағы барлық жағдайда ем міндетті емес.Симптомсыз-белгісіз өту жағдайында ем керек етілмейді. Жатырдың патологиялық иілуі мен бүгілуінде жыныс мүшесінің ығысуын туғызатын патологиялық процестер емделеді. Бұл жағдайда физикалық ем, батпақты ем,жатырдың дұрыс орналаспауын қалпына келтіретін гинекологиялық массаж жасалынады.
Қабыну ауруларын дер кезінде емдеу, кіші жамбастағы тыртықты-жабысу процестерінің алдың-алу ең маңыздысы болып табылады.Ретрофлексиядан шығарғаннан кейін жатырды қалыпты жағдайда ұстау мақсатында пессари қолданылады.Инфантилизмге байланысты жатырдың патологиялық иілуі мен бүгілуінде жалпы нығайту, физикалық емдер және жыныс гормондарымен ем жүргізіледі.
Жатыр мен қынап қабырғаларының төмен түсуі мен шығып кетуінің емі- консервативті, хирургиялық болып бөлінеді. Консервативті емі ең алдымен трофикалық жараларды емдеуден тұрады. Дәрігер белгілеген процедураларды аяжан өткізеді.Трофикалық жаралар көп жағдайда инфекцияланған, қанағыш келеді.
Сондықтан шығып кеткен қынап қабырғалары мен жатыр мойнын антисептикалық ерітінділер мен /фурациллин, калий перманганаты, сутегі асқын тотығының ерітінділері/ және зарарсыздандырылған материал мен жуады.Бұл процедураларды науқасты гинекологиялық креслода жатқызып жасайды.
Тазалап жуып болғаннан кейін түскен тіндерді дәкелі сүрткішпен құрғатады және түскен жатыр мойны мен қынап қабырғаларын орнына салып, түзетеді. Оған дайындалған эмульсия және антисептиктерге зарарсыздандырылған дәкелі тампон қойылады. Тампон өлшемі қынап сиымдылығына байланысты. Мұндай процедуралардыкүнделікті, жараның толық жазылуына дейін жасайды /7-10рет/
Хирургиялық шара жасауға қарсы көрсетпелер байқалса, /жасының келуі, соматикалық ауыр түрдегі ауруларының болу/ немесе науқастың өзі операциядан бас тартса, қынап пен жатырдың қабырғаларының шығып кетуінен сақтау үшін резеңкі немесе пластмасса дөңгелектерін /пессарийлер/ қолдануға болады.
Зарасыздандырылған дөңгелекті бүйірімен қынапқа салады, сосын оны қынапқа кесе-көлденең етіп жамбас түбіне орналастырады.Дөңгелекті қайнатып зарасыздандырады. Дөңгелекті киіп жүру қынапты инфекциялауы мүмкін, ойық жаралардың пайда болуына әкеліп соқтырады.
Сондықтан күнделікті тазаланып-шайыну және жүйелі түрдегі қарау жұмыстары қажет. Түскен тіннің қыстырылып қалуына және ісінуіне байланысты зәрдің жедел түрдегі кешігуі байқалады, бұл жағдайда зәрді қате термен шығарады.Қуық қабырғасының түсуі мен үрпінің /уретра/ иілуінде ерлер қатетері қолданылады. Оны кіргізгенде иілген жерін сегізкөзге қартып ұстау керек. Зәрді шығанғаннан түскен жыныс мүшесін орнына келтіруге болады.
Емдеудің хиругиялық әдістері төмен және шығып кеткен жатырды, сонымен қатар қынапты қалпына келтіру үшін қолданылады. Оперативті емнің әр түрлі әдістері бар. Көп таралған түрі:леваторопластикалы қынапты алдыңғы және артқы қабырғасының пластикасы, сонымен қатар «манчестрлік » операциясы, онда жатыр мойнын ішкі ернеу тұсында кесін, ампутация, кардинальды сіңірді қысқартып, қатайту көзделеді.
Жатырдың толық шығуында оны қынаптық жолмен кесу /экстирнация/ қажет.Кәрі және асқынған соматикалық науқастарға орташа кольпоррафия жасалады, онда қынаптан тік бұрышты пішінді етіп лоскугтар-қиық не кесіңді алынып, оның алдыңғы және артқы қабырғаларын жамау болып табылады.Жатыр мен қынап орналасуының алдың-алу әйел өмірінің барлық кезеңдерінде жүргізілуі тиіс.
Балалық шақта ішек пен қуықтың мезгілінде босатылуын қадағалау қажет, өйткені бұл мүшелердің жағдайы жатырдың орналасуына әсер етеді.Қыз баланың гигиеналық режимін сақтау физикалық қиыншылықты болдырмауды қажет етеді/ауыр нәрселерді көтермеу /дене шынықтыру мен спортпен айналысу организмнің дені сау болып қалыптасуына ықпал етеді.
Бала босану жасында ішкі жыныс мүшесінің дұрыс орналаспауының алдын-алу, босану кезіңдегі әйелге көрсетілетін көмекті дұрыс ұйымдастыру, босану процесін дұрыс өткізу, босану жарақаттарының алдын-алудан тұрады.Бұл жағдайда әйелді босандыратын аяжанның алатын рөлін бағалау қиын.
Шат аралық жердің жарығын қалпына келтіру мезгілінде және толық жүргізілуі тиіс.Босанған әйелдің режимін сақтау, оны күту шат аралық жер жарасының түгелдей толық жазылуына, жатырдың дұрыс инволюциясына /кері дамуы/ әсер етеді.
Анамнезінде шат аралық жердің жарығы, яғни жыртылуы бар, сіңірлер созылуы мен бұлшық ет аппаратының әлсіздігіне бейім жағдайларда ауыр нәрсе көтеруге болмайды, бандаж тағуды,гимнастикалық жаттығуларды жасауды талап етеді.Әйелдер еңбегін қорғаудың маңызы зор. Әйелдерге ауыр жұмыстарды істеуге, ауыр нәрселерді көтеріп тасымалдауға болмайды. Мезгілінде жасалған алдын-алу шаралары ішкі жыныс мүшесінің орналасу ауытқуларының алдын-алуға мүмкіндік жасайды.
Жыныс мүшесінің төмен түсуі мен шығын кетуіндегі еңбекке жарамсыздық экспертизасы. Уақытша еңбекке жарамсыздық оперативті шара жасағандағғболған күндеріне және одан әрі амбулатория жағдайында толық айығын кеткенге дейінгі күндеріне беріледі.Опеациядан кейін 6 ай көлемінде жұмысқа орналастыру қажет.
Бұл жағдайда шамадан тыс салмақты қажет ететін жұмыстар, ауыр заттарды көтеру, ұзақ жүрістер, аяқта көп тұратын, іс-сапармен байланысты жұмыстар болмауы тиіс. Оперативтік ем қолданылмайтын кейбір сирек жағдайларда мүгедектік беріледі.
Жатыр мен қынаптың дұрыс орналаспауы және оның түрлері.
Жыныс мүшелерінің дәнекер және кіші жамбастың шел клеткасы.
Жатыр мен қынаптың қосарлануы дегеніміз не және оның емі.
Жатыр мен қынаптың даму ақаулығын қалай емдейді.