Нұрлы жол-көшімен мәңгілік ел шыңына

Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев — тың 11 қарашада жария еткен «Нұрлы жол — болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыруда. «Опорный орта мектебі» халыққа түсіндіру мақсатында жиын өткізді.

Жиынға мектептен 75 адам қатысты.

Мектеп директоры З.Бектембаева күн тәртібіндегі қаралатын мәселе туралы таныстыра отырып, Жодауды талқылауға шақырды.

Жалпы Жолдаудағы құндылықтарға тоқталып ел бірлігі туралы, ұлттық тарихымызды ұлықтау туралы, жалпы тұрақтылық жайлы айтып Қазақстан қоғамының ұлы құндылығы — мәңгілік ел болып табылатындығын баяндады.

Сонымен қатар Қазақстанның шыққан шыңы, бағындырған биігі оқушы білімі екендігін нақтылап түсіндірді.

SZSHЕлбасы Жолдауына қолдау білдірген мектеп ұжымы мүшелері де үн қосты.

– Жаңа Жолдауға Қазақстан дамуының жаңа экономикалық стратегиясы туралы айтылған, онда жолдың барлық түрлеріне назар аударылғаны және маңызды жолдар салу туралы тапсырмалар берілді. Әрине жол экономикалық дамудың қайнар көзі деп білемін.

Ауыл жолдары, қала жолдары, дала жолдары туралы өзекті мәселені көтерді деп тарих пәні мұғалімі Н.Кенжеғұлова өз пікірін білдірді.

– «Нұрлы жол» Жолдауында тарихи кезеңдерді көрсете білді. Еліміздің аман — есен шығуының алдыңғы шарттарын қарастырған мәселе қазіргі жаһандану заманында әлемнен бөліп алмай, Қазақстан өзін — өзі қорғауға қол жеткен ел ретінде танылып келетіндігін көрсетті.

Өзге шет ел адамдары да қолдау көрсетуде деп мектептің оқу ісі меңгерушісі Қ.Жиенбетова үлкен сенім білдіре сөйледі.

Сондықтан бұл жолдау біздің еліміздің жаңаша өркендеуіне жол ашатынына математика пәні мұғалімі К.Тоқсанбаева, орыс тілі пәні мұғалімі С.Ихсанова т. б ұнамды ойларын білдірді.

Жиын соңында мектеп директоры З.Бектембаева ұжым мүшелерінің ұтымды пікірін тыңдап, еліміздің амандығына сәттілік тіледі.

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Добавить комментарий


ErKeTai.KZ