Түсіну дәрежесін бағалау (Биология)

Оқушылар зерттеушілік әңгімеге тартылғанда, өз ойларын дауыстап айтады; болжамдар ұсынып, талқылайды. Талқылау кезінде олар «мүмкін», «егер», «бәлкім» деген сияқты сөздерді қолданып, өз идеясын дәлелдеу үшін «сондықтан» деген сөзді пайдаланып, топ тарапынан қолдау қажет болғанда «Солай емес пе?» деген сұраққа сүйенеді.

Биология сабақтарын жоспарлау барысында  сабақтың кезеңдеріндегі  тапсырманы оқушы жете түсінуі үшін және ойлауын дамыту үшін сұрақтардың маңызына ерекше мән беріп,  зерделедім.

Мысалы  жаңа тақырыпқа түсу үшін көрсетілген «Жорғалаушылардың тіршілігі» туралы бейнебаяннан кейін оқушыларға:  -Бейнебаян не туралы болды? Сендер  бейнебаян көрсетілгенге дейін жорғалаушылар туралы  не білетін едіңдер? Көрсетілім бойынша сендерге не жаңалық болды? Айрықша таңғалдырған нәрсе болды ма? Қандай жорғалаушылардың түрлері аталды? Медицина эмблемасындағы жылан бейнесі қай кезеңде    қаланған екен?деген сұрақтар қойып, ой-пікірлерін білдім. Осы сұрақтарды қою арқы олардың өзіндік ойларының қалыптасуын,  көрген бейнені   көз алдарына қайта  жаңғырту арқылы (ес функциясы)   қысқа мерзімді ес бойынша қабылдаған ақпараттарын  өз ойларымен идеяларымен тұжырымдауы семантикалық жадыға сақталу үшін мүмкіндік береді. Сабақта оқушылардың нені үйренгенін бағалау үшін «Жыландар мен кесірткілердің ұқсастығы мен айырмашылықтарын  салыстыру, ерекшелігімен  танысу» тапсырмасын бермес бұрын мынадай бағыттаушы сұрақтар беремін: Жыландар мен кесірткелер бір кластың өкілі болғанымен өзіндік ерекшеліктері бар, қандай белгілері  бойынша ұқсас, кім  айтып бере алады? Қандай белгілері бойынша айырмашылық бар?

tauova0404Жауаптарын бақылай отырып, осы аталған белгілер бойынша топта «Тұжырымдамалық карта» жасақтау, постерге түсіру, қорғау тапсырмасын бердім. Тапсырманы  орындалу кезінде кімнің топта  көшбасшылық рөлін алғаны, талқылау кезінде басымырақ идеяны айтушыны, тапсырмалардың қалай бөлінгені, орындалуын сырттай бақыладым. Постер қорғау барысында тапырмасын өзі еңбектеніп орындаған оқушының жауабы сенімді дәлелдемелері нақты болып шықты. Осындай тапырмаға бағыталған сұрақтар негізінде алынған жауаптарын бақылай  отырып бағалаймын.

«Алтын балық аквариумы» кезінде   алтын балыққа арналған деңгейлік сұрақтар дайындадым. А деңгейінің сұрақтарына:

1.Жорғалаушылар қандай жануарларға жатады?

2.Жорғалаушыларды зертейтін зоология ғылымының саласы не деп аталады?

3.Жорғалаушылырдың қанша түрі белгілі?

4.Жорғалаушылардың жүрегі неше бөлімнен тұрады, атап бер? Крокодилде жүрегінде өзгешілік бар ма?

В деңгейінің сұрақтары:

1. Жорғалаушылардың тері жабындысынның ерекшелігін ата.

2. Жорғалаушылардың ас қорыту мүшелерін білесің бе?

3. «Жыланның уы тілінде » деген ұғым шындыққа жата ма?

4. Жорғалаушылардың сезім мүшелерінің ерекшелігін ата?

С деңгейінің сұрақтары:

1.Жорғалаушыларындың қан айналуындағы ерекшелік

2.Жүйке жүйесінің құрылысын ата?

3.Жорғалаушылардың көбею сызбасын айтып бер.

4.Жорғалаушылардың қосмекенділермен ұқсас және айырмашылық белгілерін сипатта.

Ортаға шығып» алтын балық» рөлін сомдауға бәрі құмар,  сондықтан оқушының білім  деңгейіне байланысты  деңгейлі сұрақтар құрастырдым.

Жекелеген оқушылардың қажеттілігіне байланысты   «Жеке ойлау уақыты «әдісі бойынша, «сыныбымызға   хат келді» дей отырып, жекелеген оқушыларға ұсынамын.

Хат тапсырмаларына:

Жорғалаушы денесі неше бөлімнен тұрады, ата.

Қандай жорғалаушыларды  білесің?

Қызыл кітапқа енген жорғалаушыларды ата?

Жорғалаушылар қалай тыныс алады?

Жорғалаушылардың маңызы туралы айт.

Жылан шаққан кезде қандай алғашқы көмек көрсетіледі? сұрақтар жазылады. Хатқа жауаптың ауызша немесе жазбаша жазуға болатыны ескертіліп, оқушының жауабы тексеріледі.

Қойылған сұрақтар тақырып бойынша түсіндіруге тырысқан ұғымдарыма қатысты жоғары  деңгейдегі  ойлауды қалыптастырғанын оқушылардың жауабы барысында байқадым.  Әдия есімді үздік оқушы алтын балық рөлін жақсы атқару үшін сабақ тақырыбы бойынша және өткен сабаққа да жақсы  қосымша ақпартаты оқып келгенін байқатты. Ол жауап бергенде сондықтан, сонымен қатар,  себебі деген жоғары деңгейдегі сұрақтар жауабына қатысты сөздермен бастап баяндап берді.

Жоғарырақ деңгейдегі  ойлауды қалыптастыру үшін  мынадай  сұрақтарды негізге алуға болады:

— Жорғалаушыларддың тұжырымдамалық картасын жасау үшін ттірек сөздерді қалай пайдаландың?

-Жорғалаушылардың қосмекенділермен салыстырғанда көбею сызбасында ерекшелік бар ма? Түсіндіріңіз?

-Жыландар мен кесірткелер қандай белгілері бойынша ұқсас?

— Тұмсықбастылар отрядының өкілі гаттерияның басқа отряд өкілдернен айырмашылығы неде?

— Улы жылан шаққан кезде көрсетілетін  алғашқы көмекті білесіңбе? Неге бұл маңызды?

Алдағы уақытта сабақтарымда  сұрақтардың сапасына  және  дұрыс жоспарлануына мән беру керектігін түсіндім.

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Пікірлер5
  1. Калбиби

    Оқушылардың зерттеушілік дағдысын дамытуға арналған тапсырмалар қсынған әріптесімізге алғыс білдіремін. керемет

  2. Санбаева Нурзия Жалғасқызы

    Түсіну деңгейлерін әртүрлі тапсырмалар, сұрақтар арқылы біліп отырамыз. осыған сай тапсырмалар мен сұрақтар өз реттілігімен дұрыс қоюылуы қажет.

  3. Гүлнұр

    Жақсы жазылған.Балардың сабақты жете түсінуі үшін ең алдымен алдыңғы сабақты қорытып,сұрақтар жаңа сабақты топпен бірге ұйымдастырып,соңында қорытындылауға да болады.Бірақ бала бірсарынды сабақ процесінен жалығады.Осындай қызықты сəттермен адам көңілді болып,сабаққа ынтасы арта түседі

  4. Гулжайна

    Оқушылардың түсіну дәрежесін айқындау арқылы берілген білімнің сапасын анықтап аламыз. Түсіну деңгейлерін әртүрлі тапсырмалар, сұрақтар арқылы біліп отырамыз. осыған сай тапсырмалар мен сұрақтар өз реттілігімен дұрыс қоюылуы қажет.

  5. Жаныспаева Кымбат

    биология сабақтарын жоспарлау барысында сабақтың кезеңдеріндегі тапсырманы оқушы жете түсінуі үшін және ойлауын дамыту үшін сұрақтардың маңызына ерекше мән берілген. Ауқымды мақала жазылған.

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ