Сын тұрғысынан ойлауға үйретудің белсенді элементтерін пайдалану

Тақырыбы «Сын тұрғысынан ойлауға үйретудің белсенді элементтерін пайдалану»
Жалпы мақсат:Сын тұрғысынан ойлау-қадағалау ,тәжірибе, ойлану нәтижесінде алынған ақпараттың мағынасын тануда , оны бағалауда және талдауда аналитикалық тәсілдің қолданылуын көздейтін ойлау түрі екендігін түсіну.Сабақта сын тұрғысынан ойлау әдістерін қолдану жолдарын үйрену.

Оқытудың нәтижесі:Сын тұрғысынан ойлау-қадағалау , тәжірибе, ойлану нәтижесінде алынған ақпараттың мағынасын таниды , оны бағалауда және талдауда аналитикалық тәсілдің қолданылуын көздейтін ойлау турі екенін біледі.Сабақта сын тұрғысынан ойлау әдістерін қолдануды үйренеді.

Негізгі идеялар: Сабақта оқушыларға нақтылы тапсырмалар беру арқылы, оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын дамыту.

Сілтеме МАН; Ғаламтор материалдары; Оқытудың ұсынылатын әдістемелік тәсілдері
Дереккөздер Интербелсенді тақта, мәтін, ватман, маркерлер,стикерлер.

сын тұрғысынанОқыту әдістері: Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер
1.СТО
2.Топтық жұмыс
3. Жұптық жұмыс
4. Жеке жұмыс

Жұмыс түрі бөлінген уақыты коучтың
іс-әрекеті мұғалімдердің
іс-әрекеті
І.Топқа бөлу.
2.Мұғалімдерге психологиялық жақсы көңіл күй сыйлау 1 мин

І.Жемістердің суреттері бойынша топқа бөлу :
1. Шырынды жемістер
2.Құрғақ жемістер
ІІ. «Көңіл күйің қандай? » Топтарға бөлінеді.
Әр топ көңіл-күйін білдіретін суретті парақшаны көрсетеді.
Қызығушылықтарын ояту
Өсімдіктану: Жемістер
«Ортадағы қаламсап» әдісі: 5 мин І топқа: Шырынды жемістер туралы не білесің?
«Миға шабуыл» әдісі 5 мин

сын тұрғысынан ойлау биологияІІ топқа: Шырынды жемістер
1. Жеміс гүлдің қай бөлігінен пайда болады?
2. Шырынды жемістерге тән негізгі ерекшеліктерді атап бере аласың ба?
3. Шырынды жемістер неше түрге бөлінеді?
4. Қандай шырынды жемістерді білесің?
5. Қарбыз қандай шырынды жеміске жатады?
6. Жидек жемістерді атап бере аласың ба?
7. Жидек тәрізді жемістерге қандай жеміс түрі жатады?
8. Өрік, шие, алхоры, шабдалы қандай жемістер?
9. Картоп пен қызанақты неліктен жидек тәрізділерге жатқызамыз?
10. Шырынды жемістерден мәңгі жасыл ағаштың жемістерін атап бере аласың ба?
11. Тропиктік шырынды жемістерді білесің бе?
12. Ашық реңді, шырынды жемістер қалай таралады?-Жануарлармен
13. Шырынды жемістердің қандай маңызы бар? Топ мүшелері берілген тапсырманы орындауға топ болып ақылдасып, бірлесіп жұмылады.

ІІ. Мағынаны ажырату.
«Аукцион» әдісі
Әр топ 5 минуттан
Аукцион — көпшілік алдында кім артық төлем ұсынса, бұйым және т.б. зат соған сатылатын жария сауда. Ашық түрінде аукционшы лот нөмірін, бағасын алушылар/ жеміс-жидектер/ алдында жариялап, «кім көбірек», «кім артығырақ» деп сұрақ қояды, ал алушылар тауардың алғашқы бағасынан сату ережесінде белгіленген мөлшерден әрдайым арттырып, өз бағаларын атайды. Егер кезекті баға арттыру ұсынылмаса, сұрақ үш рет қайталанғаннан кейін, аукционшы балға соғып тауардың ең жоғарғы баға ұсынған оқушыға сатылғанын хабарлайды.
Бұл жерде сатылатын тауар -жемістер; Сатып алу үшін- осы жеміс жөнінде білімді, ақпаратты пайдалану. Көрсетілген жемістер бойынша білімдерін ортаға салады.
Бір – бірін тыңдайды, өз ойларын айтады.
сын тұрғысынан ойлау коучинг
Жануартану:Қосмекенділер класы
Қосмекенділерді дауыс арқылы дауысты ажырату;
Кейінгі тапсырма.
«Бейнематериалдар» әдісі
Деректі фильмнің үзіндісі
Деректі фильмді қарай отырып, ойлану, өз пікірлерін ортаға салу.
«Қолдағы сұрақ-жауап» әдісі 3 мин Оқушыларға сұрақтар мен жауаптар таратылады. Алдымен сұрақ оқылады, сәйкес жауабы бар оқушы белгі беріп жауабын оқиды.

«Суреттер мен фотосуреттер»
І -топ: “Құрбақаларға ескерткіштер”
ІІ топ: «Қосмекенділердің маңызы» Жұптарға суреттерді тарату. Оларға суретке байланысты туындаған барлық сауалдарды жазып алулары үшін уақыт беру. Төрт аса маңызды сауалды таңдау. Енді әрбір жұп өз суреттерін және аса маңызды 4 сауалды жазып, ортақ топқа көрсетіп үздік деген сауалдарды оқу
«Рөлдік ойын»әдісі
1-топ: Итшабақ пен Ересек бақа 2-топ: Балықтар мен қосмекенді тақырыптарын ұсыну Қатысушылар рөлдік ойынды көрсетеді.

ІІІ. Ой толғаныс. Оқуды қорытындылауы.

сын тұрғысынан ойлауға үйрету«Ассоциация» әдісі
Балық, су, Қызыл Кітап суреттерін беру. Ассоциация» әдісі арқылы осы суреттермен бүгінгі қосмекенділер тақырыбымен байланыстыра түсінік беру.
«Алтын балық» әдісі Қатысушылар тарапынан қойылған 3 сұраққа өз ойын нақты дәлел келтіре отырып айтады. Алтын балық рөліндегі мұғалім сұрақтарға сыни ойлана отырып, жауап береді
«5-5-1» әдісі

Берілген мәтін бойынша 5 сөйлем, сөйлемдерден негізгі ойды білдіретін 5 тірек сөз, бес сөзден 1тірек сөз жазу тапсырылады. 5 сөйлем, 5 сөз, 1 сөз жазып топта талқылау.
Кері байланыс «Плюс, Минус, Қызықты». стикерге жазуға ұсыныс білдіру; Өтілген коучинг бойынша ой пікірлерін білдіру және алдағы уақытта нені күтетіндерін анықтай отырып келесі жұмысты бастауға септігін тигізу;

Пікірлер11
  1. Аяжан

    жақсы жазылған маған ұнады

  2. Салтанат

    салеметсиздерме! сыни тургыдан ойлау адисин колданганыныз оте орынды!

  3. Ирода

    Осы әдістермен бөліскендеріңізғе рахмет

  4. Замзагуль

    Сабақта сын тұрғысынан ойлау әдістерін қолдану жолдарын үйрену үшін қажетті нұсқау болады.Сын тұрғысынан ойлау-қадағалау ,тәжірибе, ойлану нәтижесінде алынған ақпараттың мағынасын тануда , оны бағалауда және талдауда аналитикалық тәсілдің қолданылуын көздейтін ойлау түрі екендігін түсін үшін өте қажетті болып табылады.

  5. Калбиби

    Сабақтың мақстаны жетуге бағытталған тапсырмалар оқушылардың жас ерекшеліктері мен психологиялық жағдайларына сәйкес құрастырылған. сонымен қатар, оқушыларды білімге қызықтыруға негізделген белсенді әдістер қолданылған. керемет

  6. Майра

    Сыни тұрғадан ойлау әдістерін қолдану әдістерін көрсеткендеріңіз үшін рахмет

  7. Камалова К.Ж.

    Жоспар жоксы құрылған.Тәжірибе алмаса аламын

  8. Сайрангул

    Рахмет сізге осындай әдістермен бөліскенінізге!мен жас маманмын сто окыдым бірак практика маныздыгой оны білесіздер мен айпайак,кунделикті сабак жоспарында осы сто бірнеше әдісімен жұмыс жасаймын.Сіз маған бул әдістер кермет нәтеже беретінін сіздін мақаланыз арқылы оданда сенімді бола тускендей…..

  9. Гулжайна

    Сабақта сын тұрғысынан ойлау әдістерін қолдану жолдарын үйрену үшін қажетті нұсқау болады.Сын тұрғысынан ойлау-қадағалау ,тәжірибе, ойлану нәтижесінде алынған ақпараттың мағынасын тануда , оны бағалауда және талдауда аналитикалық тәсілдің қолданылуын көздейтін ойлау түрі екендігін түсін үшін өте қажетті болып табылады.

  10. Гулжайна

    Сыни тұрғыдан ойлау, сөзсіз оқушылардың ғылыми-танымдық көзқарастарын кеңейтеді. Тек теориялық білім ғана емес, күнделікті өмірде практикалық тұрғыдан «алған білімді қалай пайдалана аламын» деген сұраққа оқушы жауап бере отырып жұмыс жасауы қажет.

  11. Анар

    7 модульдің ішіндегі ең тиімдісі, әрі дәстүрлі сабақтармен байланысы бар модульдердің бірі осы Сыни тұрғыдан ойлау модульі.

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ