Раушангүлділер тұқымдасы

Сабақ № 43 Пәні: Биология Сынып: 6 «Б»

Сабақтың тақырыбы §43. Раушангүлділер тұқымдасы

Сілтеме: Жоспар, арнайы суреттер, «Биология» оқулығы, Activ Inspire, үлестірме материал, «Биология» жұмыс дәптері (Құрманғалиева Ж.), Мұғалімдерге арналған нұсқаулық

Ресурстар: Мазмұнды сызба (постер), түрлі-түсті маркерлер, раушангүлділер тұқымдасының көптүрлілігі суреттері, таратпа материалдар, кеппешөптер,ұлғайтқыш құралдар.

Негізгі мақсаты: Раушангүлділер тұқымдасын теориялық, практикалық тұрғыдан меңгерту. Оқушылардың бірлесіп жұмыс жасауына, тәуелсіз ойлауына ықпал ету.

Міндеттері

1. Раушангүлділер тұқымдасын және оның маңызын түсіндіру;

2. Оқушылардың есте сақтау және ойлау қабілеттерін дамыту;

3. Оқушыларды табиғатты қорғауға, салауатты өмір салтына тәрбиелеу.

Түйінді идеялары Раушангүлділер тұқымдасының алуантүрлілігімен таныстыру, маңызын түсіндіру.

Нәтиже: Раушангүлділер тұқымдасымен танысады, тіршілік формасын ажырата біледі. Оқушылар жалпы мақсатқа жету үшін бірлесіп оқиды, өз бетінше ізденеді, өз білімдерін тексеріп бағалайды, достық қарым — қатынас жасайды, білімдерін нығайтады.

Алдыңғы оқу: Гүлдің құрылысы және жемістер тақырыбы бойынша алған білімдерін еске түсіреді.

Сабақ кезеңдері

tusipzhanovaҰйымдастыру: Ынтымақтастық атмосферасын құру. Амандасу, сынып оқушыларын түгендеу, топқа бөлу, ынтымақтастық атмосфераны құру, бағалау ерекшеліктерін түсіндіру.

Психологиялық сәт

Айналаға алақанмен

Жылулықты шашайық!

Сәттілік тілеп, күлімсіреп,

Біз сабақты бастайық! Жемістерді таңдау арқылы 4 топқа бөлінеді:

І топ: «Алма»

ІІ топ: «Таңқурай»

ІІІ топ: «Шие»

ІV топ: «Итмұрын»

Білу

«Қаламсап ортада», «Телеграмма» әдістерін пайдалана отырып үй тапсырмасын тексеру.

1 – тапсырма.

1. Не себепті жабықтұқымды өсімдіктер деп аталады?

2. Жабықтұқымдылардың көбею мүшесі?

3. Қосарланып ұрықтануды түсіндір?

4. Орамжапырақ тұқымдасына жататын өсімдіктерді ата

2 – тапсырма. Үлгерімі төмен оқушыларға карточка тарату.

Жабықтұқымдылардың ______түрі бар. Гүлде _______ мен _____ жетіледі.Шаршыгүлділер

тұқымдасына ________ өсімдіктер жатады.Орамжапырақтар тұқымдасының тостағанша саны _____.

Қаламсаптың иесі сұрақтарға жауап береді

Жеке тапсырма берілген оқушы өз бетінше жұмыс жасайды.

Түсіну

Тақырыпты ашу мақсатында пазлды құрастыруды ұсынады. Көрнекіліктерді пайдалана жаңа тақырыпты түсіндіру.Пазлды құрастыру арқылы, тақырыпты ашады.

Әр топ атауына сай жеміске сипаттама береді, мазмұнды сызбаға ізденген мәліметтерін түсіреді, қорғайды

FACTS — (нақты мәліметтер, деректер); IDEAS — (жаңа ой, жаңа пікір, идеялар) ; LEARNINGISSUES — (зерттеуді талап ететін сұрақтар); ACTION PLAN — (шешімі, іс-әрекет жоспары)

Өсімдік аты, мекен-жайы, неше жылдық, түрі, жемісі, т.б. мәліметтермен сипаттайды

Ол өсімдіктен не алынады, қолданылуы

Не себепті дәрілік мақсатта қолданылады? Құрамында қандай заттар бар?

Қандай ғылым салаларында қолданылады, табағаттағы және адам өміріндегі маңызы

Қолдану «Зертханада» әдісі

№ 23 зертханалық жұмысының орындалуымен таныстырады

Тақырыбы: Раушангүлділер тұқымдасы гүлдерінің құрылысы мен жемісі

2 – тапсырма. «Тұқымдасын тап» Интерактивті тақтада берілген тапсырмаларды орындайды.

Талдау

Жинақтау

«Сұрақтар қалпағы» әдісі

Қалпақта берілген сұрақтарға әр топтан оқушылар шығып жауап береді.

Бағалау: Топ жетекшілерінің бағаларын негізге ала отырып, бағалар қойылады

Үй тапсырмасы §43 оқу, мазмұндау. Қосымша іздену

Пікірлер2
  1. Калбиби

    Сабақ жүйелі түрде құрылымдалған. Сабақта қоданылатын ресурстар да оқушылардың білімге деген қажеттіліктерін қанағаттандыруға негізделген. Жарайсыз

  2. Гулжайна

    Биология пәні бойынша Раушангүлділер тұқымдасы тақырыбында келесідей ресурстарды: мазмұнды сызба (постер), түрлі-түсті маркерлер, раушангүлділер тұқымдасының көптүрлілігі суреттері, таратпа материалдар, кеппешөптер,ұлғайтқыш құралдарды пайдаланудың тиімділігін байқадым.

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ