Өзін-өзі реттеу

Атырау облысы Махамбет ауданы
Қ.Қарашаұлы атындағы Сарайшық орта мектебінің мұғалімі
ТАУОВА НҰРСҰЛУ РАУЛҚЫЗЫ
Тақырыбы: Өзін-өзі реттеу.
Егер адамдар не істеу керек екендігін білу үшін тек өзінің іс-қимылдарының әсеріне ғана сүйенсе, оқу ерекше жалықтыратын, тіпті қауіпті болар еді. Көбінесе адамның мінез-құлқы бақылау, модельдер құру арқылы зерделенеді: басқаларды бақылай отырып, жаңа мінез-құлық қалай қалыптасатынын түсінуге болады және кейін бұл кодталған ақпарат іс-әрекет жасауға басшылық етеді.
(Bandura, 1977)

tauova0404

Мектептегі биология сабағы барысында әртүрлі оқу жағдайындағы яғни, дарынды оқушы мен үлгерімі төмен оқушыны бақылай отырып, өзіндік жұмысын, бірлесккен топтық жұмыстағы әрекетін, барлық сыныпқа арналған сұрақтар мен жауаптарға назар аудару деңгейін зерделедім.Таңдап алған екі оқушыма төменде көрсетілген кестеге сәйкес келетін тұжырымдар бойынша орналастырдым.

tt-1

Өзімнің сабағым бойынша  сыныпта  өзін-өзі реттеуді дамытуға  жағдай жасайтын жаңа әдіс жоспарлай отырып, сабақ барысында  қолдандым.

Өзін-өзі реттеуді дамыту әдісінің  жоспары:

tt-2

Негізгі алғы шарт мұғалімдердің қолданған әдіс-тәсілдерінің оқушылардың метатанымдық немесе өздігінен реттелетін оқуын дамытуға ықпал ететіндігі болып табылады. Оқудың дамуы барысында жетекшінің қолдау көрсетуінің түрі мен деңгейі өзгеріп отырады, сонымен бірге түрткі болу, бағытталушылық, дамудың тұжырымдамалық негіздерінің тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында түрленеді. Оқудың дамуы барысында оқушыға жол көрсету біртіндеп азайтылуы қажет, себебі оқу үдерісін дамыту арқылы оның мәні де айқындала бастайды: оқу тәуелсіз сипат алып, өздігінен реттелетін болады.(42 бет)

Өзін-өзі реттеуді дамыту әдісінің  жоспары негізінде алдымен мұғалім тарапынан мәдениеттілік қажет екендігін сезіндім,  сонымен қатар оқушымен тең серіктес ретінде жұмыс істей отырып оқушылардың эмоциялық сенім мен қауіпсіздікті сезінуіне психологиялық түрде кеңес бердім. Оқушылар  сыныпта  мұғаліммен сенімділікте  жан дүниесі тыныш болғандағана   оқу бет бұра алады.Бұл  Марта Бронсон (2002) айтқан  баланың өзін-өзі реттеуінің эмоциялық өзін-өзі реттеу: «эмоциялық зият» саласы  болып табылады. мұғалім тарапынан  балардың алдына қол жеткізе алатын проблема қою, мысалы сабақ барысында жетістік критерйлерін оқушыға ұсыну және мұғалім тарапынан тапсырманы орындау кезінде  қолдау көрсету яғни, Выготский көрсеткен ЖАДА аймағында көпіршенің міндетін атқардым. Атап айтқанда   оқушыларға тапсырманы орындау барысында бағыттаушы  жауаптар ,  дұрыс сұрақ қоя білуга  үйрету,  әдіс тәсілдерді дұрыс таңдай білуге бағыттадым. Қалай оқу керктігін үйрену  барысында оқушы кеңесіне құлақ түре отырып, оқушылармен білім беру мәселелері жөнінде пікірлесу олардың өзін-өзі реттеуін дамытуға алып келеді.Сондықтан «Оқушы үні» деп аталатын дәптер аша отырып, оқушылардың кеңесіне, «Екі жұлдыз, бір тілек» кері байланыстан  оқушы тілегін назар аудардым. Оқудың дамуы барысында  оқушыға қолдау көрсету азайтылып, оқу тәуелсіз сипат алып, өздігінен реттелетінін төртінші сабақта байқадым, оқушыларым уақытты тиімді пайдалануға, топта, көшбасшыға бағына отырып, ынтымақтаса жұмыс жасауы, әдіс-тәсілдердің қарапайым болуына қанағаттанбай,  күрделіліке ұмтылуы.  Ақыр соңында оқушы еш қолдаусыз тапсырма барысында өздігінен бағыт алып, проблема мен мақсаттарды өздігінен айқындай отырып, мақсатқа жету үшін әдіс -тәсілдерді  өздігінен таңдай бастады.

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Пікірлер4
  1. Германова Домна

    Биология менің сүйікті пәнім және осы мақаланы оқығаныма қуаныштымын. Онда мен үшін көптеген пайдалы ақпарат бар. Осы мақалада берілген ақпарат белгілі бір білім алу үшін өте қажет, сондықтан осы материал үшін көп рахмет!

  2. Калбиби

    Сабақ құрылымында оқушылардың қажеттіліктеріне қарай саралау тапсырмалары ұсынылған. Яғни, қолдауды қажет ететін оқушыларға тапсырманы орындау барысында қиындық тудырмайтындаай психологиялық жағдай қарастырылған. сабақ керемет құрастырылған

  3. Гулжайна

    Аталмыш жоспар тиімді жасалған секілді. Өйткені оқушы мұғалім көмегінсіз тапсырма барысында өздігінен бағыт алып, проблема мен мақсаттарды өздігінен айқындай отырып, мақсатқа жету үшін әдіс -тәсілдерді өздігінен таңдай алуға мүмкіндік алады

  4. Акбота

    Нұрсұлу Раулқызы,жоспарыңыз жақсы екен!

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ